Сенбі, 23 Қараша 2024
3329 0 пікір 13 Қараша, 2017 сағат 08:42

Өзбек мигранттары ФСБ-ның рұқсатынсыз Ресейден кете алмай отыр

Ресейдің Самара облысында шетелдік азаматтарды уақытша ұстау орталығындағы өзбек мигранттары Федералды қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) рұқсатынсыз отанына кете алмай отыр. Олардың айтуынша, әдетте арнайы қызметтің тексеруінен өткендер үйіне өз ақшасымен қайтады.

22 жастағы Дурбектің бұл орталықта қамалып отырғанына екі айдан асқан.

"10 қазанда мені өзге ұсталғандармен ФСБ қызметкерлері осы жерге әкелді. Сосын бізді миграция заңын бұзды деп соттады. Бізге қандай да бір құжатқа қол қоюымызды сұрады. Осыдан кейін он күн ішінде Ресейден кетуіміз керек болған. Біз билетті де сатып алып, дайын отырғанбыз. Бірақ бізге кетуге рұқсат жоқ деді", – дейді Дурбек.

Дурбектің айтуынша, таяуда ғана шетелдіктерді уақытша ұстау орталығынан 35 Өзбекстан азаматын ресей-қазақ шекарасына жіберген. Алайда оларды да еліне қайтуға рұқсат бермеген.

Ресейдің адам құқықтары жөніндегі уәкілі Татьяна Москалькова үкіметтен мигранттарға елдеріне қайту үшін қаржылай көмек көрсетуін сұраған. Омбудсменнің сөздерінше, мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаржының жетіспейтіндігінен, шетелдіктерді отанына депорациялау процесі ұзаққа созылып жатыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1474
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5446