Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 1883 0 пікір 15 Желтоқсан, 2010 сағат 07:27

Нұра Матай. Тобырлар көтерілісін көрсете алмаудың астарындағы ақиқат

11-нші желтоқсан күні Мәскеуде тақырбастар аталып кеткен әсіреұлтшылдар Гитлердің салтымен оң қолын алға созып, «Мәскеу - мәскеуліктер үшін, Ресей - орыстар үшін ғана» деп ұрандап Ресей астанасының қақ ортасында ойран салғаны белгілі. Мыңдаған әсіреұлтшыл орыс жасының есірген екпінінен орыс милиициясының есі шығып, бекерде сесті көрінетін орыстың күштік құрылымдарының аяғы дірілдеп аянышты хал кешті. Әсіреұлтшылдар Мәскеу көшелерінде жолай кездескен орыс емес өзге ұлт өкілдерін өлімші қылып сабап тастап, тайраңдап бет-бетімен кетіп жатқанын интернеттен бүткіл дүние көрді. Орыстың ішкі ахуалы сын көтермейтін халде екеніне куә болды.

Ал, бұл оқиғаны орыс телеарналарының беруі Ресейдің әлі күнге өзі мирасқоры болып отырған совет өкіметінің шеңберінен шыға алмағанын паш етті. Мысалы, «Коммерсантъ» басылымының жазуынша, Ресейдің мемлекеттік арналары ә дегенде Мәскеудің дәл ортасындағы әсіреұлтшылдардың топалаңын көрмеген. Тек кешкі хабарларының соңғы жағында ғана шолтиып бере салған. Онда да орыс жастарының ойранының әсіреұлтшылдық бағытта өтіп, орыс емес ұлт өкілдері қала көшелерінде қан қақсап жатқанын мүлдем көрсетпеген. Басылым Ресейдегі «Дождь», «РЕН.ТВ» арналары ғана болған оқиғаның мәнісіне үңіліп, барынша талдап бергенін жазады.

Қазақстандағы мемлекеттік арналардың ішінен «Қазақстан» ұлттық арнасы ғана әсіреұлтшыл орыс жастарының сойқанынан қысқа сюжет көрсете алды. Басқа арналар жұмған аузын ашпады. Сенбі күні де, содан кейін де. Былайда орыстың сойылын соғып, солардың қолын сүюге кезектесіп жүретін біздің арналар өздерінің орысқа жан-тәнімен берілгенін қожайынына тағы бір рет дәлелдеді. Ел тек интернеттен орыстың өз ішіндегі ойранын көріп қалды.

Бұл жерде ең әуелі еске түсетіні елге ақпараттың бүкпесіз әрі уақытында жетуі және ақпараттық қауіпсіздік. Көктемдегі Қырғызстандағы толқуларды  біздің жалтақ арналар  жансала жариялап жатты. Тіпті, көрерменін көшеге шықсаң көретін күнің осы деп қорқытты. Әрине, мұның артында көлеңкесінен қорқатын сужүрек, өз-өзіне деген және халқының сенімінен ада қазақ билігі тұрғаны анық. Оның үстіне жоғарының цензурасын екі еселеп орындайтын телеарналардағы шолақ белсенділер мен әсіре бастықсымақтардың, ішкі цензурасы тастүйін журналистердің де қосқан үлесі көп екені белігілі. Жақын шетелдердегі оқиғалар сондай  сұрмен беріліп, Ресейдегі сойқанның еленбеуі - елдің ішіндегі ақпараттық шындықтың бесігінде күнде шетінеп жатқанын білдірсе керек.

Шетелдік ақпараттардың алалап берілуі қоғамның ақпарат алу құқығын өрескел бұзып қана қоймай,   ақпараттық дамуға ілесе алмай қалуына әкеліп соғады. Ендеше, көрерменінің көкейіндегісін ескермейтін «отандық» телеарналарды  ел сенімінен кеткен биліктің сыңары деп айтуымызға тура келеді. Жұрттың жаппай кабелдік телеарналарды қарайтыны осыдан. Яғни қоғам шынайы ақпаратқа сусап отыр. Ал, еліміздің арналары оның қажеттілігін қамтамасыз етудің мүмкіндіктерін еш ойлар емес. Қамтамасыз еткен былай тұрсын, биліктің астауына байланған телеарналар халықтың ішіндегі айдаһарды оятпауға оның оянуына түрткі болады-ау дейтін дүниенің бәрін де жанталаса жасырып бағады. Ресейдегі әсіреұлтшылдардың тобырлық топалаңын тығып қалған телеарналардың әрекеті осыған дәлел. Рас, технология күн сайын жаңарып, дамып отырған заманда билік пен биліктің бақылауындағы  телеарналардың бұл әрекеті күлкі мен аяушылықтан басқа ешнәрсе де тудырмайды.

Ал, ақпараттық қауіпсіздік туралы бұл жерде сөз қозғаудың өзі артық. Тіпті, ақпараттық қауіпсіздік дегеннің өзі біздің елде жиі өтіп тұратын үлкен жиындардың сәнін келтіретін кезекші сөзге айналғанын дәлелдеп жатудың қажеті жоқ. Мәсукеудегі әсіреұлтшылдардың әсіре «қылығын» қоғамнан жасырғысы келген арналарымыздың  әрекетіне қарап,    ақпараттық кеңістікте кімге тәуелді  екенімізді біле түскендейміз. Оған елдегі орысшылдықты қосыңыз. Және соңғы дерек бойынша, Ресеймен әріптес елдердің рейтингісінде Қазақстан бірінше орынға шығыпты. Бұл да көп нәрседен хабар берсе керек.

Абай болайық, ағайын.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543