Сенбі, 23 Қараша 2024
Алаң 5128 4 пікір 4 Желтоқсан, 2017 сағат 10:28

Құлсары қаласы болашақта қоқыс полигоны бола ма?

Құлсарының Маңғыстауға кетер жолындағы шамамен 5-6 шақырым жерде орналасқан "шлам игергіш" мекемеге шлам-қалдықтары Ақтөбе мен Орал қалаларынан да әкелініп тасымалдануда. Жергілікті жердің "Қараарна, Шөлғара" қалдықтары ол екібастан осы жерге төгілуде. Орал тасымалының бір рейсі 1 млн 300 000 тг.

Ұлттық рухы жоқ, мойнында қырғын несиесі бар амалсыз жүргізушілерге "ел тағдыры, экология, ұрпақ мәселесі" деген түсініктер миына кіріп те шықпайды. Ал месқарын басшыларға сенің тағдырың көк тиын, оларға 5 тиын болса болды. Сонда Жылой ауданы болашағынан үміт күттіретін жас қала ма, әлде "бірің өліп бірің қал" кірпішінен қаланған қоқыс полигоны ма? Жылой аймағы кім-көрінгеннің саңғытып кететін тастанды қаласы емес!

Әкімдер бүгін келіп ертең кететін көштің арбакештері. Қырғын болып жау шапса да бұл жерде тұрақтап өлетін, бұл жерде қалатын тек қана осы жердің байрығы қара халқы! Мына келеңсіздіктерді кім тоқтатады? Әкімдер бұдан хабардар ма? Бұл жерге қалдық төктіруге кім-кімнің де рұқсат беруіне хақысы жоқ! Бірақ, көз қысты, бармақ басты әмпәй-жәмпәй мафиялар шамадан тыс шекарадан шығып болды. Бұл мәселеге халық түйілген қабақпен қарауда. Бұрынғы аудан әкімі Ізбасов Мақсым мырза: "Менің әкім болып қызмет еткеніме небәрі 5 жылдай уақыт болды, бұл мекеме менің алдымда бой көтерген. Оған кім, не үшін рұқсат бергенін мен білмедім" - деп жауап қатқан болатын, бітті, жалғасы жоқ. Ал қазіргі келген жас әкім Жылойдың қыр-сырын енді ғана түйсіне бастады. Облыс, аудан басшылары, бұл мекемені тез жабуға шешім шығарыңдар! Ол мекеме ақиқатты түсініп өз еркімен бой ұсынбаса, қағылған мызғымас қадасын халық болып қатаң түрде жұлып алатынымызды ескертеміз! Және де осы уақытқа шейін халықты улап келгені, ауруға ұшыратқаны үшін сансыз айыппұлдар төлетеміз!

Ел жаппай наразы болған жерде ешуақытта берекет болмайды! Ұрпақ сонда өспей жатып өшу керек пе? Өнбей жатып өлу керек пе? Бізде қандай болашақ бар? Онда не үшін жиындарда "Салауатты өмір салты" деген ертегіні қақсап қоймайсыңдар? Іс пен сөз бөлек, ал халық ақымақ емес, халықты ұзақ алдап, ұзақ қорқыта да алмассыңдар! Қаладан 5 шықырым жерде қоқыс алаңы орналасқан. Оның түтінінен (шламның қаңсық сасық исінен бөлек) "Мұрагер" ауылы зардап шегуде. "Жасыл ел бағдарламасы" қайда адасып жүр екен? Қала айналасы – түтіндетіп, улауға арналған аймақ емес, халық қолындағы 5-6 малын бағып, қырлыққа шығып таза ауа жұтып, азаттықта беймарал рахат күй кешіп отыратын мекені! "Кәсіпкерлікті қолдау" қайда?

Қайда барсаңда Қорқыттың көрі дегендей, халықты қорлау! Елді тонау, елді алдау! Ел-халықтың шамадан көп пайызы ауру. Анкологиялық аурулар, РАК ауруының күшіктейтін ұрғашы түрлері 10 ның бірінен байқала бастады. Жан сақтау бөлімінде орын жоқ. Комаға түскендерге 1-2 аппарат ауыспай безек қағуда. Ал бұл жағдайлар "Рухани жаңғыруға" жата ма? "100 нақты қадамға" сонда не жатады? Жылой -қорқынышты филмьдердегі мутанттардың қалашығы емес! Біздің бір түсінбейтініміз, жалпы бірнәрсе жасарда халықпен ақылдасасыңдар ма? Халық рұқсат етті ме әлде халық пешкі ме, мал ма? Рахат қой, ойыңа келгенін жасап халықтың басына сарп етіп кете беретін болсаңдар! Халықты ашуландырмаңдар! Халық – толқын, дария! Бір тасыса дес бермейді! Ал біздің ауданның "алтын балық" экологы қара уылдырықтанда қымбаттап, ғайып әлеміне сүңгіп кеткеніне қай заман!

Ел болашағын, ұрпақ қамын ойласаңдар, дереу бұл мекемені жабуға бар күштеріңді салыңдар, әкім-басшылар! Көзіміз көріп, мұрнымыз иіс сезіп отырып біз ауамызды ластатпаймыз! Ендігі жерде бұл мекемеге наразы болған Жылой халқы наразылық танытатын болады. Бұл мақала барлық тиесілі орындарға жөнелтіледі, және ескерту ретінде қабылдаңдар! Жылой халқы өз нақты қадамын жасауға бек кірісті!

Тұрар Шапқара

Abai.kz

 

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377