Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 2539 0 пікір 6 Желтоқсан, 2010 сағат 07:06

Дәуір Күнесбекұлы. Ой, осы өзбектерге не жорық, а?

«Қараша, желтоқсанмен сол бір екі-айдың» алғашқысы Арқа төсін алақұйын етті. Ауа-райы жылдағыдан жылы болғанын айтып шағымданбаңыз. Астананың саяси аурасы тым әудім-жәудім халге жетті. Бір ай емес-ау, расы, алты ай бойы ұйқысыз түн өткіздік десек те болатындай. Әрине, әңгіме ЕҚЫҰ-ның Астанада өткен Саммиті үшін. Елу алты елдің басшысы нөкерлерін ертіп келеді дегесін біздің жұртта дегбір қалсын ба. Өңкей ығай мен сығайлар. Сонымен мейманасын тасытып, жалпақ жұртқа жария қылып саммитті де өткіздік. Келгісі келгені келді, келгісі келмегені соңындағы қосшыларын жіберді. Бір ғажабы, жиылғандардың барлығы да қазақтың дархандығына тәнті болғандарын айтып, ырза сезіммен қайтқан секілді. Енді қайтсін, он бір миллион еуро оңай ақша дейсіз бе?.. Астана Саммитінің басты мақсаты декларация қабылдау болатын. Жыл бойы әзірленген құжатты да «үһ, жаным» деп жүріп қабылдаттық, әйтеуір. Егер осы құжат қабылданбағанда, ақшамыз желге ұшқаны былай тұрсын, досқа да, дұшпанға да күлкі боларымыз анық еді. Оны қойшы, Саммит туралы айтылар жыр әлі ұзаққа созылар. Біздің жеткізбегіміз, осы декларацияны қабылдаудың тым қиынға соққандығы. Сонда деймін-ау, жарым түнге дейін талқыланған бұл қандай маңызды жоспар-жосын? Журналистер маужырап, әуелі Президенттердің өзі қалғып-шұлғып ұзақ отырды. Бақсақ, біраз ел қырысып, кейінге тартыпты. Ресей басшысы жиынның көрігі қызбастан, тайып тұрды.

«Қараша, желтоқсанмен сол бір екі-айдың» алғашқысы Арқа төсін алақұйын етті. Ауа-райы жылдағыдан жылы болғанын айтып шағымданбаңыз. Астананың саяси аурасы тым әудім-жәудім халге жетті. Бір ай емес-ау, расы, алты ай бойы ұйқысыз түн өткіздік десек те болатындай. Әрине, әңгіме ЕҚЫҰ-ның Астанада өткен Саммиті үшін. Елу алты елдің басшысы нөкерлерін ертіп келеді дегесін біздің жұртта дегбір қалсын ба. Өңкей ығай мен сығайлар. Сонымен мейманасын тасытып, жалпақ жұртқа жария қылып саммитті де өткіздік. Келгісі келгені келді, келгісі келмегені соңындағы қосшыларын жіберді. Бір ғажабы, жиылғандардың барлығы да қазақтың дархандығына тәнті болғандарын айтып, ырза сезіммен қайтқан секілді. Енді қайтсін, он бір миллион еуро оңай ақша дейсіз бе?.. Астана Саммитінің басты мақсаты декларация қабылдау болатын. Жыл бойы әзірленген құжатты да «үһ, жаным» деп жүріп қабылдаттық, әйтеуір. Егер осы құжат қабылданбағанда, ақшамыз желге ұшқаны былай тұрсын, досқа да, дұшпанға да күлкі боларымыз анық еді. Оны қойшы, Саммит туралы айтылар жыр әлі ұзаққа созылар. Біздің жеткізбегіміз, осы декларацияны қабылдаудың тым қиынға соққандығы. Сонда деймін-ау, жарым түнге дейін талқыланған бұл қандай маңызды жоспар-жосын? Журналистер маужырап, әуелі Президенттердің өзі қалғып-шұлғып ұзақ отырды. Бақсақ, біраз ел қырысып, кейінге тартыпты. Ресей басшысы жиынның көрігі қызбастан, тайып тұрды. Оның нөкерлері де Грузиямен кикілжіңінің жігін жабуға құлшыныс танытпай, біраз уақыт келіспеген секілді. Оны да қойшы, ой, осы өзбектерге не жорық деймін-ау, а?! «Қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ» демекші, біз дегенде қашанда қыңырайып жүреді. Әйтпесе, тамам елдің көзінше қазақ атына сын айтып, отырып алмас еді ғой. Атам заманнан солай. Баяғы он сегіз, он тоғызыншы ғасырдағы қызыл қырғындарда балтырымыздан тартқандары әлі есте. Қызыл бас хиуалықтармен жұлысқанда, қоқаңдап қоқандықтар шықпап па еді бір бүйірден. «Жау жағадан алғанда, бөрі етектен» дейді қазақ мұндайды. Талай хан-сұлтандарымызды келісімге келген жерінен қамап алып, қан-қақсатқан да осылар. Төле бабаның сүйегі жатқан байырғы қаламыз Тәшкенді күні кеше алаштықтар астана қылайық деп еді-ау. Оны да ұмытып кеткеніне таңбыз. Жоңғарлар жосыла шапқанда Самарқаны мен Әндіжанынан пана таппай, ары босқан тұсында, қазақ баһадүрлері бастарын бәйгеге тігіп қорғамаса, көрер едік бүгінгі сықпытының қалай болмағын. Тәуелсіздік алғалы бері де өзге шекаралардан емес, тура осы «өзбек шекарадан» шу шығады. Есептесек, бізге қарата жиырма үші рет оқ атыпты. Талай отбасының қара жамылғаны, талай шаңырақтың орда бұзар азаматы мерт болғаны жан сыздатады. Оған быққан біз жоқ, «өз ағамыз ғой» деп өбектетеміз келіп. Қазаққа кеп жалданып, саудасы мен құрылысын салуға жарап жүрген алашапандыларды қолтығымызға тығып, жасырып-жауып жүретін халықтық кеңқолтықтығымызға болайын. Бала кезімізде әлденеге бұртия қалған бізге: «Өкпеселесң өкпең түссін!» деп зекуші еді үлкендер. Өзбектердің өкпесі не өкпе, тәйірі? Көреалмаушылық па, мысықтілеу ме, әлде іштерінде өліп жатқан иттің «иісі» осындайда шығып кете бере ме?

 

«Абай-ақпарат»

 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2054