Бес айда 3200 мыңнан астам есірткі құқық бұзушылығы анықталған
Жақында Ішкі істер министрлігінде Минисдің бірінші орынбасары Марат Демеуовтың төрағалық етуімен селекторлық кеңесте өткен болатын. Онда «Көкнәр-2017» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындылары жайлы айтылды, деп хабарлайды Абай ақпарат.
Есірткі бизнесіне қарсы күрес департаменті басшысының орынбасары Жанат Битенов есірткілердің заңсыз айналымы еліміздің ұлттық және экономикалық қауіпсіздігі негізін бүлдіретін өзекті мәселе болып табылатынын атап өтті.
- Жамбыл облысы аумағында Шу алқабы орналасқан.Өздеріңз білетіндей, Шу құрамында есірткі бар өсімдіктер көп өсетін орын. Ол еліміздің аумағында, сондай-ақ, одан тыс жерлерде есірткілерді жинаумен, қайта өндеумен және таратумен айналысатын қылмыстық топтардың назарын өзіне аударады. Сондай-ақ Қызылорда облысы да осы санатта. Бұл аймақтағы есірткі сатушылар «үнді қарасорасын» өсірумен айналыспақшы болды, - деді басқарма басшысының орынбасары.
Арнайы операция қорытындысын шығарған ІІМ-нің есірткіге қарсы қызметінің басшысы құрамында есірткі бар өсімдіктерді дайындау және трафиг фактілерінің жолын кесу, «ауған» есірткісі трафигінің арналарын жою, ұйымдасқан қылмыстық есірткі топтар әрекетінің жолын кесу бойынша қойылған міндеттерді іске асырылғанын атап өтті.
Операцияға қатысуға ҰҚК және оның шекара қызметтерінің, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің күштері, полицияның арнайы бөліністері және Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жұмылдырылды.
Орман шаруашылығы, жер пайдалану, аңшылық шаруашылық пен қорықшы қызметі қарасора өсіру орындарын анықтауға анықтауға жұмылдырылған.
Жолы қиын аймақтарда модульді жылжымалы пункттер, өтімділігі жоғары автокөлік, пилотсыз ұшу аппараттары және ұшақтар қолданылды. Бұл өткізілетін іс-шаралардың тиімділігін арттыруға және операция міндеттерін орындауды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Аэроғарыш комитетімен өзара іс-қимыл жасаса отырып, құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру үшін жарамды аумақтарға ғарыш мониторингі жүзеге асырылды.
«Көкнәр-2017» операциясының небәрі 5 айында 3200 мыңнан астам есірткі құқық бұзушылығы, оның ішінде 1370 астам қылмыс анықталған. Оның ішінде 730 сату фактісі, 55 контрабанда фактісі, 220 құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру фактілері, оның ішінде 85 жоғары концентратталған «Үнді қарасорасын» өсіру фактісі анықталған.
- Есірткі бизнесімен айналысатын 5 ұйымдасқан қылмыстық топ әрекетінің жолы кесілді. Заңсыз айналымнан 130 тоннадан астам әр түрлі есірткі, оның ішінде 90 тонннадан артық өсірілген қарасора, 28 тонна жабайы өсетін марихуана, 138 кг «гашиш» және 28 кг героин алынды,-дейді Жанат Битенов мырза.
Мысалы, шілдеде Шу өңірінде Ресей Федерациясының азаматынан
1 тоннадан астам марихуана алынғаны туралы ақпарат тараған болатын. Қазанда Жамбыл облысында тұрғыннан 9 кг героин, Павлодар қаласында жүк автомашинасының жасырын жерінен 180 кг марихуана алынған.
Жалпы сомасы 30 млн әр түрлі есірткілердің бір рет қолданатын мөлшерінің заңсыз айналымына тосқауыл қойылған.
Біле жүріңіз: «Көкнәр» операциясы жыл сайын маусымнан бастап қазан айы аралығында жабайы өсетін құрамында есірткі бар өсімдіктер өсетін және пісетін кезде өткізіледі, оның негізгі міндеттері:
- Шу алқабынан каннабис тобы есірткілерін дайындаумен және шығарумен айналысатын адамдарды анықтау және ұстау, «ауған» есірткілерін транзиттеу арналарын жою;
- каннабис тобы есірткілерінің алғашқы шыққан жері ретінде есірткі өндіруді жою;
- қылмыстық жолмен кіріс табу үшін криминалдық қызметпен айналысатын қылмыстық топтардың экономикалық негізін бүлдіру;
- нашақорлық пен есірткі қылмысы деңгейін төмендету болып табылады.
Abai.kz