Мырзахан Айсарин. «Путин – ақымақ, нағыз ақымақ» - дейді Березовский
Кремльдің қас жауы, орыс олигархы Борис Березовский Ресейдегі жағдай мен билік үшін болып жатқан тартыстар хақында сұхбат беріпті. Оның пікірінше, біүгінгі күні орыс элитасының басым көпшілігі биліктің басында Владимир Путиннен гөрі Дмитрий Медведевтің отыра бергенін қалайтын көрінеді.
«Ресей элитасы деген кезде мен нақты шешімдерді қабылдап немесе ол шешімдердің қабылдануына ықпал етіп отырған азаматтарды меңзеп отырмын... Ондайлардың саны бүгінгі күні бес мың адамдай. Бұлардың үстінде суперэлита бар: олар Медведев пен Путиннің деңгейіндегі шешімдердің қабылдануына ықпал етеді. Ондайлардың саны елу адамнан аспайды» - дейді Борис Абрамұлы.
«Осы элитаның ішіндегі қанша пайызы 2012 жылы Путиннің қайта оралғанын қалайды дейсіздер ғой? Жауап берейін: нөл пайыз. Неге дейсіздер ме?... Путин тым ызақор, кекшіл, қауіпті, оның үстіне ақымақ болып шықты. Оның шаттанып бүткіл Ресейді «Лада» машинесіне мініп кезуі оның барлығы үшін қауіпті ақымақ, нағыз ақымақ екенін айқындап берді. Орыстың жақсы мақалы бар «Ақымақпен тапқанша, ақылдымен жоғалтқан артық» деген. Сондықтан оның оралуын ешкім де қаламайды. Жаңағы бес мың адам оның қайтадан таққа отыруына қарсы...», - деп отыр орыс олигархы.

«Сондықтан, - дейді Борис Березовский, - барлығы үшін 2012 жылы Путиннің емес, Медведевтің отыра бергені тиімді. Келесі он екі жылдық билікке Путиннің келмегені дұрыс. Егер ол билікке оралатын болса, Ресей деген мемлекет құрдымға кететіні айдан анық!»
«Абай-ақпарат»