Сенбі, 23 Қараша 2024
3842 0 пікір 13 Қараша, 2017 сағат 08:37

Ашхабадта Иранмен шекаралас сауда аймағына өту үшін кезек пайда болды

Ашхабадтың шекара қызметінің аудандық бөлімшесінде Түркіменстан мен Иранның шекаралас аймағы Гаудан-Баджигиранға өту үшін кезек пайда болды.

"Мен сияқты жұмыссыз отырған көптеген таныстарымнан олардың Иранмен шекаралас Гаудан-Баджигиранға барып, арзанға азық-түлік таситынын естідім. Мен де оларға қосылуды жөн көрдім. Ол жерге бару үшін, шекара қызметінен рұқсат қағаз аласың, ал онда құжатты аптасына бір рет қабылдайды. Кезек өте көп”, - дейді Ашхабад тұрғыны Огулмарал.

Кәсіпкерлердің сөздерінше, құжатты әзірлеуге кемінде 3-4 ай кетеді. Ал құжатты қарау процесі жарты жылға созылады екен.

Түркіменстан мен Иран шекара аймағында орналасқан халықаралық өткізу бекеті Гаудан-Баджигиран Ашхабадтан 32 шақырым қашықтықта. Шекарадан өту үшін әр адам тәулігіне 10 манат (шамамен 3 АҚШ доллары) төлейді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1474
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5450