Жихадшылар Сирияның Әбу-Кемал қаласын қайта бақылауына алды
"Ислам мемлекеті" экстремистік тобы жексенбі күні Сирия үкіметі армиясының әскерін басып алғаннан кейін, шекара бойындағы стратегиялық қала Әбу-Кемалды қайтадан бақылауына алған.
Бұл жөнінде бас пәтері Лондонда орналасқан адам құқықтарына мониторинг жасайтын орталық хабарлады. Сирия үкіметінің әскері Әбу-Кемал қаласынан кері шегінген. Хабарға қарағанда, қала шетінде қатты ұрыс болып жатыр.
Өткен бейсенбіде Сирия армиясының сарбаздары ИМ-нің қорғанысын бұзған болатын. Олар қалаға кіріп, жихадшылардың соңғы қамалын алған еді. Жеңістен кейін, олар қаланы террористерден тазарта бастаған. Күрес аймағындағы дереккөздің хабарлауынша, Сирия әскері қаланы қоршауда ұстап тұр.
Abai.kz