Президент Иван Шеголихиннің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Астана. 13 желтоқсан. ҚазТАГ – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев белгілі қазақстандық жазушы Иван Щеголихиннің қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп президенттің баспасөз қызметінен хабарлады.
«Бұл барша қазақстандықтар үшін, жеке мен үшін ауыр қаза. Тамаша адам, дарынды тұлға өмірден өтті. Жазушы және Азамат. Бұл сөздер ең жоғары мәнге ие. Иван Павлович бізге өзінің әдеби мұрасын, қазақ әдебиеті классиктерінің кәсіби аудармаларын қалдырды. Иван Павлович Щеголихиннің жарқын бейнесі әрдайым біздің жүрегімізде сақталады», делінген Мемлекет басшысы жолдаған жеделхатта.

И. Шеголихин 1927-ші жылы Қостанай облысында дүниеге келген, 1958-ші жылдан бері КСРО жазушылар одағының мүшесі. Оның танымал романдары мен повестері - «В одном институте», «Храни огонь», «Дефицит», «Не жалею не зову не плачу», «Машина бремени», «И снова утро», «Пятый угол», «Слишком доброе сердце», «Снега метельные», «Шальная неделя», «Должностные лица», «Желтое колесо», «Хочу Вечности», «Холодный ключ забвенья», «День Лазаря» мен т.б.
Ол ең бірінші болып орыс тіліне Мұқтар Әуезовтың, Сәкен Сейфуллиннің, Сәбит Мұқановтың, Мәлік Ғабдулиннің және басқа да қазақ әдебиетінің классиктерінің шығармаларын аударды.
И. Шеголихин тәуелсіз Қазақстанның саяси тіршілігіне белсенді қатысты, ҚР президентінің жанындағы ұлттық кеңес мүшесі, жоғарғы кеңес депутаты, ҚР парламентінің сенаты болды.