Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 1980 0 пікір 11 Желтоқсан, 2010 сағат 07:50

Сәкен Бозаев. Жасандылығы мен жалғандығы жоқ шаң-тозаңсыз әлем

«Адам - жұмбақтар әлемі. Кімде -кім сол жұмбақтар әлемі құпиясын шешкісі келіп уақыт жұмсаса, өмірін босқа өткізбегені». / Ф.Достаевский/. Бала тәрбиесі сол жұмбақтар әлеміне жататын өмір философиясы. Қоғам мен саясат өзгеріп, әр кезең өз талаптарын ұсынғанымен, адамзаттың ұрпақ тәрбиелеу ұстанымдары өз арнасын жоғалтпақ емес.

Қазіргі кезеңде  адамнан адам жасау керек пе, әлде маман жасау керек пе  деген  проблема өзінен - өзі сұранып тұрғаны белгілі.. Балаларды қалыптасып қалған орындаушылық пен тұтынушылыққа бейімдеу бағдарымызға өзгеріс енгізу уақыт талабы. Балалар әлемінің табиғи заңдарын ескере отырып, әлеуметтік ортаның жаңа сипатына сәйкестірілген тәрбие беру амалдарын жаңартуды өмірдің өзі ұсынып отыр.  Тәрбие мәдениеті мен балалар әлемінің  болмысын  түсінген, бала физиологиясы мен психологиясын, дене, ақыл-ой дамуы мүмкіндіктерін ашу  амалдарын меңгерген ата-аналар жұртшылығы мен кәсіби тәрбиешілерге сұраныс туындауда.

«Адам - жұмбақтар әлемі. Кімде -кім сол жұмбақтар әлемі құпиясын шешкісі келіп уақыт жұмсаса, өмірін босқа өткізбегені». / Ф.Достаевский/. Бала тәрбиесі сол жұмбақтар әлеміне жататын өмір философиясы. Қоғам мен саясат өзгеріп, әр кезең өз талаптарын ұсынғанымен, адамзаттың ұрпақ тәрбиелеу ұстанымдары өз арнасын жоғалтпақ емес.

Қазіргі кезеңде  адамнан адам жасау керек пе, әлде маман жасау керек пе  деген  проблема өзінен - өзі сұранып тұрғаны белгілі.. Балаларды қалыптасып қалған орындаушылық пен тұтынушылыққа бейімдеу бағдарымызға өзгеріс енгізу уақыт талабы. Балалар әлемінің табиғи заңдарын ескере отырып, әлеуметтік ортаның жаңа сипатына сәйкестірілген тәрбие беру амалдарын жаңартуды өмірдің өзі ұсынып отыр.  Тәрбие мәдениеті мен балалар әлемінің  болмысын  түсінген, бала физиологиясы мен психологиясын, дене, ақыл-ой дамуы мүмкіндіктерін ашу  амалдарын меңгерген ата-аналар жұртшылығы мен кәсіби тәрбиешілерге сұраныс туындауда.

Тәрбиенің басты ұстанымы - дайын шешімдерді орындау дағдыларын қалыптастыру емес, өз ақылымен өмір сүре білуге үйрету. Бала  да ересектер ұсынған талаптар ішінен өзіне қажеттіні, өзіне түсініктіні қабылдайтынын ақыл иесі .  Балалар әлемі - педагогика ғылымындағы басты мәселе. Педагогика классиктері дәлелдегеніндей, балалық дегеніміз - оны өмірге дайындау кезеңі ғана емес, сол өмірдің өзі. Балалардың өз табиғаты, өз ортасы бар. Олар  өз дәуірі мен уақытқа ұқсас болып өсуде.. Сондықтан да  тәрбиенің әркімнің қалауына көне бермейтін обьективті процесс ретінде көрінетін жақтары ескерілуі керек.. Тіршілік иелерінің өзін-өзі ретке келтіріп отыратын табиғи жүйесін бұзуға көне бермейтінін ешкім де жоққа шығара алмаған. Балардың да көп жағдайда өз әлемін өзгертуге жасалағн әрекеттерге қарсылық жасауы табиғи қылық. Балалардың шалыс әрекеттері ата-анаға, мектепке, қоғамдық ережелерге қарсылық емес. Ауытқу, шалыс басу - баланың болмысы екенін, ал қоғамдық ережелерден ауытқушылық себептері - тәрбие амалдары мен ықпал ету аймағы арсеналдарымыздың жетімсіздігі деп түсінілгені дұрыс.

Әрбір бала - өзінше ерекше әлем. Бала жанының ішкі тетіктеріне үңіліп, кілтін таба білу - ересектердің естиярлығына байланысты. Бала - кәрі адамзаттың жаңа туындысы , жаңа тағдыры  ретінде аға ұрпақтың жинақтаған құндылықтармен азықтанады. Әйтсе де  сол ұстанымдарды қайталап қоймай,  қоғамдық даму прогресі ұсынған өсіп жетілудің  жаңа қайнар көздерін ашып,   бала бойына сіңіретіндей жағдай жасалуы қажет.  Балалар да ересектер сияқты біреулердің өктемдігі мен бағынышты етуіне қарсылық білдіруі табиғи нәрсе.  Баланың жан жүйкесін жұлқыламай, сағын сындырмай өмір сүре білуге баулыған жөн. Өмір сүре білу де өнер тектес. Ол өнер адам бойына туа бітпейді, үйрену керек.,Үлгіміз - мынау, ұлағат тұтарымыз - осы дегізетін өнеге керек. Өз тағдырына өзі жауап бере алатын ерік-жігерлі тұлға қалыптасу үшін   әр баланың табиғи тілегі қанағаттандырылып, тәрбиедегі қоғамдық мүдде мен жеке  мүдделер табиғи ұштасып жатса құба-құп..

Баланың жан дүниесі еркіндікті қалайды. Ол еркіндік -  дүниені өзінше түсіну, қателесу оны өзі түзей білу еркіндігі. Өз танымы мен сезімін батыл айта алу, өз бетінше шешім қабылдай алатын өзіндік мені болу еркіндігі. Балалар - әлемі  тіршілік шаң-тозаңдары қонбаған кіршіксіз әлем. Ол әлем жасандылық пен жалғандықсыз ақиқатты аңсайды. Баланың жан-дүниесі не болса соны жазуға болатын қағаздың таза беті емес.  Ащы ішекті аршығандай етіп іріктеп алынған  ұлағат тұтар ізгілік, ар-ұят, борыш пен парыз, адалдық пен әділдік көзін іздеу, табу сілтемелері жазылуға тиіс.

Тәрбиеміз мінсіз еместігін мойындамасқа болмайды. Рухани, моралдық тұрғыдағы жағымсыз көріністер нашар тәрбиенің салдары.  Оның үстіне кесірлі ықпалдардан қорғай алмай отырғанымыз тағы бар..  Тәрбие отбасынан тамыр жаяды да бұталары, гүлдері, жемісі содан өсіп өнеді, мектепте жалғасын табады. Мектепте ересектер мен балалар теңдігі қалыптасқан орта жасалса жақсы.. Балалардың қызығушылығы, білуге құлшынысы, әр нәрсеге әуестігі ,айналысқысы келетін істері ата-ана қалауы мен мектеп программалары шеңберімен шектелмейді. Мектеп - екі субмәдениет шекарасындағы аралас тұрғындарға арналған мекеме. Оның қалыптасқан дәстүрлі  басқару жүйесінде  ынтымақтастықтан гөрі балаларды мәжбүрлеу басым. Мұғалімдер мен оқушылардың шешуші мәселелерде тең құқығы мен өзара теңдік қарым-қатынасқа негізделген жағдайда ғана тәрбие әділеттілік сипат алады.  Өткен ғасырдың 70-ші жылдары тәрбиенің әділеттілік ұстанымы идеясын  Гарвард университеті профессоры, психолог-ғалым Лоуренс Кольберг көтерді. Американың Бостан қаласындағы Кластер Скуле мектебінде оның басшылығымен жүргізілген жұмыс тәжірибесін өркениетті елдердің көптеген мектептері жалғастыруда..  Олар тәрбиенің әділеттілік ұстанымдарынан басқа жебеушісі де, жол бастаушысы да жоқ деген тұжырым жасап отыр.. Әділеттілік орнатудың адамдар тапқан жалғыз жолы - демократия. Мектепті демократияландыру - тәрбие құралы деп қарастырылады.. Ол саяси ойын емес, педагогиканың жаңа формасы деп танылып отыр.

Өсер елдің ұл-қызына аумалы-төкпелі уақыттың асылы мен жасығын ажырата білер үлгі мен ұлағат керек. Шаттана жүріп шалдығатын, шаршай жүріп шаттанатын талғамшыл заманның талабына сай тәрбие керек. Талғам мен талаптың арасын алшақтатып алмасақ жақсы. Көш жүре түзелер деп өзімізді - өзіміз жұбатқанымыз бос белбеулілік. Ата  жұртымыз көшке қамданғанда жолда түзелер деп тәуекелге бел бумай, тас түйін шыққан.  Бала бойындағы табиғат дарытқан тазалықты сақтап, өз тағдырының әміршісі өзі боларлық ынтасын оята білсек, мәңгі бала күйінде қала беретіндей қарамай, өмір даналығы  бұлақ көзін көрсете білсек  үлкен жетістік сол болмақ.

Сәкен  Бозаев    Зейнеткер ұстаз, Атырау облысы, Құлсары қаласы

«Абай-ақпарат»

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1489
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5531