Нұрбек Қайырмұхаммед. Темекі шегу – өзін-өзі өлтіру
Арақ ішіп, темекі шеккен,
Денсаулығының түбіне жеткен.
(Халық даналығы)
Темекі - құрамында никотин (nicotiana) және төрт мыңға жуық улы зат бар темекі өсімдігінің майдаланған, құрғатылған және қолдануға дайын күйдегі жапырағынан жасалады. Тұқымы өте майда болғандықтан, алдымен көшеті өсіріліп, сосын егістік жерге отырғызылады. Темекі - жапырағында танин, желім, шайыр, крахмал және алколоидтар бар. Ең көп мөлшерде никотин алколоиды бар. Никотин сульфат тұздары ауыл шаруашылығында құрт-құмырсқаны өлтіру үшін қолданылады. Темекінің түтіні ағзаға зиянды және улы заттардың жиынтығынан тұрады. Бұлардың ішінде ең қауіптісі - никотин, синиль қышқылы, көмір қышқылы, сірке қышқылы, азот, эфир майы және өкпе рагіне ұшырататын әртүрлі радиоактивті элементтер (бензепирен, полоний, висмут, т.б.).
Никотин - циаминге пара-пар у. Никотин улы зат болғандықтан, медицинада дәрі ретінде қолданылмайды. Мәселен, 5-6 тамшы никотинді итке берсе, сол заматта өліп кетер еді. Ал, бір қорап темекінің құрамындағы никотинді инемен шаншыса, адам лезде көз жұмады. Алайда, адам ағзасы никотинді қан арқылы емес тыныс жолымен қабылдайтындықтан, бірден емес, «баяу өлім» арқылы өз түбіне өзі жетеді.

Темекі құрамындағы улы заттардың саны 70-тен 300-ге дейін жетеді. Алайда, темекі шегу кезінде улы заттар одан сайын арта түседі. Өйткені, темекі тұтатылғанда, температура 600-ден 900 градусқа дейін көтеріледі де, жаңа улы заттар мен өнімдер түзіледі. Осылайша темекінің құрамындағы улы заттар саны 4 мыңға дейін көбейеді.
Никотин темекі түтінімен ауызға, одан әрі тыныс жолдарымен өкпеге, одан адам қанына сіңіп, қан арқылы адам ағзасының түкпір-түкпірін улайды. Сілекей арқылы жұтынғанда, никотин өңешке, асқазанға өтеді. Сөйтіп, ауыздағы, еріндегі, тілдегі, таңдайдағы өте сезімтал жүйке талшықтарын зақымдайды. Никотин қан арқылы миға жетеді, әуелі оның жүйке жасушаларын (нейрондарды) қоздырады, сосын оларды улай бастайды. Ол түтін арқылы тыныс жолдарымен өтетіндіктен, темекі түтіні оның ішкі қабыршақтарын ыстайды, ісіндіріп, қабындырады, қан түйіршіктеріндегі оттегіні адам ағзасына таратушы тамырларға ауыр зардабын тигізіп, қан айналымы қиындағаннан ми, жүрек, басқа ағзалар «қорексіз» қалады. Көк түтіннің салдарынан адамның бүкіл қан тамырлары жиырылып, қан алмасу қиындайды. Жүрекке үлкен ауыртпалық түсетіндіктен, жүрек талмасына алып келеді. Миға баратын қан мөлшері азайып, ол өз күшінде жұмыс істей алмайды. Барлық ағзаларға оттегі жетіспегендіктен, бас ауырып, жүрек сыздап, аяқ-қол қақсайды. Темекі шегетін аналар тапқан баланың қан түйіршіктерінің гемоглобині кем болады.
ӘРБІР 13 СЕКУНДТА БІР АДАМ ТЕМЕКІНІҢ ҚҰРБАНЫ
Жыл сайын дүниежүзінде темекі шегудің салдарынан 4 млн. адам қайтыс болады екен. Мұны жыл бойына күн сайын 25 ұшақ апатқа ұшыраған жолаушылардың санымен салыстыруға болады. Бүгінде жер шарында 1,2 млрд. адам темекі шегетін көрінеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) дерегі бойынша, 1997 жылы темекіден 3 млн. адам қайтыс болса, бұл көрсеткіш жыл сайын 33 пайызға өсіп отырған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебіне жүгінсек, егер жағдай өзгермесе, онда таяу жылдарда темекі жарты миллиард адамның түбіне жетуі мүмкін. Бұл келеңсіз мәлімет үрейлендіріп, үркіту үшін емес, нақты дерек. Егер жарнамалық тұрғыда насихат жасауға тыйым салынбаса, ғасыр соңына дейін жер бетінде 1 млрд. кісі темекінің құрбанына айналмақ. Ал, шылым шегетіндердің 95 пайызы өкпенің қатерлі ісігіне ұрынады. ДДСҰ мәліметіне сүйенсек, жер шарындағы 2 миллиард жасөспірімнің санасы никотинмен уланған.
Америкалық бір ғалымның темекінің адамзатқа қауіптілігін атом бомбасымен салыстырғаны бар. Төмендегі нақты мәліметтерге қарап шықсаңыз, бұл сөздің негізсіз еместігіне көз жеткізесіз.
Қатерлі ісік (рак) ауруларынан қаза болған әр 100 адамның 90-ы шылым шегетіндер екен.
Темекі түтіні автомобиль түтінімен салыстырғанда 4 есе улы.
Егер адам 15 жасында шылым шегуді бастаса, оның өмір ұзақтығы 15 жылға қысқарады.
Медицина қызметкерлерінің болжамы бойынша, көп кешікпей темекі бүкіл жер бетінің 10 пайыз тұрғындарын о дүниеге аттандырады.
Түтінді әр жұтқан сайын адам өмірі қысқара түсетіндігі ғылымда дәлелденген.
Дүниежүзі ғалымдары бір ауыздан қорытындыға келген; өкпе рагы ауруларының 90 пайызы шылым шегетіндердің үлесіне тиеді.
Егер шылым шегушілер күніне 20 тал темекі шексе, олардың өкпенің қатерлі ісігі ауруына шалдығу қаупі өзгелерге қарағанда 10-15 есе артады.
Тек бір тал темекі шеккен адам ағзасында никотиннің зардабы мен бүйрек үстіндегі бездерден бөлінетін арденамен және норадренамен деп аталатын гармондардың жұмысы бұзылады.
Туберкулезбен ауырған ересек 100 адамның 95-і ұзақ уақыт темекі тартқандар.
Еркектер және әйелдер арасындағы жыныстық тәбетсіздіктің басты себептерінің бірі - никотин.
Темекі түтініндегі ең көп заттар - шайыр (смола), көмір тотығы, кансерогендік заттар және иондалған қорғасын.
Әлемде әр 13 секундта бір адам, әр 65 секундта бес адам темекі кесірінен көз жұмады.
АҚШ-та темекі салдарынан өлген адамдар саны төрт соғыста яғни, I, II дүниежүзілік соғыста, Корея мен Вьетнам соғысында өлген американдықтардың санынан асып түскен.
Спортта өнер көрсетіп жүрген адам шылым шегуді бастаса, оның көрсеткіштері 40 пайызға күрт төмендейді.
Егер 100-120 миллиграмм никотинді адамның тамырына жіберсе, ол кісі сол сәтте-ақ о дүниелік болады.
40-50 жасқа дейінгі еркектердің арасында жүрек ауруынан қайтыс болғандардың 80 пайызына темекі себеп болған.
Аяқ тамырларының тығындалуының 90 пайызы темекінің салдары.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, Колумбтың Америка құрлығын ашқаннан бергі осы уақытқа дейін шылым шегуден ең кемі 1 миллиардтан астам адам көз жұмған.
Темекі салдарынан өмірімен қоштасқан адамдардың саны есірткі салдарынан өмірмен қоштасқан жандар санына қарағанда 13 есе көп.
Темекі тартпайтындарға қарағанда тартатындардың арасында кенеттен өліп кету 10 есе көп.
Күніне 1 қорап темекі тартатын адамның денесінде 20 жылда 7 кг күйе мен қарамай жиналады.
Әлемде болған өрттің 70 пайызына темекі тұқылының өшірусіз қалуы себепші болған.
«muftyat.kz» сайты