Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3839 0 пікір 11 Желтоқсан, 2010 сағат 08:12

Ясиын Құмарұлы.Қазақ және күн мен от

Қазақ рулары мен тайпаларының арғы тарихын зерттеуде, ең алдымен олардың таңбалық белгілерін зерттеудің қажетілігін алғаш аңғарған Н. Аристов болса, оның пікірлерін тереңдете зерттеген С. Аманжолов болды. Олар белгілі бір атадан рудың, одан тайпаның, одан тайпалық одақтың қалыптасу жолдарын рулық таңбаларды зерттеу арқылы анықтауға болатынына сенді. Әрі осы мақсатта негізгі тайпаларды анықтауға тырысты.1 Осылайша таңбаны негіз ете отырып С. Аманжоловтың зерттеуінше, қазақ қаңлы, қыпшақ, қоңырат, алшын, найман, ошақты, шеркеш, есентемір, жұй, жағалбайлы, мансыз, бағаналы, бекболат, шапырашты, сіргелі, шөмекей, жалайыр, тарақты, саржормарт, шанышқылы, дулат, арғын, балталы, қаракерей, уақ, сары үйсін, адай, матай, қара кесек, керей сияқты көптеген негізгі тайпалардан құралған. 2

Қазақ рулары мен тайпаларының арғы тарихын зерттеуде, ең алдымен олардың таңбалық белгілерін зерттеудің қажетілігін алғаш аңғарған Н. Аристов болса, оның пікірлерін тереңдете зерттеген С. Аманжолов болды. Олар белгілі бір атадан рудың, одан тайпаның, одан тайпалық одақтың қалыптасу жолдарын рулық таңбаларды зерттеу арқылы анықтауға болатынына сенді. Әрі осы мақсатта негізгі тайпаларды анықтауға тырысты.1 Осылайша таңбаны негіз ете отырып С. Аманжоловтың зерттеуінше, қазақ қаңлы, қыпшақ, қоңырат, алшын, найман, ошақты, шеркеш, есентемір, жұй, жағалбайлы, мансыз, бағаналы, бекболат, шапырашты, сіргелі, шөмекей, жалайыр, тарақты, саржормарт, шанышқылы, дулат, арғын, балталы, қаракерей, уақ, сары үйсін, адай, матай, қара кесек, керей сияқты көптеген негізгі тайпалардан құралған. 2
С. Аманжоловтың зерттеуі жалпы тұлғадан қазақ ру таңбаларының типологиясына баса назар аударғандығы байқалады. Өз басым егер таңбалардың көрінісімен қоса оның мазмұндық (тарихи танымдық) ерекшелігіне де зерттеу жасалған болса қазақ ру-тайпаларының тектестік негізі тіпті де бекемделе түсер еді деп ойлаймын.Қазақтың ру таңбалары мен ұрандарын зерттеу қазақ шежіресін зерттеудің маңызды бір құрамдас бөлегі. Бұндай зерттеуге қазақтың және басқа ұлттардың ертеден қазірге дейінгі көптеген ғалымдары тыңғылықты зерттеу алып барғандығы байқалады. Қазірге дейін қазақ ру таңбалары қайдан келді, қазаққа ру таңбаларын кім жасап берген, оны кім арнаға салған деген мәселе туралы алуан тұрлы көзқарастар мен пікірлер бары белгілі. Бұлардың бастылары мыналар; .
1. Б.Радлов ел аузынан жазып алғаны бойынша; ру таңбаны Оғыз ханның баласы және мүрагері Күнхан таратып берген. 2. Левшіннің айтуынша, қырғыздыр (қазақтар) таңбалармен белгілерді моңғұлдардан алып, орта азияға ғана емес, ұдыстанға дейін тараца керек. 3. И.Қазанцевтің айтуынша, таңбалар мен ұрандарды қырғыздарға (қазақтарға) Шыңғысхан таратқан. 4. М.Иванин мен А.Харузинның пікірінше, таңбаларда Шыңғысхан тұқымынан тараған хандар әскерлеріндегі қырғыз (қазақ) тайпаларының пайдаланған қаруларының түрлері бейнеленген, .5. Л.Мейірдің түсіндіруынше, таңбаларды малға белгі салу үшін Тәуке хан таратып берген. 6. Тағы бір айтылымдарда қазаққа ру таңбалары мен ұрандарын Майқы би үлестірген делінеді, т.б.
Қазақты құраған ру-тайпалардың арғы аталары әрбір тарихи дәуірде әр тайпалық-ұлыстың бірілестіктердің құрамында болғаны белгілі. Сонау, Біздің заманымыздың алды артында сақтардың, ғұндардың, үйсіндердің, нүкістердің (ұлы иүзлерідің) және басқа да тайпалар мен тайпалар одағынның құрамында болған. Біздің заманымыздың бірінші мың жылдығының орталарына бастап екінші мың жылдықтың басқы бірнеше ғасырларына дейінгі талай ғасырларда түрік одағының құрамында болды, одан соңғы сан ғасырда моңғұл империясінің құрамына енді немесе оған бағынышты болды. Міне осы дәуірлерде қазақты құраған ру-тайпалардың бәрінің өзіне тиеселі орны мен таңбасы болғаны белгілі. Алайда, рулар арасындағы қосылу, бөліну және рулардың молайып тармақталып отыруы сияқты себептерден рулардың аттары, таңбалары, ұраны өзгеріп, жаңғырып, туындап отырғандығы табиғи. Және бір жағынан түрлі тайпалар одағынан құрылған тың бірілестік, яғни әкмият, ел арасындағы сайаси, әкімшілдік және өріс-қоныс жақтарындағы мәселелерді жүйелі басқару, быржақтылы етіп отыру (ел басқаруды) үшін әр дәуірде ру таңбабарына реттеу, арнаға салу, мүмкіндіктің барынша бұрынғы қалпын сақтау негізінде қайта реттеп, заңдандыру жүргізілген болуы да мүмкін. Міне, бұл қазақтағы қазаққа ру таңбалары мен ұрандарын жасау мен үлестірудің белгілі жеке тарихи тұлғаның атына байланысты болуының себебі еді. Осы жағынан алғанда қазаққа ру таңбаларын Оғыз қағанның ұлы ــ тақ мүрагері таратқан, Шыңғысхан таратқан, Майқы би таратқан деген айтылымдардың барлығының белгілі мағынадан негізі барлығын байқаймыз. Алайда, бұл жердегі тарату бұрын таңбасы жоқ қазақ руларына ру таңбасын жасап таратып беру емес, қайта бұрынғы ру таңбалары негізінде сол дәуірдегі ел басылары өзіне қарасты территория аумағындағы түрлі ру-тайпалардың ру таңбаларын бұрынғысы негізінде қайтадан ретке тұрғызып, жүйелендіріп, тұрақтандырған немесе заңдандырған.
Рулардың, ру таңбаларының және олардың тармақталуының қиыр шығстағы нақтылы дәлелдерін біз қытайдың кіндік жазығындағы байырғы қағанат Шаңдардың (б. з.б.17-ғ. ــ б. з.б.11-ғ. ) ру және ру таңбаларынан байқай аламыз. Ескерерлік жайт - осы Шаңдарды көптеген қытай танушы ғалымдар қытйдың орта жазығына терістіктен келген көшпелі тайпа деп біледі. Ғалымдар Шаңдардың қабірлерінен қазып алынған қола бұйымдардағы таңбаларды ру таңбалары деп таниды, әрбір қабыр тобынан қазып алынған қола бұйымдардағы ру таңбалары бырыңғайлық танытқан. Әрі жақын орналасқан қанаттас қабыр топтарынан табылған қола бұйымдардағы ру таңбаларының өзара байланыстылығы, оларда үлкен рулардан тармақталған шағын рулардың таңбаларының үлкен рулардың таңбаларының негізін сақтап, жартылай өзгертіліп жасалғандық байқалады. Бұндай заңдылық қазақтың ру-тайпаларында тайау заманға дейін жалғасқаны белгілі. Мысалы, ұлы жүздегі дулат, албан, суан, қаңлы, сиқым тағы басқа рулардың барлығының таңбалары күн таңбасынан тарамдалған. Бұл туралы Шәкерім Құдайберді ұлы: «600 жылдан бері мұсылман жұртына кірген крайт яғни керейлер тіпті ескі замандағы кіреш таңбасын салады. Қазақтың көбі ескі таңбасын салады. Қай біреулері оған бір сызық қосады. Ол бір рудан шыққан тағы бір таптың белгісі. Яғни бір ханнан бір ханға қарағандағы белгісі болады» деп жазады.3
Шәкерім Құдайберді ұлының бұл баянында екі маңызды түйін бар: бірі, «Қазақтың көбі ескі таңбасын салады» деу.
Жалпы ру таңбасының өзгеру, қалыптасу жағыдайынан қарағанда, қазақтағы бір рудың таңбасы оңайлықша өзгере салмайды. Тіпті, ол тұрақты күйін сақтайды. Өйткені таңба көшпелілердің ірқара малдарына басылады. Өріс-қоныстарына тастарға қашап салынады. Ол рудың шежіресімен, ата жолымен ұласып жатады. Ал мал да, өріс-қоныс та, шежіре мен ата жолы да бір мезеттек нәрсе емес. Ұзақ уақыттарға жалғасатын дүнйе. Сондықтан оның тұрақтылығы көшгелі өмірде аса маңызды.
Шәкерімнің сөзіндегі тағы бір түйін, «Қай біреулері оған (бұрынғы таңбасына) бір сызық қосады. Ол бір рудан шыққан тағы бір таптың белгісі. Яғни бір ханнан бір ханға қарағандағы белгісі». Бұл қазақ руларында тармақталу болғанда, тіпті алмағайып заман болып хандық алмасқанда да таңбалардағы өзгерістің жалпы тұлғасын сақтап, болымсыз (бір сызығында) ғана өзгеріс жасайтындығын ұғындырады.
Қазақ руларының кейбірінде қосынды «+» түріндегі рулық таңбалардың кездесулері де қазақ руларының шығу тегін тәңірге табыну дәуірінен іздестіруге итермелейді. Мұндай таңбалар қазақтың төрт қара, телеу, сіргелі, керей, адай тәрізді руларында кездесетіні белгілі.4
Қазақ ру-тайпаларындағы тектестік мәселесін кем дегенде мынадай үш түрлі пактор негізінде қарастырған жөн: Біріншіден, жоғардағы ғалымдар айтқанындай ру-тайпа таңбаларындағы жақындық; Екіншіден, ру-тайпа атындағы жақындық; Үшіншіден, шежіре немесе тарихи жазбаларда байқалған жақындық.
Осындай тамырластықтың ең тереңге бойлап, бір түйіннен тұтасқан тұсын қазақтың тегі және танымымен егіз пайда болған күн мен от туралы ұғым мен бейнелеуден байқай аламыз.
+Í 卐 卍  ⊝ ☼ Å U ⊞ ⊠ ⊟ ◫ таңбалардың бір ерекшілігі дұнйенін қайсы бір аумағында болсын бір-бірі жуық табылады. Осылардың ішіндегі  мен + немесе ☼ мен卍 көбінде бір жерден табылады. Жартас суреттерінде немесе басқа бейнелеулерде бұл екеуі қатар жүреді, немесе Å U ⊞ көріністерде + баңба  таңбаның ішіне орналастырылады. Бұлардың етенелігінің бұдан мысалдарын жолықтыруға болады.
Керей таңбасын бір бөлім ғалымдар + немесе Í түрде көрсетсе, енді бір ғалымдар ◫ күйінде берген, тағы бір ғалым алау немесе күннің бейнесінде ( ) берген. Осылардың қай-қайсы да кездейсоқтық емес, бұл осы таңбалардың мағыналастылығын ұғындырадды.
таңбаларU + ÍТүркі руникалық таңбаларының орхон-енисей нүсқаларында  ұқсас дыбыс орнында (д), бір иероглиф ретінде жұмсалған. Бұл от пен күнге қатысты осы үш таңбаның бірлігінің, біздің ата-бабаларымыздың осы таңбаларды әлмисақтан мазмүндық жақтан ұқсас санап, ұқсас пайдаланып келгендігінің керейдің таңбасынан кейінгі тағы бір жанды айғағы.
+ таңба да,  таңба да ежелгі дүнйеде күн белгісі саналған.5 жоғардағы осы таңбалардың күнге, отқа, жарыққа байлыныстылығын осы журналдың осыдан ілгергі сандарында жарялаған «Күн таңбалы күн елі» аты мақаламда дәлелдеген болатынмын.
Сонымен қазақ ру таңбаларында басты орында тұратын + (от, күн),  (күн), I (от көсейтін көсеу) таңбаның үшеуі де отқа, күнге байланысты.
Түтас қазақ ру-тайпаларының таңбасының басым көп бөлегін осы бір мазмұндағы (отқа, күнге байланысты) үш таңбадан таратуға болады.
1. күн таңбасынан туған таңбалар:  ☼ €  ⊟ ◫ ♀ ☿ ♁  сияқтылар.Æ Å Ä y⊟ ∞ ♂
♀Å Ä2.от(нұр) таңбасынан туған таңбалар: +XYyVT⊢⊣ ┬ ┴ ╪ ╫ ╨ ╥╟ F≠ ‡
сияқтылар.
♀ ☿ ♁Å Ä3.от (нұр) пен күннің таңбасының бірігіп туған таңбалар:  сияқтылар.
4.от көсейтін көсеу таңбасынан (көсеу немесе әліп) туған таңбалар: IᄼᄾⅢⅡ≡ = сияқтылар.
Жоғарда көрсетілгендей түркі руникалық таңбаларының орхон-енисей  таңбалардың ұқсас бір дыбысты бейнелеуі мен керейU + Íнүсқаларында  таңбасында отқа, күнге байланысты ,+, Í, ◫ төрт таңбаның түгел байқалуынын басқа да бір бөлім рулардың таңбасында осы сияқты тектес таңбалардың аралыс қолданылуынан жоғардағы көзқарасымыздық дұрыстығына тіпті де көз жеткізе түсеміз:
Кете руының таңбасы: +, Í; Сіргелі руының таңбасы: +, ╫, ≠, ⋕; Уақ руының таңбасы: +, Í, Y; Қаракерей руының таңбасы:TV; Телеу руының таңбасы: +, X, T, ⊢, ⊣ (Телеудің төрт тармақ руының бірі «керейлі» руы); Төрт қара таңбасы: +, T, ⊢; Үйсін руының таңбасы: ≋, +, және ; Сары үйсін руының таңбасы: +, және ; Шекті руының таңбасы: + (Бұл ашамайлы сияқты таңбаның атымен аталаған ру)
Табын руының таңбасы: табын қазақ ұғымында қоралы қой, немесе қоралы мал мағынасын береді. Ерте кезде қора, қорғаннан тартып қоныста тігілетін ауыл үйлеріне дейін дөңгелене орналасатын салт болған. Қазақта мал қорасы да дөңгелек болған. Сондықтан Таңбаны табын атау орынды. Демек бұл таңбаның атымен аталған ру аты.
Гродековте бар мәліметтер бойынша, Сыр дария табындарының ұрандары - «серке» және «тостаған», ал ел арасынан жинаған мәліметтер бойынша, батыс табындарының ұраны - «алаш». Ел арасынан жинаған мәліметтер мен Тынышбаев келтірген табын руының төрт тармағының бірі - Жаманкерей.
Табындардың таңба белгілері әр түрлі. Жалпы ру таңбасы (тостаған) ; сонымен бірге табындарда тағы да (шөміш, шөмішті табын тармағында) және (әліп) таңбалары бар. «Әліп» іс жүзінде «көсеу» таңбасы.
Қаңлы таңбасы: ︱және ☼ - нұры шашыраған күн. Қаңлының тағы бір таңбасы шылбыр. Осы көсеу де, шылбыр да керейттердің таңбасында да бар.
Бұл арада тек от (нұр) пен от көсейтін көсеу таңбалары мен осылардан туындаған таңбалардан ғана мысал алдық, басқа қазақ руларында күн таңбасынан туындаған ру таңбаларының молдығы белгілі.
Тарихта ру-тайпалардың саны да, олардың таңбаларының түрі де көп болғаны белгілі. Осыған қарамастан кестедегі қазақтың 50 тайпасының таңбасының 30 ының яғни 60 пайызының от пен күнге байланыстылығы байқалады. Бұл белгілі мағынадан қазақ ұлтының мүлде көп бөлегінің от пен күнге табынатын бір түқымнан тарағандығын әйгілейді. Салыстырмалы түрде Махұмет Қашқаридің «Түрік Сөздігінде» көрсеткен Оғыз тайпаларының 21 ру таңбаларында от пен күнге қатысты ру таңбасы байқалмайды. Рашид ад-дин «Жылнамалар жинағында» көрсеткен Оғыз тайпаларының таңбаларының 24 таңбасында O ған жуық екі таңба ғана бар. «Шыңғызнама дәптерінде» Шыңғысхан бектер мен билерге бөліп берген делінген 15 таңбаның ішінде байырғы от пен күн таңбасынан туындаған деп қарауға болатын (қият таңбасы), ɤ (гираят би), ɣ (жұрматы би) үш таңба жолығады. Қият руы тарихта керейдің құрамында болған. Ал грият бидің керей би екендігі белгілі. Бұл қазақ ұлтының ойдан-қырдан құралған қырық құрау құрама ұлт емес, етникалық негізі бекем, төркіндес туысқан тайпалардан құралған ұлт екендігін дәлелдейді.
Бұлардан тыс біз және Y, y, T сияқты көптеген таңбалардың + немесе × ны өзгертуден (байырғы заманда рулар өсіп-өніп тармақталған сайын тыңнан қалыптасқан ру өз таңбасын бұрынғы ру-тайпа таңбасының жалпы бейнесін сақтап, оған сәл өзгеріс жасау арқылы жасап отырған.) пайда болғандығын байқаймыз. Оның үстіне бұндай + немесе × дан өзгеріп пайда болған Y, y, T, т.б. таңбалар жоғардағы біз салыстырған таңбалардың арасында жолықпайды.
Ру-тайпалардың туыстығын ру таңбаларына сай айыруға болатындығының бір жанды мысалын сонау осыдан 3000 жылдың арғы жағындағы қытайдың орта жазығында қағанат құрған Шаң әулетінің астанасы Ин көне жұрттарын қазғанда айқын байқалған (Шаңдарды қазіргі ұғымдағы қытайлар деп қарауға болмайды, олардың көбі терістік көшпелілерінен, шаруашылық, түрмыс тәсілінде де мал шаруашылығы басты орында тұрған. Қытайдың орта жазығында одан кейін де жүржіттер, манжулер, түріктер, моңғұлдар сияқты ұлттар құрған терістіктегі көшпелілердің әкмияті аз болмағаны белгілі.).
Осыдан бұрынғы осы журналда жарияланған «Күн таңбала күн елі» атты мақаламда «күн» сөзі мен «күн таңбасынының» тегін аршу арқыры, түтас қазақ ру-тайпаларының аты (албан, арғын, керей, қаңлы, дулат, т.б.) мен ,+) таралып, түбі бір арна, бір түйінгетаңбаларының күннен ( жинақталатындығы баяндалады. Қазақ ру-тайпаларының ұлт болып ұйысуының кездейсоқ құбылыс еместігі, оның әлмисақтан бір тұлға, бір тума екендігі, қазақтың тегі Алаш деген айтылымның дұрыстығын, алаштың да, арғынның да, албанның да, дулаттын да, керейдің де, қаңлының да (тағы басқа рулар) аты да, таңбасы да, тегі де бір тектес екендігіне алғашқы дәлел іздеген едік.
«Алаш» барлық ноғай-қазақтың, тіпті өзбектің де ұраны делініп жүр. «Алаш» дегенде, алаша ханның аты деген ұғым бойынша, ынтымағымыз осы ұранның мағынасынан шығады. Алаша ханның ұрпақтарымыз, бәріміз ру-руға бөлініп кеткен болсақ та, түбінде бір кісінің нәсіліміз, алаша ханның еліміз деген мағына айтылады (Тауарих хамса).
«Алаш алаш болғанда, ала тай ат болғанда, таңбасыз ат, енсіз қой болғанда, ...» деген жыр жолдары қазақтың арғы атасының алаштан басталатындығын, ол кезде (алаш кезінде) елдің руға, ұлысқа бөлінбегендігін, малында ала-құла ен-таңба болмағандығын, тек аты, ,+) түгел алаш болған бір ғана елұраны, таңбасы (алаш - от, нұр яғни  екендігін ұғындырады. «Алты алаш» деп күн мен оттың (нұрдың) атын өзіне та, симулын таңба қылған қазақтың ең ұйтқы тайпаларына немесе қазақтан да кең етникалық төркіндестікке қаратылған.
Сөздің түйіні - қазақ руларының аты мен таңбасының мүлде көбі күн мен оттқа (нұрға) байланысты. Ол ойдан-қырдан құралған құрамалар емес, әлмисақтан күнге, отқа (нұрға) табынған, күн мен отты (нұрды) нышан ,+) ұрпағы.еткен күн елінің (алаш - от, нұр яғни
Қазақты немесе қазақтың таяу заманға дейінгі төркіндес руларын бір-бірінен бөле қарау көзқарастарың барлығы жетесіз танымның туындысы.

ӘДЕБИЕТТЕР
1 «Қазақ ру-тайпаларының тарихы - тама», алаш тарихи-зерттеу орталығы, алматы, 2005-жылы, 1-том, 1-кітап, 25-бет.
2 Аманжолов. С, А.Вопросы диялектологии и истории казакского языка. - АлмаАта, 1959, 13-14б.
3 Шәкерім Құдайберді ұлы: «Түрік, қырғыз, қазақ әм хандар шежіресі».
4 Аманжолов. Савопросы диялектологии и истории казакского языка. - Алма-Ата, 1959, 12-14б. .
5
何新:诸神的起源》(Тәңірлердің төркіні)时事出版社,2002年,147

«alash.kz» сайты

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1489
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5529