Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2001 0 пікір 13 Желтоқсан, 2010 сағат 09:41

«Ақ жол» демократиялық партиясының мәлімдемесі

«Ақ жол»  демократиялық партиясының

МӘЛІМДЕМЕСІ

1917 жылдың 13 желтоқсанында  тұңғыш Ұлт Кеңесі - Алашорда үкіметі құрылды. Алаш автономиясының жариялануы  мен Алашорда  үкіметінің құрылуы қазақ халқының дербестік пен тәуелсіздікке ұмтылысын ешкімнің ешқашан жоя алмайтынының жарқын дәлелі болды. Алаштың ұлы  қайраткерлерінің жанқиярлық ағартушылық, саяси, азаматтық қызметтері  қазақ санасын қысқа уақыт ішінде жаңа деңгейге көтерді, өшпес терең із қалдырды.

Алашорда үкіметі - қазақтың заманауи , демократиялық  мазмұндағы тұңғыш үкіметі .  13 желтоқсан - қазақ тарихындағы ұлы күн.

2007 жылы "Ақ жол" партиясының басшылығы  Үкіметке осы ұлы күннің 90 жылдығын  оның ел тарихындағы маңызы мен орнына,  Алаш арыстары әруағына  лайық абыройлы да көлемді , мағыналы да тәлімді атап өтуді ұсынған еді. Өкінішке орай Қазақстан үкіметі бұл ұсыныстарды қабылдамай , формальді түрде  "мерейтойлар 25 жылда бір аталады  " деп жауап берді .

Бүгін біз Республика үкіметіне  тарих , қазақ және болашақ алдындағы жауапкершілігін ескере отырып төмендегідей шаралар қабылдауды ұсынамыз.

1. 13 желтоқсанды ресми түрде  "Алашорда " күні деп атау.

2. Жыл сайын  қараша мен желтоқсанда барлық оқу орындарында , мемлекеттік органдар мен әскери бөлімшелерде  "Алаш тағылымдары " айдарымен сабақ , дәріс , жиналыс , көрме т.б. шаралар өткізу.

3. Астанада  " Алашорда" аллеясын ашып , онда Алаш қайраткерлерінің ескерткіштерін орнату.

«Ақ жол» партиясының

төрағасы Әлихан  Байменов

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5547