Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2141 0 пікір 7 Маусым, 2009 сағат 18:20

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ. Есімов Үмбетовтен неге үлгі алмайды?

Артық айтсақ та, айып көрмеңіз: Алматы сыра сасып барады! Кәдімгі сары сыраның иісі салқын самал ескен ару қаланың қоңыр кешін кеулеп алғанына айдан асты. Кісінің көңіліне көктеммен ілесіп кірген желік жасты да, жасамысты да көзжетім жердегі сыраханалар мен барларға жетелеп жатыр.
Былай қарағанға бұның ерсі ештеңесі жоқ, бірақ, біздің көздегеніміз beerman - сырақұмар адамның желікбасарына қызғаныш емес, яки тиын сауған кәсіпкерге кесір болғымыз келіп те отырған жоқ, басқа мәселе. Ешбір бақылаушы орын растап бермейтін деректерге сенсек, қазір оңтүстік астанада мыңға жуық ірілі-уақты, танымал-беймәлім сыраханалар бар көрінеді. Ал, жақында ғана белгілі болғандай, биылғы жазға қарай қаланың адам аяғы суымайтын  көшелерінің қос қапталына сыраны құйып сататын дүкендер саңырауқұлақша қаптай бастаған. Кімге күлкі, кімге түрпі, тыңдаңыз: біздің бір әріптесіміз өз үйінің іргесінде орын тепкен, арагідік қажетін алып тұратын дәріхананы келесіде таппай қалыпты. Аң-таң болып анықтаса, қожайыны дәріхананы жауып, орнына сыра дүкенін ашып қойыпты. Міне, сізге бейімделу! Сыраға қатысты тағы бір мәлім болған мәлімет былай дейді: қала көшелерінде жол ережесін бұзып ұсталған жүргізушілердің дені кемі бір саптыаяқ сыра ішкендерін мойындайды екен. Мұны МАИ-дағылардың өзі айтып жүр.

Алғы айтылғандарды дөңгелектесек, қазіргі дағдарыс жағдайында адамдардың жанкүйзелісінен дауа іздеп барар жері сыраханалар болып бара жатқанын аңғарасыз және үлкен қалалардағы ең өтімді сусынның қошқыл сыра екенін де сезесіз. Бұл, мәселенің бір жағы. Біз екінші жағын айталық: алматылықтардың сырақұмарлығын неге оң мақсатқа пайдаланбасқа деген ой туады. Мәселен, сыра аңсап барған Сізге қоғамдық демалыс орындары сап-салқын сары қымыз ұсынып тұрса… сырт айналып кетпесіңіз анық қой. 
Өкінішке қарай, Алматыда дәл қазір ол арман болып тұр. Қоғамдық орындар былай тұрсын, арнаулы дүкендердің өзінен қымызды іздеп табу қиын іс. Мысалға, қазір қымыз бен шұбатты тек «Көкбазардан» ғана таңдап іше аласыз, әрі мұндағы ағарғанның құны әркімнің қалтасына соғатыны тағы анық. Салыстырыңыз: базардағы бір тостақ қымыздың құны 100 теңге, ал оныңыз 150-200 грам ғана. Ал, бір литр қымыз 400-550 теңгенің аралығында. Енді қарсы уәжді естіңіз: Алматы сыраханаларындағы ең арзан «Жигули» сырасының 500 грамы – 100 теңге, ең танымал «Шымкент» сырасының саптыаяғы 120-160 теңге шамасында. Әрине, әсіресе саяси элита өкілдері сусындайтын салауатты сыраханалардағы бағаның жөні бөлек.
Дей келгенде, алматылықтардың сыраға құмарлығын шамалап түсінгендей боласыз, аңсарды алмастыратын балама жоқ. Ұлттық мақтаныш әрі дәрісіз дауа болатын қымыз бен шұбат былай тұрсын, тіпті айран мен құрттың өзін, әрине, таза сапалысын, санитарлық талапқа сай келетінін іздеп табу қиындау. Бұған алыпсатарға артық төлейтін ақшаны  қосыңыз…
Сонда не істеу керек?
Тағы бір үлгі ұсынайық: Алматыдан түйекөш жердегі Талдықорған қаласында біз бас қатырып отырған мәселе шешімін тауып, жолға қойылғалы бес жылдай болып қалды. Серік Үмбетовтың Алматы облысына әкім болып келе сала қолға алған ісінің бірі, облыс орталығында «Қымызханаларды» көптеп ашу болды. Қазір бір ғана Талдықорғанда он тоғыз арнаулы үй тігулі тұр. Онда тек қана дәстүрлі сусындар сатылады әрі ұлттық тағам түрлері ұсынылады. Қымыз бен қымыранның, шұбат пен шалаптың шынайы табиғилығы мен сапалық тазалығына шүбәсіз сенесіз, алдымен дәм татып көріңіз. Олай болатын себебі, Үмбетов бұл істі өз пәрменімен әр ауданның әкімдеріне жүктеп қойған. Әрине, аудан әкімдері алжапқыш байлап алып ағарған сатып жүрген жоқ, есесіне есінен шығармайды. Айраны ашып, қымызы сасып жатса, Серік Әбікенұлынан сыбағасын алады. Сондықтан шығар, әр аудандардағы жылқы мен түйе өсіретін шаруа қожалықтарының шағын қосыны қаладан арнайы бөлінген орындарда қара күзге дейін қонаққа қымыз бен шұбатты ұялмай ұсынады. Бір жағы елдің алдында абырой, дөңгленген бизнес, әрі салауаттылық салты һәм халал ниет. Ендеше…
Ендеше Есімов Үмбетовтен неге үлгі алмайды?

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5473