Шәріпхан Қайсар. Кәрім Мәсімов «көмекші болып қаламын» деді
Тәуелсіздігімізге 19 жыл толғанда басқаны қайдам қатты толқыған адам премьер-министр Кәрім Мәсімов болып шықты. Бірақ Қажымұқанұлының қатты толқуына басты себеп Елбасының қолынан «Бірінші президент» орденін алғаны болса керек.
Ақ Ордада «Бірінші Президент» орденін омырауына тағып тұрып ол былайша таси сөйледі:
- Нұрсұлтан Әбішұлы, мен өзімді көңіл күйге көп беріле қоймайтын адаммын ба деуші едім. Бірақ бұндай сәтте толқымай қалу мүмкін емес екен. Бұл ақиқатқа ешкімнің таласы болмаса керек, өзіңіз туын көтерген Қазақстан мемлекетінің Тәуелсіздік алғанына 19 жыл толды! Қазір еліміздің кез келген азаматы «Бақыттымын, Қазақстан Республикасы аталатын елде тұратыныма, бақыттымын, сондай елді кемел басқарып отырған президентімнің барына» деп мақтанышпен айта алады,- дей келіп, Мәсімов сөзін төмендегіше түйіндеді:
- Нұрсұлтан Әбішұлы, мен бұны жария түрде айтып жүрмін, тағы да қайталайын. Мен сіздің көмекшіңіз болғанмын, қазір де сіздің көмекшіңізбін және өмір бойы көмекшіңіз болып қаламын.
Премьер-министрдің омырауына «Бірінші Президент» орденін тағар алдында Елбасы
- 2008-2009 жылдардағы қаржы дағдарысы тұсында Кәрім Қажымұқанұлы көп қажыр қайрат танытты. Оның ерен еңбегінің арқасында еліміз дағдарыстың салқынына бой алдыра қойған жоқ,- деді.

Мәсімовтың еңбегі ескеріліп мараптталған соң вице-премьер Әсет Исекешев «Құрмет», Төтенше жағдайлар минстрі Владимир Божко 1-ші дәрежелі «Барыс», Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед «Парасат» ордендерінің иегерлері атанды.
2-ші дәрежелі «Барыс» ордені Президент әкімшілігінің жетекшісі Аслан Мусинге, Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетовке, Мәжіліс төрағасының орынбасары Жәнібек Кәрібжановке табыс етілді. «Парасат» ордені Президенттің кеңесшісі Ермұхмабет Ертісбаев пен «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының төрағасы Қайрат Келімбетовке табыс етілді.
P.S. Қазақстанда қандайда бір қарбалас аяқталған соң кеудесіне кезекті рет «сөлкебай таққан» шенеунік атаулы қызмет ауыстырып жататын дәстүр бара емес пе? Сол дәстүрді еске алсақ, Кәрім Мәсімовтың қатты толқуы және оның Елбасына «сізге өмір бойы көмекші болып қаламын» деуі тегін емес сияқты. Сонда Қажымұқанұлы қайда бармақ, енді қай қызметтің басын шалмақ? Қай қиырға сілтесе де біздегі шенді шекпендінің бәрі Назарбаевтың көмекшісі немесе кеңесшісі болып жүре береді ғой. Мәсімовте сүйтетін шығар...
«Абай-ақпарат»