Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2428 0 пікір 8 Маусым, 2009 сағат 09:59

Ержан БАЙТІЛЕС. Намыссыздық

Әй, күйіп кетті-ау, білем. Намыстан жарылардай болды. Жігіттердің жігер таныта алмағанына іші удай ашыған болуы керек. Бүкіл әлемнің алдында масқара болып жеңіліп жатқанға шыдамады. Қаз-қатар тізілген сарбаздардың шебін бұзып өтіп, жасыл алаңға қарай тұра жүгірді. Сөйтті де, ағылшын құрамасының қақпасына күмп етіп қойып кетті. Гол (?).
Торға түскен торғайдай қақпа ішінде тыпырлап жатқан қызуқанды жанкүйерді төрт сарбаз аяқ қолынан көтерді де, сыртқа алып кетті. Сорлап қалды-ау, бейшара бала. Ол жетіскеннен жүгірді дейсіз бе? Іші оттай өртеніп барады ғой. Сол жердегілер де, осы оқиғаны естігендер де «ішіп алған шығар, жоқ, ол шегіп алған болуы керек» деген өз долбарларын айтып жатты. Менің есіме сол кезде Желтоқсан көтерілісі түсті. Солақай саясатқа қарсы шығып, бастарын бәйгеге тіккен жастарды сол уақыттағы елдің сөзін сөйлейді деген кейбір азаматтар «нашақор» деп айыптамап па еді? Әрине, жанкүйердің әрекетін желтоқсаншылармен салыстыруға келмес. Бірақ біздің жұрттың отқа түскен көбелектей намыс үшін шырылдаған азаматтарын қорғау былай тұрсын, қосыла сабайтынына тағы бір мәрте көз жеткендей. Ой, дүние-ай, туған ұлын төмпештейтін бізден басқа тағы қандай жұрт бар екен?!

Кездесуден кейін сақшылардан сыр тартып көрдік. «Хулиганство» деп бірден кесіп айтты. Қамап тастайтын көрінеді. Ол үшін арнайы бап бар екен. «Сабап тастады-ау» дедік біз. Миығынан мырс етті. Жанкүйердің әрекетін батырлыққа балап отырғамыз жоқ. Дегенмен, бір тентектің еркелігін көтеретін мұсылманның табылмағанына жаным ауырды. Басынан сипап жібере салса, қайтеді екен. Бас жарылып, көз шығып, қол сынған жоқ қой.
Енді ойынға қарай ойысайық. Байқадыңыз ба, қазақ құрамасында жігіттерді алға сүйрейтін көшбасшы жоқ. Көш бастайтын азамат көрмедік біз. Бұған дейінгі ойындарда Самат Сымақовтың жөн сілтеп жүргенін көретін едік. Шторк Саматты құрамаға алмапты. Рас, ойын болды. Жігіттер туған топырақта бетімен жер баспауға тырысып бақты. Бірақ алаңнан Остапенко кеткеннен кейін біздің ойыншылар өз жүрісінен айрылды. Ағылшындар Сергейді «сындырып» тастап еді, сонымен бірге біздің футболшылар да «сынып» қалды. Тек Көкеев пен Нөсербаев қана тыным тапқан жоқ. Бойларында қазақ қаны тулаған Жамбыл мен Таңаттың алаңда өлуге даяр екенін көрдік. Амал не, қақапаның алдына барғанда шешім қабылдай алмайды. Әйтпесе, екеуі де ағылшын ойыншыларынан кем түскен жоқ. Шеберліктері жетіспей жатыр. Дейтұрғанмен, екеуінің ел намысын бәрінен жоғары қойып, жанын салып ойнағанының өзі не тұрады. Карпович капитан болды. Капитандық мінез таныта алды ма? Жоқ. Капитандық белгіні таққаны болмаса, оның ойынды ұйымдастырғанын көрмедік. Жанкүйерлердің есінен шыға бастаған Абдуллин де жүрді алаңда. Не бітірді? Несімен ерекшеленді? Айып алаңында ереже бұзып, қақпаға пенальти белгіленді соның кесірінен. Басқалай көзге түскен жоқ. Қақпашы Мокин ше? Екі гол соның қателігінің арқасында кірді. Алғашқы екі голды жібермеуге болатын. Допты не қапсыра құшақтап ұстап алмайды, не өзінен асырып алаңның шетіне лақтырып жібермейді. Қайта қас қылғандай ағылшындардың аяғына салып береді. Алаңның әр бұрышынан доп соға алатын ағылшындар мұндай мүмкіндікті мүлт жібермейді. Нәтиже белгілі. 0:4.
Қазақстанды мекен еткен 130 ұлт пен ұлыстың өті жарылып кетсе де айтайық: футболдан ұлттық құрамамызды бірыңғай қазақыландырмай, қазақ футболы өрге баспайды. Тырнақ астынан кір іздеген әлдекім бізді «ұлт араздығын қоздырушы» дер. Доп теуіп жүрген өзге ұлт жігіттерінің елдің намысын ойлап жүргеніне шүбә келтіреміз. Ел абыройын ойласа, неге олар алаңнан сүйегін сүйретіп шықпайды? Бұл әңгіменің Сергей Остапенкоға қатысы жоқ. Ол қолынан келгеннің бәрін жасады. Тіпті, гол да соқты. Дегенмен көрсоқыр төрешінің кесірінен ол есепке алынбады. Алаңда жүрген басқа ойыншылар неге осы Остапенкодан үлгі алмайды? Олар қымбат көлік мініп, аты дардай ресторандардан ас ішіп, аяқ босатып жүргеніне мәз. Ал ұлт намысы олар үшін көк тиын. Жеп отырған нанын адал жеп жүр деп айта алмаймыз.
Шторктің не ойлағаны бізге беймәлім. Бірақ ол ұлттық құрамаға қазақтың жігіттерін көптеп тартса, дұрыс болар еді. Қазақы қаны бар, намыс үшін жанын аямайтын азаматтарды құрама сапына алып, соларға үйретсін бар білгенін. Көкіректі кернеген намыс бар да, біз мұндай сорақы есеппен жеңілмейтін едік. Мұның бәрі намыссыздықтың арқасы.
«Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп жүріп сақалынан айрылыпты» дейтін тәмсіл бар. Пайперстің кезінде бұлай жеңілмеп едік. Не сұмдық бұл? Әр ойын сайын 4 доп айырмасымен жеңілеміз. Бернд ұлттың құраманың тізгінін ұстағаннан бері әлем біріншілігіне іріктеу сыны барысындағы үш кездесуге жігіттерді бастап шықты. Үшеуінде де төрт доп айырмасымен жеңілдік. Әрине, ойын бар. Жігіттер бірте-бірте қарқын алып келеді. Бірақ бұл қашанға дейін жалғасады? Шторк кеткенше осылай болса қайтеміз? Шашын сулап қайырған бапкердің әл-әзір бізді ұшпаққа шығаратын түрі көрінбейді. Дегенмен әлі де үмітсіз емеспіз. Өйткені үміт соңынан өледі.

P.S. Көкеев пен Нөсербаевқа алаңда дамыл бермеген, қызуқанды жанкүйерді алаңға алып шыққан - намыс атты құдырет. Елге жаны күйетін азаматтар алаңда доп теппейінше, осы күйімізден арылмаймыз. Шторк мырза осыны түсінуі тиіс.
P.P.S. Ал жұрт Қазақстан мен Ұлыбритания құрамаларының арасындағы кездесуді 0:4 деп жүр. Айта берсін. Өз басым жанкүйерді бір гол деп есептеймін. Солайша есепті 1:4 деп қабылдаймын...

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502