Онлайн семинар-тренинг озық тәжірибені ортаға салады
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті 2017 жылдың 15 қарашасында «Мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру мен стандарттауды іске асыру жолдары» республикалық онлайн семинар-тренингін өткізеді деп хабарлайды Абай-ақпарат ақпараттық агенттігі.
Семинар-тренингтің мақсаты – Мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру мен стандарттау жолдарын онлайн режимі арқылы жүзеге асыру, озық тәжірибені зерделеу және қорыту, оқытудың қазіргі заманғы нысандарын, әдістері мен технологияларын тәжірибеге енгізу болып табылады. Семинар-трениниг ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің 303 кабинетінде сағат 9:30-да басталады.
Семинар-тренингке ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің қызметкерлері, Мемлекеттік тілді оқытудың өңірлік орталықтарының мамандары, ғылыми-әдістемелік кеңес мүшелері, аймақ ғалымдары мен тіл мамандары қатысады.
Семинар-тренинг барысында әдіскер-ғалымдар онлайн режимі арқылы мемлекеттік тілді оқытудың тиімді технологиялары мен әдіс тәсілдерін ортаға салады. Сондай-ақ, тілдерді оқыту орталықтары мен республикаға белгілі үздік әдіскерлер шеберлік сабақтары мен онлайн сабақтарын көрсетеді.
Байланыс телефондары: 8(7172) 740877, 408367, 87470311632
Абай-ақпарат