Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 4356 0 пікір 7 Қараша, 2017 сағат 18:16

Қазақстандықтар жылдың ұлттық спорттық жүлдесінің жеңімпаздарын анықтайды

Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті «Хабар» агенттігімен бірлескен «Жылдық Ұлттық спорттық жүлдесі» байқауының өткізілуін жариялайды. Байқау осы қараша айы бойы жалғасады. Әрбір қазақстандық ең мықтыларды өздері таңдайтын болады. 

Байқау Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаевтың бастамасымен осымен үшінші рет өткізіліп отыр. Бұған дейінгі жылдың спорттық сыйлығының жеңімпаздарын құрамында ҰОК пен ҚР мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері бар арнайы комиссия таңдап келсе, биыл енді оларды жанкүерлердің өздері анықтамақ.

«Жыл ішіндегі спорттық күнтізбе түрлі ждарыстарға толы болады. Әр спорт түрі бойынша халықаралық бәсекелер өтіп жатады. Сол бәсекелерде біздің спортшылар ел намысын абыроймен қорғап, жақсы нәтижелер көрсетуде. Биыл «Ұлттық» деген мәртебе алып отырған «Спорттық жүлде» биылғы жылды қорытындыламақ. Біз барлық жанкүйерлерді үздіктерді анықтау шарасына белсенді қатысуға шақырамыз», - дейді ҚР ҰОК Бас хатшысы Данияр Абулгазин.

Сандуғаш Рахимжанова,«Хабар» телеарнасының директоры:

- Біз «Хабар» телеарнасының эфирінде түрлі спорттық шараларды көрсетіп жүрміз. Байқағанымыз спорт адамдарды біріктіреді. Осы жолы да жанкүйерлер сүйікті спортшыларына дауыс беру үшін бірігеді деп ойлаймыз. Спорттық жүлдені көрермендер 2 желтоқсан күні біздің арнамыздан тамашалап, жақсы әсер аларына сенеміз.

 2017 жилы «Жылдың Ұлттық спорттық жүлдесі» жаңа телевизиялық форматта өтеді. Жанкүйерлер өздері номинацияларға қатысып жатқандар дауыстарын бере алады. Дауыс беру ҚР ҰОК www.olympic.kz ресми сайтында қарашаның 28-не дейін жалғасады. Осы айдың ортасында жүлденің әрбір номинациясында ұсынылған үміткерлер туралы, олардың үстіміздегі жылдағы жетістіктері туралы толық мәлімет беретін арнайы күнделіктер «Хабар» арнасында эфигге шықпақ.

Жеңімпаздар келесі номинациялар бойынша анықталады:

  1. «Жазғы спор түрлері бойынша үздік спортшы»
  2. «Қысқы спор түрлері бойынша үздік спортшы»
  3. «Үздік жас спортшы»
  4. «Жазғы спорт түрлері бойынша үздік жаттықтырушы»
  5.  «Қысқы спорт түрлері бойынша үздік жаттықтырушы»
  6. «Олимпиадалық спорт түрлері бойынша үздік федерация»
  7. «Үздік спорттық өңір» (республикалық маңызы бар қалалар, облыстардың денешынықтыру және спорт басқармалары)
  8. «Жыл жаңалығы»
  9. «Жылдың үздік командасы»

Жылдың спорттық жүлдесінің қорытындысы салтанатты түрде үстіміздегі жылдың 30 қарашасында шығарылмақ. Жобаға «Hilton Astana» отелі, Toyota Motor Kazakhstan қолдау білдірді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3525