Жұма, 29 Наурыз 2024
Әріптестің әңгімесі 3132 0 пікір 16 Қыркүйек, 2017 сағат 14:41

БАҚ өкілдеріне арналған тіл семинары: қандай қателік жіберіп жүрміз?

 

Билік және бұқара арасындағы байланыс пен елдің саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени дамуын насихаттау – журналистердің басты міндеті. Сонымен қатар қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне сай қызмет етуі мен оны дамытуда да БАҚ өкілдерінің маңызы зор. Осы мәселеге орай бүгін Астанада төртінші билік өкілдері үшін «Бұқаралық ақпарат құралдары және тіл мәдениеті» тақырыбында республикалық семинар-тренинг өтті, деп хабарлайды Абай-ақпарат

Шараны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырмасымен «Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» РМҚК ұйымдастырды.

Семинар-тренинг БАҚ өкілдерінің қазақ тіліндегі сөздік қорын жетілдіріп, сөз саптауын, тіл мәдениетін түзетуге арналады. Шараға тіл білімі және журналистика саласының білікті мамандарымен қатар телеарна, радио, газет, сайт тілшілері мен СММ менеджерлер қатысты.

Тыңдаушыларға кәсіби мамандар дәріс оқып, бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттік тілде ақпарат таратуы,  соның ішінде тіл нормасының сақталуы, сөйлеу мәдениеті, терминдердің ретті қолданылу мәселелері бойынша шеберлік сабақтарын көрсетіп, практикалық тапсырмалар берілді.

Елімізге белгілі терминолог Шерубай Құрманбайұлы «Бұқаралық ақпарат құралдарындағы сөз қолданысы» тақырыбында тренинг өткізіп, қазақ тілінің баспа бетіндегі бейнесін көрсетті. Дикторлардың орфоэпиялық норманы сақтамауы, редакторлардың тұрақты сөз тіркестерін дұрыс қолданбауы, аудармашылардың калька тәсіліне «төселіп алғандығын» мысалдармен дәлелдеп, тіл мәдениетін сақтауды және қазақ тілінің ережесін қатаң ұстануды үйретті.

Сондай-ақ, Ұлттық аударма бюросының үйлестірушісі, «Жас Алаш» газеті бас редакторының орынбасары Есей Жеңісұлы «Ақпарат айдынындағы қазақ тілі: қандай қателік жіберіп жүрміз?» тақырыбында сөз қозғаса, Қазақ радиосының жетекшісі Серік Сейітман эфирге қонақ таңдауда теле-радио журналистері ескеруге тиіс маңызды тұстарды түсіндірді. Сондай-ақ, «Til-audit.kz» сайтының редакторы Жасұлан Асқарұлы орталық және жергілікті атқарушы органдардың ресми интернет-ресурсындағы мемлекеттік тілдің ахуалы жайын баяндады.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1575
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2271
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3584