Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 1985 0 пікір 14 Желтоқсан, 2010 сағат 05:46

Алматы облысында ауыр жүгі бар 5 автофургонмен 7 адам қар құрсауында қалып отыр

Алматы. 14 желтоқсан. ҚазТАГ – Алматы облысының Үшарал-Достық автожолының 105-ші шақырымында дүйсенбі күні қар құрсауында қалған ауыр жүгі бар  5 автофургонмен 7 адамды құтқару  жұмыстарын өңірлік жол қызметі мен шұғыл әрекет қызметі жүргізіп жатыр, деп Қазақстан ТЖМ хабарлады.

Ведомствоның мәліметтерінше, Достық стансасынан Үшаралға бет алған автокөлік пен адамдардың қар құрсауында қалғаны туралы ақпарат 12:50-де келіп түскен.

ТЖМ-нің облыстық АДО-ға келіп түскен оперативтік мәліметтер бойынша, құтқару операциясына Қазавтожол  ДЭУ-19-дың, «Кеденсервис» жол техникалары, сондай-ақ Алматы облысының Алакөл аудандық ТЖ жөніндегі оперативтік бөлімше тартылған, деп хабарлайды министрлік.

ТЖМ хабарлауынша адам өміріне ешқандай қауіп жоқ. «Аталған учаскеде Қазавтожолдың жылынатын ДЭУ-19 қосыны бар», - делінген хабарда.

Бұл ретте, ТЖМ мәліметтерінше, Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауы себепті (жауын-шашын, көктайғақ, тұман) дүйсенбінің 19 сағат 30 минутынан бастап Ақтөбе - Атырау  автожолының 11-92-ші шақырымдарында және Самара – Шымкент автожолының 753-891 шақырымы аралығында (Бөгетсай кенті маңы) көліктің барлық түріне жол жабылды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5555