Мұрат Әбенов, мәжіліс депутаты. Түйе шаруашылығымен айналысуға назар аударайық
ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен Палатаның жалпы отырысы болып өтті. Онда Мұрат Әбенов Үкімет Басшысы Кәрім Мәсімовке еліміздегі Түйе шаруашылығына байланысты депутаттық сауал жолдады.
Еліміздің азық-түлік кешені жүйесінде мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді ұлғайту ауыл шарушылығы саласының басым бағыттарының бірі болып табылады.
Осы орайда жоғары сапалы, экологиялық тұрғыда таза және бәсекеге қабілетті өнімді (ет, сүт және жүн) өндірудің қосымша қоры бар мал шаруашылығының дәстүрлі саласының бірі - түйе шаруашылығы.
Өзіңізге белгілі, еліміздің тұрғылықты халқы ықылым заманнан бері түйе шаруашылығымен айналысады. Төрт түліктің ішінде түйе малын байлық ретінде де, көлік ретінде де, азық ретінде де қатты қастерлеген.
ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен Палатаның жалпы отырысы болып өтті. Онда Мұрат Әбенов Үкімет Басшысы Кәрім Мәсімовке еліміздегі Түйе шаруашылығына байланысты депутаттық сауал жолдады.
Еліміздің азық-түлік кешені жүйесінде мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді ұлғайту ауыл шарушылығы саласының басым бағыттарының бірі болып табылады.
Осы орайда жоғары сапалы, экологиялық тұрғыда таза және бәсекеге қабілетті өнімді (ет, сүт және жүн) өндірудің қосымша қоры бар мал шаруашылығының дәстүрлі саласының бірі - түйе шаруашылығы.
Өзіңізге белгілі, еліміздің тұрғылықты халқы ықылым заманнан бері түйе шаруашылығымен айналысады. Төрт түліктің ішінде түйе малын байлық ретінде де, көлік ретінде де, азық ретінде де қатты қастерлеген.
Қазақстанда 180 млн. гектардан аса жайылымдылық жердің 80 млн гектары шөл және 36 млн гектары шөлейіт аймақта орналасқан. Бүгінде осы жайылымдылық жердің 43% ғана пайдаланылуда. Бұл мал шаруашылығын дамытуға орасан пайдаланбаған мүмкіндік бар екенін көрсетеді. Жергілікті халықтың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесі осындай өнімділігі төмен жайымдылық жерді қой, жылқы және түйе шаруашылықтарын епті үйлестіру арқылы ғана тиімді пайдалануға болатынын айқындайды. Түйе малы республиканың қатал климаттық және азық жағдайларында өмір сүруге бейім болғандықтан жайылымдылықты басқа ауыл шаруашылығы малдарына зиянын тигізбей жыл бойы пайдалана алады. Бұл аз шығынмен өзіндік құны төмен өнім алуға мүмкіндік береді.
Соңғы жылдары түйе санының тұрақты өсуі байқалуда. Мысалы, 2004 жылы республикада 125,7 мың бас түйе болса, 2010 жылы бұл көрсеткіш 158,6 мыңға жеткен, яғни 6 жылда 26,1%-ға көбейіп отыр.
Айта кету керек, республикадағы түйе санының 80% Маңгыстау (46,5 мың бас), Атырау (31,4), Қызылорда (28,1), Ақтөбе (16,6) облыстарында өсірілуде.
Мемлекетіміздің кейбір өңірлерінде биылғы ұзаққа созылған қуаңшылыққа байланысты қалыптасқан жағдай экономикалық тұрғыдан тәуекелге бел буып, жер шаруашылығын дамытқаннан гөрі, мал шаруашылығын, оның ішінде осы аймаққа бейім түйе шаруашылығын дамытуға ерекше назар аудару қажеттігін көрсетті.
Республикамыздың түйе шаруашылығын дамытуға қатысты ауқымды әлеуеті әлі де өз мүмкіндігін түгеспеді, өткен ғасырдың отызыншы жылдары мемлекетіміздегі түйе саны 1 млн. 125 мың басты құрап, қазіргі деңгейден 7 есе артық болған. Сол кездері Қазақстан бүкіл әлем бойынша алдыңғы қатарда еді. Тіпті, 1986 жылы Қазақстанда бүкіл КСРО-ның жалпы 50% пайыздан астам түйесі шоғырланған екен. Және жыл сайын 65% пайыздан астам түйе еті, дәл сондай түйе жүні мен барлық түйе сүті (шұбат) өндірілген. Түйе шаруашылығының қазіргі жағдайына қарамастан біздің еліміз дүние жүзінде түйе өсіруден озық саналады.
Сондай-ақ, түйе сүтінен өндірілетін дәстүрлі өнім мемлекетіміздің ерекшелігі ретінде табылады және ол дұрыс дамып, мемлекеттік қолдау тапса халықаралық нарықта біздің үлгі боларлық мықты тұсымыз (визитная карточка) не жаңа табыс көзіне айналары анық.
Бұл сала келешегінің молдығын ескере отырып, Сізден түйе шаруашылығының дамуын тежейтін төмендегі мәселелерге назар аударуыңызды сұраймын.
1. Асыл тұқымды түйе басы үлесінің аздығы
Түйе санының тұрақты дамуына қарамастан, бұл саладағы өнім өндірудің төмендеуі байқалады. Мысалы, 2008 жылы 5 460 тонна түйе еті, 11 428 литр сүт, 463 тонна жүн өндірілсе, 2009 жылы сәйкесінше, 5 268 тонна ет, 10 654 литр сүт және 442,4 тоннаны құраған.
Түйе шаруашылығы өнімдерінің төмендеуі, ең алдымен қазіргі түйелердің тұқымының нашарлығына байланысты.
Жалпы, асыл тұқымды түйе саны республикадағы түйе санының 10% пайыздан төмен бөлігін қамтиды. Бүгінгі таңда түйе шаруашылығы қорын жалпы саны 16,5 мың бастан тұратын 36 асыл тұқымды мал шаруашылығы құрайды.
Сонымен қатар, республикада ет, жүн өндіруден түйе шаруашылығы айтарлықтай дамуға ие болуда. Бұл салада сүт өндірісі түйе шаруашылығындағы перспективалы бағыт. Осыны дамытуымыз қажет.
Көптеген шаруа және фермерлік қожалықтарында, үй жағдайы жөнінде айтпағанның өзінде селекциялық жұмыс тіпті жүргізілмейді де. Аталған саладағы бұл жағдай түйе шаруашылығында малдың асыл тұқымды құндылығын бағалайтын арнайы дайындалған мамандардың болмауынан қалыптасып отыр.
Айта кету керек, Қазақстан зоотехника жағынан алғанда әлемдік ғылыми қауымдастық үшін ерекше қызығушылық тудырып жүр. Өйткені, мемлекетіміз екі түрлі ірі түйесі (бактриан мен дромедар) әрі көптеген будандары бар сирек елдер қатарында. Бұл дегеніңіз басқа жағдайларда мүмкін емес зерттеулерді жүргізу мүмкіндігі.
2. Өндірістің ұсақ тауарлылығы
Нарықтық өзгерістер ірі түйе өсіру шаруашылықтарын меншік иелігі мен өлшемдері әртүрлі майда қожалықтарына бөліп жіберді. Бұл түйе басының азаюына, малдың және осы саладағы өнім өндіру өнімділігінің төмендеуіне әкеп соқтырды.
Айталық, 2009 жылы республикамыздағы жалпы түйе саны мен түйе өндірісінің 80% пайыздай көлемі үй шаруашылықтарының үлесінен тұрды.
Сонымен қатар, түйе өсіру шаруашылығын тиімді дамыту үшін орта және ірі ауыл шаруашылықтары түрлерін құру қажет. Мұның айқын дәлелі ретінде мемлекетіміздің түрлі өңірлеріндегі ірі агрошарушылықтарды (Қызылорда облысындағы «Құланды» АҚ, Маңғыстау облысындағы «Таушық» ЖШС, Алматы облысындағы «Дәулет Бекет және Агромеркур» шаруа қожалықтарын) атап өтуге болады.
3. Мемлекеттің жеткіліксіз қолдауы
Қазіргі кезде түйе шаруашылығын дамытуға байланысты нақты мемлекеттік саясат жоқ. Өткен жылы Парламент Мәжілісі депутаттары тарапынан Үкіметке түйе шаруашылығы өнімдерін (ет, шұбат пен жүн) субсидияланатын мал шаруашылығы өнімдерін тізіміне енгізу жөнінде депутаттық сауал жолданған болатын. Шұбатты субсидиялау мәселесі шешімін тапқанымен, түйе шаруашылығы дамыған өңірлердің шаруашылықтары өкілдерінің бөлінген қаржының әділ және тең бөлінбеуі жөнінде наразылықтарын жеткізуде бар. Сонымен қатар, түйе еті мен жүні әлі де субсидиялауға жатпайды.
Сонымен қатар, маған белгілі болғандай, қазіргі таңда «Мал өнімдері Корпорациясы» АҚ 2020 жылға дейінгі тек ірі мүйізді мал етін өндіруді дамыту ғана енгізілген мал шаруашылығын дамыту бағдарламасының тұжырымдамасын жасап жатқан сыңайлы. Бұл жобада түйе өсіру шаруашылығының ет өндіру бағытындағы жоғары экономикалық тиімділік ескерілмеген.
Айталық, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми-өндірістік орталығы ғалымдарының мәліметі бойынша республикамыздың түрлі табиғи климаттық аумағында түйе өсіру шаруашылықтарындағы тауарлы түйе етінің өзіндік құны ірі мүйізді малдың құнынан 2-2,5 есеге арзан және 1-2 есе қойдың құнынан төмен.
Сондай ақ, жемшөп қоры мен жайлауды пайдаланудың ғылыми негізді тәсілдерін енгізу мәселелері шешімін таппай отыр.
4. Түйе өсіру шаруашылығы өнімдерін зерттеу мен оларды дәріптеудің жеткіліксіздігі
Түй басын көбейту мәселесі мал шаруашылығы өнімдерінің жоғары сапалы, экологиялық таза өндірісін қажет ететін бүгінгі нарық жағдайында тіпті маңызды.
Әсіресе, тұрғындар түйе сүтінің (шұбат) тағамдық, емдік, профилактикалық бірегей қасиеттері жөнінде толық білмейді. Түйе сүтінің емдік қасиеттері ең алдымен оның жоғары нәрлілігі, туберкулезден емдеудегі қасиеті, ал қант диабеті кезіндегі ем болатын инсулиннің үлкен көлемде кездесуіне байланысты. Түйе сүті құрамындағы майдың көлемі (6% пайызға дейін) жылқы сүтінен (2%) үш есеге құнарлы.
КСРО кезінде дәстүрлі ұлттық сусындарды зерттеу бірнеше факторлар себебінен ешқашан стратегиялық маңызды болған емес. Түйе сүті мен өнімдерін өңдеу сол Кеңес кезінен ақ ешқандай нормативті құжаттары жоқ. Бұл бақылау мекемелері мен түйе сүті мен оның өнімдерін жабдықтаушы фермерлер арасында түсініспеушілікті тудыруда.
Түйе сүтінің медициналық құрамын білу түйе сүтін пайдалануды өрістетуге мүмкіндік берер еді.
Түйе жүнінің бірегейлігі суық кездері тоңудан қорғап қана қоймайды, ол тіпті аптап ыстықта қызып кетуден сақтайды. Сондай ақ, жібектей жеңіл әрі төзімді, ылғалды сіңіріп, басқа талшықтарға қарағанда буға тез айналдырып жібереді. Сондықтан нағыз таза түйе жүнінен тігілген жапқыштар созылмалы бронхит, радикулит, остеохондрозбен ауыратындарға ұсынылады.
Түйе еті - диеталық өнім, өйткені, онда ішкі май қабаты болмайды. Бұның адам денсаулығына пайдасы көп.
5. Түйе өсіру шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясының дамымағандығы
Қазіргі кезде бірде-бір ауыл шаруашылығы саласы ғылыми негізсіз және өндіріске технология элементтерін енгізбей бәсекеге қабілетті болып ойдағыдай сәтті дами алмайды.
Әрі саланың майда өнімділігі заманға сай технологияларды жіті пайдалануға мүмкіндік бермейді, ал бұл оның дамуын әрі тежеп, өнімнің қымбаттауына әкеп соқтырады.
Осыған байланысты, түйе шаруашылығы өнімдерін өндіруді өсіру бұл саланы жүргізу технологиясын жетілдіруде және сауу мен жүн қырқу сияқты технологиялық процесті механизациялау арқылы түйе бағушылардың ауыр физикалық еңбегін жоюда жатыр.
Қазақстан ғалымдары машинамен сауу мен түйе жүнін қырқудың технологиясын жасап шығарған, тез бұзылатын сүт пен одан шығатын өнімдерді сақтау мерзімін ұзартуға және алыс қашықтықтарға тасымалдауға мүмкіндік беретін түйе сүтін қайта өңдеу мен консервілеу технологиясы патенттелген. Сондай ақ, жайлауда 50-60 бастай түйе мен оның 50-60 ботақандарына қызмет ететін шағын сүт құралғысы жасалған.
Алайда, ғалымдардың бұл еңбегі қаржыландыру болмағандықтан пайдаланылмай тұр.
Мысалы, Израилде түйе сүтінен диабеттердің аз ғана тәттілері саналатын қант қосылмаған йогурт пен балмұздақ жасайды. Әлбетте, бұл технологияны Қазақстанда да қолдануға болар еді.
Көріп отырғанымыздай, түйе шаруашылығының бүгінгі даму қарқыны қолда бар нақты мүмкіндіктерімізге сәйкес келмейді.
Осыған байланысты түйе шаруашылығына назар аударып, оны дамытуға келесі ұсыныстарды енгіземін.
1. Етті мал шаруашылығын дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының тұжырымдамасына түйе шаруашылығын да енгізу;
2. Түйе еті мен жүнін субсидиялау шараларын қарастыру және шұбатқа бөлінетін субсидия мөлшерін ұлғайту;
3. Қазақ түйелерін жетілдіру бойынша оларды асылдандыру жұмыстарын жүргізу;
4. Түйе шаруашылығы үшін азық қорын қалыптастыру;
5. Жоғары және орта кәсіптік оқу орындарында түйе шаруашылығы саласына қажетті мамандарды дайындау;
6. Түйе өнімдерінің перспективті және бәсекеге қабілетті бағыттарын дамыту бойынша халықаралық тәжірибені зерттеу;
7. Түйе шаруашылығы дамыған шалғай елді мекендерде бастапқы өңдеу пунктерін құру мүмкіндіктерін қарастыру;
8. Түйе шаруашылығымен айналысатын орта және ірі ауыл шаруашылық құрылымдарын құру үшін олардың құқықтық және экономикалық негіздерін айқындау.
Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі таратып отыр.