Сенбі, 21 Желтоқсан 2024
Әне, көрдің бе? 4897 5 пікір 30 Қараша, 2017 сағат 08:15

Керекуліктер Президент күні қарсаңында мемлекеттік тілде диктант жазды

Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында және  «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2017 жылғы  29 қараша күні «Ана тілі» орталығында  мемлекеттік тілде диктант жазу шарасын ұйымдастырды.

Диктант жұмысына қазақ жазушысы Міржақып Дулатовтың адамгершілік, мейірімділік және қайырымдылық қасиеттерді насихаттауға арналған «Байлық» әңгімесі қолданылды.

Мемлекеттік тілдегі сауаттарын байқауға және білімін одан әрі жетілдіруге бағытталған шараға этномәдени бірлестіктерінің мүшелері, қазақ тілі курсының тыңдаушылары және жастар қатысты.

Шара қатысушыларын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтай келе, «Тіл – мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, сондай-ақ ұлттардың ынтымағы мен бірлігін жарастыратын да, Тәуелсіздігімізді тұғырлы ететін де, елімізді жаңа белестерге шығаратын да осы мемлекеттік тіліміз» деп түйіндеді  өз сөзін облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы С.Османова.

Үздік қатысушылар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған дөңгелек үстел шарасында дипломдармен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталатын болады.

Abai.kz

 

5 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1933