Сенбі, 23 Қараша 2024
EXPO - 2017 4861 3 пікір 25 Қазан, 2017 сағат 16:52

«ЭКСПО-2017» ұсынған 105 жоба жайлы ректорлар не дейді?

ҚР Үкіметінің баспасөз-орталығында өткен баспасөз-конференциясында «ЭКСПО-2017» көрмесінің нәтижелері мен ұсынылған баламалы қуат көздері мен жаңа технологияларды енгізу жолдары сөз болды - деп хабарлайды «Abai.kz» ақпараттық порталы.

Жиынның негізгі талқысы баламалы қуат көздерін енгізу және Халықаралық мамандандырылған көрме аясында іріктеліп алған ең үздік жобаларды жұртқа таныстыру болды.

Аталған жиынға Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және  инжиниринг университетінің ректоры Ахметов Берік Бақытжанұлы, Қостанай мемлекеттік педагогикалық иниститутының ректоры Әбіл Еркін Аманжолұлы, Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің ректоры Жәутіков Бақыт Ахатұлы қатысып, баяндама жасады.

Баспасөз-конференциясында белгілі болғандай, Халықаралық «ЭКСПО-2017» көремесінде ұсынылған 105 жобаның 10 шақтысы Қостанайда қолға алынып жатыр. Бұл туралы ҚМПИ ректоры Еркін Аманжолұлы айтты.

«ЭКСПО-2017 көрмесінің ең басты ықпалы бұл – біздің жастарымыздың экологиялық санасының жаңаруы мен зерттеу жұмыстарына деген қызығушылығын арттыру болса керек. Бүгінгі таңда ұсынылған 105 жобадан 10 шақты жоба таңдалып алынды. Олардың кейбірі облыс экономикасына бекітіліп жатыр. Кейбірі жоспарға енгізілген», - дейді Еркін Аманжолұлы.

Ректор мырзаның айтуынша, аталған 10 жобаның ішінде «Қостанай су» коммуналдық мекемесіне қатысты екі жобаның бірі – ауыз су арналарын тазартуға бағытталған жоба мен күн батареяларымен жабдықталған көше шамдарының облыс аумағында орнатыла бастауын атап өтті. Соның ішінде, қала шамдарын күннен қуат алатын құрылғымен жабдықтау жұмыстары Лисаковск қаласында қарқынды жүзеге асып жатыр екен.

Сондай-ақ, Қостанай Педогогикалық университетінің студенттері 150-ден астам жоба әзірлегенін айтты. Оның 15 оқу орны қаржыландырса, екеуін жеке инвесторлар көмегімен жүзеге аспақ.

Айта кетерлік жайт, ҚМПИ-дың  оқу ғимаратында орналасқан спорт залында баламалы қуат көзімен жабдықталған шамдар орнатылған екен. Соның арқасында Университет электр жарығына бөлінген шығында едәуір қысқартқан. Атап айтсақ, шығын көлемі 800 мың теңгеге дейін азайған.

«Біз қазір украиндық әріптестерімізбен бірге, Университет атынан келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Ол – терезе перделеріне фотоэлементтерді қолдану арқылы электр энергиясын алу жобасы. Осы секілді жобаларға жастардың құлшынысы артып келеді. Бұл ең басты жетістік десек болады», - деді Еркін Аманжолұлы.

«ЭКСПО-2017» көрмесі аясында ұсынылған 105 маңызды жобаны жүзеге асыруда Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті де қалыс қалған жоқ. Университет ректоры Бақыт Жәутіковтің айтуынша, қазіргі таңда Ресей, Финляндия мен Белоруссия ғалымдарымен энергия үнемдеу және жылыту құрылғыларын енгізу жөнінде тікелей келіссөздер жүргізіп, келісім жасалған.

«Германиямен де бірлескен жобаларды жүзеге асырып жатырмыз. Польша мамандары ұсынған көгілдір көмір жүйесі жылу қазандықтарындағы энергия шығынын азайтуға мүмкіндік беріп отыр», - дейді Бақыт Ахатұлы.

Сонымен қатар, Университет базасында «3D Engineering» жобаларды қолға алып, болашақ мамандардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына баса көңіл бөлініп жатыр екен. Университеттің жаңа оқу программасына күн және жел энергиясын алу құрылғыларын басқару әдістерін үйрену де енгізіліпті.

Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және  инжиниринг университетінің ректоры Ахметов Берік Бақытжанұлы «ЭКСПО-2017» көрмесінің аясында қол жеткізілген жетістіктің негізі – жаппай цифрландыру екенін атап өтті.

«Қазіргі кезде энергияның баламалы көздерін қолдану арқылы Университетке қажетті энергияның 1 пайызын біз өзіміз өндіріп шығарамыз. Келешекте бұл көрсеткішті 10 пайызға дейін жеткізсек деген жоспарымыз бар», - деді Берік Бақытжанұлы.

ҚР Үкіметінің баспасөз-орталығында өткен баспасөз жиынында көтерілген мәселелердің өзектісі осы болды. «ЭКСПО-2017» көрмесі аяқталғанымен, көрме аясында қол жеткізген келісімдерді жүзеге асыру, баламалы энергия көздерін табу және енгізу, атап айтқанда арнайы комиссия іріктеген 105 маңызды жобаның өңірлерде енгізу жобалары жүзеге асырыла бастады. Бұл қуантарлық жаңалық, әрине.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347