Сенбі, 23 Қараша 2024
3378 0 пікір 10 Қараша, 2017 сағат 18:39

"Мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру мен стандарттауды іске асыру жолдары" атты республикалық онлайн семинар өтеді

Астана қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті  "Мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру мен стандарттауды іске асыру жолдары" атты республикалық онлайн семинарын өткізеді, - деп хабарлайды Abai.kz ақпарттық порталы.

Семинар-тренинг 2017 жылдың 15 қарашасында сағат  9.30-да болады.

Семинар-тренингтің  мақсаты – Мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру мен стандарттау жолдарын онлайн режимі арқылы жүзеге асыру, озық тәжірибені   зерделеу және қорыту, оқытудың қазіргі заманғы нысандарын, әдістері мен технологияларын тәжірибеге енгізу;

Семинар-тренингке  ҚР Мәдениет және спорт министрлігі  Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің қызметкерлері, Мемлекеттік тілді оқытудың өңірлік орталықтарының мамандары, ғылыми-әдістемелік кеңес мүшелері, аймақ ғалымдары мен тіл мамандары қатысады.

Семинар-тренинг барысында әдіскер-ғалымдар онлайн режимі арқылы мемлекеттік тілді оқытудың тиімді технологиялары мен әдіс тәсілдерімен бөліседі. Тілдерді оқыту орталықтары мен республикаға белгілі  үздік әдіскерлер шеберлік сабақтары мен онлайн сабақтарын көрсетеді.

Байланыс телефондары: 8(7172) 740877, 408367, 87470311632

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435