Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 2771 0 пікір 6 Желтоқсан, 2010 сағат 06:21

Ырысбек Дәбей. Тумысы жарық жұлдыздар

«Бір күн өтсе жылайды бұрынғылар...». «Ай жаңасының» кезекті шағын материалын әзірлеп отырып, осы сөздің астарына еріксіз үңіледі екенсің.  Күн емес, айдың зырлап өтіп жатқанынына онша іш жимайтын өмірді «біз сүріп жатқанымызды» еске салатын ана бір сөзді айналып өткің келеді. Неге жылайды екен? Бұл енді басқа әңгіме. Біз желтоқсанда туылып, «мұнар болған күнді ашқан» ұлтымыздың ұл-қыздары туралы айтсақ...

Терезеден бұлдырап көрінген желтоқсанның шалқақ туған қияқ айы ойымызды онға бөлді. Желтоқсан. Ызғарлы желтоқсан! Үрей билеген алаңда қазақтың бұғалық түскен рухының бостандығы, мәңгілік азаттығы үшін қыршын ғұмырын тәрк еткен ұл-қызымызға тәу-тәу! Жаңа жылға ай бұрын арпалысып, сендердің қан мен жастарың жуған алаңда «шырайлы шыршаға» мастана қарайтын әумесірлігімізді кешіріңдер! Ақын Нұрлан Мәукеннің: «Қайран ата-бабам-ай, ат жалында кеткен арманы, от-жалында кеткен орманы...» дейтін өлеңіндегі өксік пен өкінішке толы баба арманы орындалған күннің мерейлі сәті желтоқсанның пешенісіне жазылмап па еді?! Неге біз тәуелсіздікке деген аса құрметті ауысар жылдың тасасында қалдырдық?!

«Алтайды өмірімде бір көре алсам, дәриға-ай, болмас еді ешбір арман...». Кешегі Гималай асқан қазақтың, отаны отқа оранған қазақтың зары еді бұл. Иесіз қалған қаймана жұрттың қанына құдайдың құзғыны тойған сонау жылдарды еске алып, Халифа Алтайдың ән сөзіне зер салар болсақ, бәлкім санамыздың саңылауы ашылар. Отан, тәуелсіздік деген қастерлі ұғымның қадіріне бойлармыз. «Өтіріктің балын жалап өмір сүргенше, шындықтың уын ішіп өл!» деген батыр Баукеңнің - Бауыржан Момышұлының адамзаттық қағидаты алдында талайымыздың шыбын жанымыз шырқырар. Біз өмірдің арзан қызығын басты мақсат-мұрат тұтқан ұрпақпыз. Құлқынның алдында біраз дүниелерімізді құрбанға шалғанымыз да сондықтан шығар. Әбіш Кекілбаевтың «Құс қанатындағы» кейуананың:  «...Тек асу-асу белдерге тартынбай тартып та кете алмай, кейіндегі ұлы қосын үлкен дүрмекке қайтып қосыла да алмай ұзын дәме, қысқа қол екі ортада шөре-шөре боп қалмасаңдар болды ғой»,-  дейтіні біз жасаған біраз қателіктің алдында көзжасын бұршақтай төккен тарих-ананың зарлы дауысы секілді. Үзіліп жеткен сол үнге ұйқымыз шайдай ашып, көрер таңды көзбен атыруға дәтіміз жетті ме? Әрине, жоқ! Тас бүркеніп ұйықтап қалдық. Етегі жасқа толған ананың зарын естімейтін құлақ, сезінбейтін жүрек бұл. «Басқаның баласын бауырға басқан» «Ұлы достықа» арқау болған арқа-жарқа халық бұл! Адам сезімдері мен сенімдерінің зертханасы тәрізді «үлкен үйде» отырып Фариза Оңғарсынова өлеңінің астарлы тұстарына үңілесің:

Бұл жерде әсте жат қалғып,

Сен болсаң - тұрсың қан ойнап.

Қазақтығыңды мақтан ғып,

Күрсіндің және абайлап...

Осындайда сұлу сөздің сүлейі, академик-жазушы Зейнолла Қабдоловтың ешкімге жалтақтамай, ұлтын ұлық тұтқан асқақ үні жаныңды жарылқайды-ау: «Бүгінгі Қазақстан бейнесіне ешбір шет мемлекет, ешбір ұлт мәдениеті өлшем бола алмайды». Бұның бәрі де Асқар Сүлейменовше айтқанда: «Орыс басқарған, орыс бастаған құрылымның кешесі де, келері де жалғыз окулярмен қаралады: орыстың санасы, орыстың тарихы, орыстың тағдыры, орыстың идеясы. Орыстың үғымында басқа халықтарда жұрттарда, ұлттарда тағдыр-тарих, идея-сана, болашақ-келешек жоқ. Болмайды. Бола қалған күнде жетім құлынның маңдайына не жазылды - сондай порция ғана бөлінеді. Шайпау бие болып үрпісіне жіберер де өзі, кеңкелес айғыр боп қайнайтын да өзі», - дегеннен туған ұлттық намыстың бурқанысы. Кемеріне келген ашу-ызаның жай тастар шағырмақ бұлты еді ғой. Соны неге естен шығарып алдық? Нүкеш Бәдіғұлдың:

Әй, жас ұлан, бір сәт құлақ түр маған,

Қор болмайды іні ағаны тыңдаған.

Саған айтар уайым бар, мазалап,

Көкірегімді көк шеңгелдей тырнаған,-

дейтіні тегіннен тегін емес. Ағаны іні тыңдамайтын, ініге ізет жоғалған қоғам азбай қайтсын?! Қазақы болмыс, ғасырлар бойы қалыптасқан ұлтқа, ұлысқа тән заңдылық «шұнақ бидің тұсында» «құр қызады делебе» болғанын қалай жасырайық? Бұра тартар бөтен күштің жанға салған жарасын айтшы! Саналы ғұмырын сарп етіп, осы халықтың жықпыл-жықпылын терең зерделеп, теңізден маржан сүзгендей асылын алдына салып берген қайран, Ақселеу! «Сарыарқадай» ән қайда? «Бозторғайы қоңыраулатқан, боз жусаны омырау қаққан...» жететін жеріне жеткіздің-ау сабазым! «Жылқының тостақтай көзінде ғана тұңғыйық шер болып қалған» боз әуеннің болдырған халіне не дейсің? «Оттай жанып, шоқтай қарып» адасқан әуендердің арасында көңілі тасыған «жайдармандардың» сайгүлік жанарына қатқан ұлы сазды «түбі бір сезінер» дегенге бар болсаңыз сіз де, жер басып жүрген біз де еш иланбас едік...

Өткен ғасырдың маңдайымызға жазған бақыты - қазақта не бар, соны Күлтегіннің көк мәрмәр тасқа қашаған жырындай бізге аманаттаған марқасқа ұлдардан кенде болмаппыз. Бүгінгі салғырт ұрпақтың асқақ рух алдындағы борышы жетерлік. Желтоқсан айында дүниеге келген тұлғаларымыздың аталы сөзін, кеудесін керген күрсіністерін «бір насихат айтайын-ғып» тізсек, тым ұзаққа кетер. Бұл айда туған қазақ қаламгерлерінің сайдың тасындай іріктелген марқасқалар екені төмендегі есімдерден де байқалар. Ғ.Ахметов Қ.Жұмалиев, М.Қаратаев, Ә.Шәріпов, Қ.Мұхамеджанов, З.Шашкин, Ә.Нұршайықов, Х.Есенжанов, Р.Бердібаев, Н.Ғабдуллин, А.Сейсенбек, Е.Әукебай, Қ.Дәрібаев, Д.Исабеков, М.Дүйсенов, О.Егеубай, К.Шілдебаева, Р.Қунақова, Т.Ахметжан, Ә.Бөпежанова, Н.Жүнісбай, С.Оспан, тағысын тағылар. Қалижан Бекхожинның сөзімен айтқанда «... Тумысы жарық жұлдызым, тұлғасы алып шың-құзым!» дегеннен басқа еш теңеу тілге оралмас.

«Қазақ әдебиеті» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2054