Айдос Сарым. «2010 жылдың сөздігінен»: Е-үкімет...
Тілтануда «саясат тілі», «баспасөз тілі» деген ұғымдар бар. Бұлар, қарап отырсақ, заманның ағысына қарай тез өзгеріп отыратын құбылыстар. Кезінде «ауатком», «обком» деген сөздер екінің бірінің аузынан түспейтін. Кеңестік жүйе құрыған бойдан бұл сөздер мен тіркестер де соларды нақыштайтын, айқындайтын ұғымдар мен құбылыстар да ғайып болды. Жаңа заманның жаңа түсініктер мен қатынастарды туғызатыны заңдылық. Олардың біразы тілге, дүниетанымға әсер етеді. Біразы тағы да жоғалады.
Бүгінгі күні де саясаткерлеріміз бен журналистеріміздің аузынан түспейтін, кең тараған сөздер жоқ емес. Әрине, олардың көбісі бұрыннан белгілі, айналымға енген. Алайда, саясаттың ағысына қарай, саясаткерлердің сайысына орай кейбір сөздер мен тіркестер тым жиі пайдаланып кететін кездер болады. Оның үстіне үкіметтің жұмысына, насихатына байланысты жаңа ұғымдар тілге еніп жатады. Мәселен, өткен жылдары «кластер» деген сөз шықты. Екі шенеуніктің бірі мазмұнын түсінсін-түсінбесін «кластер-кластер» деп «біраз тер» төгіп сөйлеп бақты. Ол бағдарлама орындалмай қалып «кластершілер» отставкаға кеткен бойда «кластер» де жоқ болды. Сол сияқты әрбір жылдың өз «жаңалықтары» бар. Заманды, оның ағысын, контекстін түсінгің келсе сол сөздер мен тіркестерді зерттеу, білу, оларды ұмытпау қажет сияқты.
Тілтануда «саясат тілі», «баспасөз тілі» деген ұғымдар бар. Бұлар, қарап отырсақ, заманның ағысына қарай тез өзгеріп отыратын құбылыстар. Кезінде «ауатком», «обком» деген сөздер екінің бірінің аузынан түспейтін. Кеңестік жүйе құрыған бойдан бұл сөздер мен тіркестер де соларды нақыштайтын, айқындайтын ұғымдар мен құбылыстар да ғайып болды. Жаңа заманның жаңа түсініктер мен қатынастарды туғызатыны заңдылық. Олардың біразы тілге, дүниетанымға әсер етеді. Біразы тағы да жоғалады.
Бүгінгі күні де саясаткерлеріміз бен журналистеріміздің аузынан түспейтін, кең тараған сөздер жоқ емес. Әрине, олардың көбісі бұрыннан белгілі, айналымға енген. Алайда, саясаттың ағысына қарай, саясаткерлердің сайысына орай кейбір сөздер мен тіркестер тым жиі пайдаланып кететін кездер болады. Оның үстіне үкіметтің жұмысына, насихатына байланысты жаңа ұғымдар тілге еніп жатады. Мәселен, өткен жылдары «кластер» деген сөз шықты. Екі шенеуніктің бірі мазмұнын түсінсін-түсінбесін «кластер-кластер» деп «біраз тер» төгіп сөйлеп бақты. Ол бағдарлама орындалмай қалып «кластершілер» отставкаға кеткен бойда «кластер» де жоқ болды. Сол сияқты әрбір жылдың өз «жаңалықтары» бар. Заманды, оның ағысын, контекстін түсінгің келсе сол сөздер мен тіркестерді зерттеу, білу, оларды ұмытпау қажет сияқты.
Бұл біз ашқан жаңалық емес. Аты әлемге әйгілі Ағылшын тілінің жаңа Оксфорд сөздігі (The New Oxford American Dictionary) жыл сайын тіл кеңістігіне кірген жаңа сөздер мен тіркестерді саралап отырады. Сөздіктің редакциясы дүниедегі ағылшынтілді баспасөзді, интернетті сүзіп отырып, айналымға енген жаңалықтарды қағазға түсіріп, оларға арнайы қажетті ғылыми аппаратын жасақтайды. Қай сөздер қай дәрежеде, қай салада көбірек пайдаланатынын айқындайды. Осының негізінде әр жылдың қорытындысы бойынша Оксфорд сөздігі рейтингтер жасайды. Мысалы, өткен 2009 жылы ағылшын тіліне енген «басты жаңалық» ретінде Интернет пен әлеуметтік желілерге қатысты «Unfriend» («доспаспау», «достықтан айыру») сөзі алғашқы орынға ие болды.
Осы үрдісті негізге ала отырып орыстың белгілі тілтанушысы, философы Михаил Эпштейн Ресейдің «Новая газета» басылымымен бірігіп «Орыс тіліне енген жаңа сөздер мен тіркестер» деген жобаны бірнеше жыл бойы іске асырып келеді. Мысалы, өткен жылдың нәтижесі бойынша, саясаткерлер мен журналистердің аузынан түспеген «перезагрузка» сөзі бірінші орынға ие болды.
Ал ағымдағы аяқталуға жақын 2010 жыл қазаққа, қазақ тіліне қандай жаңалық әкелді? Редакциямыздың ішінде ақылдаса отырып, жазылған мақалаларды саралай келіп, біздер төмендегі сөздер мен тіркестерді «2010 жылдың сөздігіне» енгізгенді дегенді жөн санадық. Бұл, әрине, ғылыми сараптама емес. Әркімнің аталған мәселеге өзіндік көзқарасы болуы ықтимал. Дегенмен, біздің пікірімізше, дәл осы сөздер жыл бойы саясаткерлеріміз бен журналистеріміздің аузынан түскен жоқ. 2010 жылдың «ауа-райын», «климатын» анықтайтын сөздер жалпы осылар сияқты. «2010 жылдың сөздігіне» қосар сөздеріңіз бен тіркестеріңіз болса форумдағы пікірлеріңізге қоса тіркеп, негіздеулеріңізге жол ашық! Қабыл алыңыздар!
Азиада. Соңғы екі-үш жылдағы атышулы тақырыптардың бірі. Біздің портал да осы тақырыпқа қатысты біраз мақала жазды. Азиаданың ойыншығына «Ырби» деген атау да бердік. Әнін де айттық, ақшасын да санадық. Ұнасын-ұнамасын 2010 жыл көп айтылып, көп талқыланған сөз «Азиада» болып тұр.
Блог. Өткен жылы Кәрім Мәсімов үкіметі шетінен блог ашып, «ашықтықтың» жаңа стандарттарын жасайық деп талпынып еді. Биыл, көз өтті ме, басқа болды ма, әйтеуір, «ашықтығы» тиыла бастағандай. Есесіне қазақ жастарының арасындағы интернетке, блог ашуға деген қызығушылық күн санап артып келеді. Осыған орай біздің портал «Ойтөбе» деген блог-тұғырды іске қосуға бел буып, біраз тіршіліктерді атқарып жатыр. Қазақ блогшыларының саны арта берсін дейміз!
Викиликс. Біраз уақыт бойы әлем журналистері мен саясаткерлерін алаңдатқан Ассандждың «туындысы» жылдың соңына қарай Қазақстанға да жетті. АҚШ дипломаттарының қазақ билігі туралы айтқан пікірлері қоғамды біраз ойландырды. Қуанса бір адам ғана қуанды. Ол - Кәрім Мәсімов.
Вувузела. Африка құрлығында өткен футболдан сыбаға. Мундиаль аяқталғалы жарты жыл өтті. Кімдер жеңіп, кімдер гол салғанын естен шығарып жатсақ та, стадиондарды шулатқан вувузелаларды ұмыта қоймаспыз. Әлі күнге дейін осы сөзді естісек болды құлағымыздың түбінен құрбақа шуылап қоя береді.
Доктрина. 2009 жылдың несібесі. Жылдың басында ұлтшылдар мен билік келісімге келіп, екі жақтың да мүддесіне қайшы келмейтін жаңа Доктрина жасап шықты. Президент оған қол қойды. Үкімет арнайы іс-шаралар жоспарын бекітті. Одан бері хабарымыз жоқ.
ЕҚЫҰ. Ықы-ықы, айтпаса да түсінікті.
Елбасы. Алдымен ұяла-ұяла, артынан мақтана-мақтана президент сөзінің баламасы ретінде айналымға кірген «елбасы» сөзі осы жылы заңнамаға ресми түрде еніп, қоғамдық, мемлекеттік институтқа айналды.
Е-үкімет. Осы жылы баспасөзде көп айтылған сөздердің бірі. Оның не екенін қарапайым халық түгілі үкіметтің жартысы білмесе де, қазақтың құлағына жайлы естіледі екен. Ееее, үкімет пе? Әәәә, түсінікті.
Индустриализация. Кеңестен қалған сөз еді. «Индустриализация жасаймыз» деп сталиндік үкімет қазақтың жартысын қырып, жартысын мәңгірт ете жаздаған. Бүгінгі билік мейірбандау сияқты. Халықта шаруасы жоқ. Бар көңілі бюджетте. Жақында осының гимні шығады деп еді. Асыға күтудеміз.
Инновация. Әп-әдемі сөз. Айтуға өзі сұранып тұрады. Ауа сияқты бірақ. Қолмен ұстауға, көзбен көруге келмейді.
Кедендік одақ. Кедендік одақ - Кеңестік одақ. Бүгінгі күні ең күдікті, қауыпті құбылыс осы.
«Қазақгейт». «Әлеуләйім» біткен соң, «халәулайім» тағы барға айналған коррупциялық эпос хэппи-ендпен аяқталды. Поули судья Джеймс Гиффенге орден бермесе де, мақтап-мақтап, «Еркексің, Джим! Әрбір азамат сендей патриот болса ғой, шіркін!» деп сот залынан шығарып салды. Сонда он жыл несіне қинады десеңші байғұсты...
Құрылтай. Жылдың басындағы Қазақ ұлтшылдарының құрылтайы оңды болмады. Енді Батыс қазақтарының құрылтайы деген тақырып пайда болды. Немен бітерін бір Құдай мен Қажымұқан біледі.
Планшет. Негізі пайдалы дүние. Мектеп оқушылары мен студенттерге дұрысын беріп, жақсылап оқытса қарсылығымыз жоқ. Әзірге шенеуніктердің сүйікті ойыншығы. Оны пайдаланып министрлер бір-бірінің жұмысын тексереді деп естідік.
Саммит. Шаршатты емес пе бұл тақырып?
Саммитхан. Көзіне көрінгеннің бәрін адам есімі қылатын қазақпыз ғой. Осы жылы Астанада Саммитхан деген бала дүниеге келді. Бауы берік болсын! Алдағы уақытта Азиадалар да дүниеге келетініне сенімдіміз. Дұрыс қой. Болашақта жаңағылар Саматпын, Әсиямын «азан щақырып» қойған әуелгі аттарынан ат тондарын ала қашып жүрмесе болды. Абырой болғанда ЕҚЫҰ деген сөз құлаққа жағымсыз көрінді. Әйтпегенде ЕҚЫҰгүлдер мен ЕҚЫҰбектер пайда болар ма еді?
Төрағалық. Бұл тақырып та шаршатты ма? Шыдаңыздар! Келесі жылы Қазақстан Ислам конференциясы ұйымына төрағалық етеді. Нағыз «әләуләй» осы болмақ...
Уахабшы. Жыл бойы діни тақырыптар қызу талқыланды. Әсіредіншілдер әйгілі Әулиеағашты өртей жаздады. Тағы біреулері Астанадағы «Бәйтеректі» жара жаздады. Қорқынышты! Абай болайық!
ҮИИД бағдарламасы. Орысшасы ФИИР. Қазақшасы «Үдемелі индустриалды инновациялық даму бағдарламасы». Үдемелі екеніне күмәніміз бар. Әзірге «уәдемелі».
Абай-акпарат