Алматыда "аты-жөні" тарихи шешімін тапқан көшелердің ортасында ұзына бойы жалғыз көше кешегі Совет өкіметі төңкерісшілерінің бірі, жазушы-прозаик, қызыл идеолог Д.А. Фурмановтың атымен аталып келген еді. Сол көшенің атауы ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың атына берілді. Мегаполис тұрғындары түбі Фурмановтың Назарбаевқа ауысатынын көптен бері күтіп жүр еді. Ақыры, міне, Тұңғыш Президент күнінің қарсаңында Алматы қалалық мәслихатының депутаттары бір ауыздан қолдап әйдік көшенің атын өзінің иесіне беріп тынды.
Бізде әдетте кез-келген ақпарат алдымен орыс тілінде тарайды. Қандай мәлімет ақпар болса да, ол ақпарат Мемлекетіміздің мемлекеттік тіліне соңынан аударылады. Сондықтан оқырман қауымнан кешірім сұрай отырып, ақжолтай хабарымызды ресми түрде тарап жатқан орыс тіліндегі ақпарат бойынша жылдам жеткізуге асықтық. Сонымен...
Единогласное решение было принято на сессии городского маслихата. Депутаты отметили, что общественность города долго ждала этого исторического решения.
Улица Фурманова переименована в проспект имени Нурсултана Назарбаева, сообщила пресс-служба акима Алматы.
"На сессии маслихата Алматы VI созыва с учётом многочисленных предложений жителей мегаполиса по согласованию с городской ономастической комиссией и Республиканской ономастической комиссией при Правительстве РК принято решение о присвоении одной из главных улиц Алматы имени первого Президента Республики Казахстан – Елбасы Нурсултана Абишевича Назарбаева", – говорится в сообщении.
Аким Алматы Бауыржан Байбек отметил, что после внесения в ономастическую комиссию предложения о переименовании 112 повторяющихся улиц поступило большое количество обращений от представителей интеллигенции, НПО, горожан и особенно от молодёжи о присвоении имени Елбасы одной из главных улиц мегаполиса – улице Фурманова.
Ілияс Ақбай
Abai.kz