Жұма, 22 Қараша 2024
Әлеумет 6279 2 пікір 15 Қараша, 2017 сағат 08:24

Зейнетақы қорындағы ақшаның неге өсімі аз?

БЖЗҚ-ға (зейнетақы қоры) салынған азаматтардың жиынтық ақшасының өсімі тұтыну тауарлары бағасының өсімінен төмен болып отыр. Нақты айтқанда, үстіміздегі жылдың үш тоқсанында БЖЗҚ-ға 7 трлн. 539 млрд. теңге жинақталса, солардың үш тоқсандағы өсімі 462 млрд. теңге, яғни 6,1%  болған. Ал осы уақыттағы инфляцияның өсімі 7,1% болды. Демек, БЖЗҚ салымының өсімін инфляция түгел жеп қоюмен қатар жинақталған қаражатқа да ауыз салған... Жанар-жағар май бағасының артуымен, теңгенің әлсіздене түсуінен инфляция күшейіп, жинақталған қаражат өсімінің төмендей түсуін болжау қиын емес. Қабылданған заңдарымыз жинақталған қаражаттың инфляциядан сақталуына кепілдік береді. Бірақ төленетін өтемақы түсім мен инфляцияның айырмасынан аспайды. Сондықтан БЖЗҚ салымына ешқандай өсім болмайды деген сөз.

Оның өсімі тіпті банктердегі қатардағы депозиттерден де кем. Олар БЖЗҚ өсіміне қарағанда екі есе артық өсім бере алады.  Осының өзі БЖЗҚ қаражаты кірістері төмен жерлерге құйылып жатқанын көрсетіп тұр. Бүгінгі таңда оның қаражаты мемлекеттік, квазимемлекеттік құрылымдар және екінші деңгейдегі банктердің облигацияларын, сонымен қатар шет мемлекеттердің құнды қағаздарын сатып алуға жұмсалып отыр. Тағы бір бөлігі отандық және шетелдік банктерге депозит ретінде салынуда.

Мәжілістегі «Халықтық коммунистер» фракциясы атынан депутат Айқын Қоңыров палатаның жалпы отырысында осы мәселелерді айтып, азаматтарымыздың зейнетақыға жинақтап отырған қаражатының өсімі болмағанына және осы қаражаттың кірісі төмен бизнестерді ешкімге білдірмей ішінара қаржыландырып отыруға жұмсалатынына алаңдаушылық білдіріп, Ұлттық банк төрағасы Д.Ақышев пен Қаржы министрі Б.Сұлтановтың төмендегі сұрақтарға жауап беруін талап етіп отыр:

1. 2014-2017 жылдар аралығында БЖЗҚ инвестициялық кірісі әрбір жыл бойынша қанша болғандығы туралы дерек беруді;

2. Зейнетақылық жинақ қаражатының кірісі бүгінгі күні қалай есептелетінін көрсетуді;

3. Осы 2014-2017 жылдар аралығында жинақталған зейнетақы сомасына инфляцияға байланысты бюджеттен төленетін өтемақы көлемі қанша болғандығын айтуды;

4. Таза инвестициялық кіріс деңгейі бойынша орта кезеңге арналған мақсатты бағдар туралы хабарлауды;

Бұл мәселелер халық қалаулыларының БЖЗҚ қаражатының аман сақталуына азды-көп бақылау жасаудың амалдары екені сөзсіз.

С.Елеу, сарапшы

 

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1434
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3199
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5129