Жұма, 22 Қараша 2024
Құйылсын көшің 7408 9 пікір 23 Қараша, 2017 сағат 12:15

Көші-қон: ұсыныстарымыз өтсе, Заң кемелдене түспек

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы және көш-қон мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне келіп түсті.
Топтың жетекшісі талантты қаламгер, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұсырман Кәрібай Иманжанұлы (Суретте).

Жұмыс тобының бірінші отырысы 21 қараша күні Мәжілісте өтті.
Аталған талқылауға сарапшы ретінде қатысуға шақырылғанымды айта кеткенім артық болмас.

«Халықтың көші-қоны туралы» заңы қайталай өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгеннен бері қандастарымыздың құжттануына кең жол ашқан еді.

Дегенмен, Заңда әлі де жетілдіре түсетін баптардың бар екенін  жоққа шығара алмаймыз. Себебі, екі жылға таяу уақыттан бері біраз тәжірибе жинадық.
Сондықтан, "Халықтың көші-қоны туралы" Заңын одан ары жетілдіре түсу мақсатында өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп жатқан осы жобаға қатысты үш Заң жобасының төрт бабына өзерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныс бердім.

Атап айтар болсақ:

Бірінші, «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі №477-IV Заңының 10-бап. ҚР Сыртқы істер министрлігінің және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің құзыретіне 5-2) етіп, жаңа тармақша қосу

5-2) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу үшін өтініштер берген этникалық қазақтардың құжаттарын қабылдайды, тіркейді, оларды халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жібереді және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша жүзеге асырады;

Егер, бұл бап мақұлданса, қандастарымыз Қазақстан Республикасының азаматтығын шетелдегі мекемелерінен (консулдықтарынан) ала береді. Ал, мұндай тәжірибе көрші Ресей Федерациясында және Батыс елдерінде бар.

Екінші, Осы Заңның 25-бабы. Оралман мәртебесінің тоқтатылуы деген бабының "3) оралман мәртебесін алған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін тоқтатылады" деген тармақшасына «Оралман мәртебесінің мерзімі өтіп кеткен жағдайда тоқсан күнге бір мәрте ұзартып беріледі.» деген сөйлемді қосу.

Үшінші, «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» 1991 жылғы 20 желтоқсандағы №1017-XII Заңының Жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау шарттары туралы 16-1-бапқа.

Қолданыстағы нұсқа: 1) тұру мерзіміне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында заңды негіздерде тұрақты тұратын оралмандар;

Ұсынылған нұсқа: 1) тұру мерзіміне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында заңды негіздерде тұрақты тұратын ҰЛТЫ ҚАЗАҚ АДАМДАР;

Төртінші, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V Кодексінің 517-бабына мынадай ескертпе қосуды ұсындым:

Ескертпе. Осы баптың екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші бөлігінің «не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға не Қазақстан Республикасының шегiнен әкімшілік жолмен шығарып жiберуге әкеп соғады» деген нормалары этникалық қазақтар мен оралмандарға қолданылмайды.

Егер, аталған баптың соңына бұл ескертпе қосылса, 
"Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын бұзған қандастарымыз он тәулікке қамалмайды және келген еліне әкімшілік жолмен шығарып жiберілмейді. Ары кеткенде айыппұлмен құтылады...

Қорытып айтқанда, аталған толықтырулар мен өзгерістер "Халықтың көші-қоны туралы" Заңын одан ары кемелдендіре түседі. Қандастарымыздың көптеп келуіне, тез құжаттануына жол ашады. Ең бастысы, Елбасымыздың Дүниежүзі қазақтарының бесінші құрылтайында айтқан "Елім, жерім деп еңіреген әрбір қа­заққа Қазақстанның есігі әрқашан ашық, айқара ашық. Ешкімге шектеу жоқ. Біз көшіп келуге ниет еткен ағайынға жол сілтеуді тұрғылықты жерінен бастауымыз керек. Біздің барлық мем­лекетте елшіліктеріміз бар, сол елші­ліктер азаматтардың құжаттарын қамдап, қоныстанатын жері туралы кеңес беруі тиіс!" деген тапсырмалары қапысыз орындалатын болады.

Демек, бұл өзерістер мен толықтыруларды Параменттің қос палатасы толық қолдайды деген сенімдемін!

Сөйтіп, маған «Халықтың көші-қоны туралы» Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы жауапты жұмысқа екінші рет қатысу орайы туып отыр.

Алла, сәтін салғай!

Ауыт Мұқибек

23.11.2017

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1454
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3217
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5258