Жұма, 27 Желтоқсан 2024
4585 6 пікір 20 Қараша, 2017 сағат 08:23

Ташкентте діндарлардың үйлерін тінтіп, өздерін қамауға алып жатыр

Өзбекстан астанасында және Ташкент облысының Зангиата ауданында соңғы бірнеше күнде шамамен 80 діндар ұсталған. Оларды Зангиата аудандық ішкі істер басқармасы мен Ташкент ішкі істер департаментіне жеткізіп, тергеген.

Өзбекстанның тәуелсіз адам құқығын қорғаушыларының бастамашыл тобының басшысы Сурат Икрамовтың хабарлауынша, милиция қызметкерлерінің үйлерінде тінту жүргізгенін айтып, бір топ әйел шағымданған. Олар хаттамалардың көшірмесін берместен, адамдарды ұстап әкеткен. Ішкі істер қызметкерлерінің барлығы қарапайым киіммен келген.

Шағымданған әйелдердің бірі тергеуде болғанын, одан 2008 жылдан бері іздеуде жүрген туысы туралы сұрағанын айтты.

Үйінде тінту жүргізілген тағы бір әйел милиция қызметкерлері 23 жастағы ұлы Насруллохты ішкі істер департаментінде соққыға жыққанын хабарлады. Әйелдің күйеуі 2001 жылдан бері діни көзқарасы үшін түрмеде отыр. Дәл осындай айыппен сотталған оның ағасы түрмеде азаптаулар салдарынан қайтыс болған.

Сурат Икрамовтың хабарлауынша, Ұлттық қауіпсіздік қызметінің "қара тізіміндегі" діндар адамдардың туыстарын ұстау жалғасып жатыр.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052