Бейсенбі, 10 Қыркүйек 2026
6199 1 пікір 7 Желтоқсан, 2017 сағат 09:48

Тәжікстан парламенті діни партиялар құруға тыйым салуды заңдастырды

Тәжікстанның төменгі палатасы «ТР діни бірлестіктер және ар еркіндігі жөніндегі» заң жобасына өзгерістер енгізіп, елде діни партия құруға ресми тыйым салуды бекітті.

Өзгерістерге сәйкес, діни білімді тек мемлекеттік оқу орындарынан ғана алуға рұқсат беріледі.

Тәжікстан – Орталық Азиядағы ұзақ уақыт бойы діни партия жұмыс істеп келген бір ғана мемлекет. Тәжікстандағы исламның жаңғыруы партиясы Совет одағы құлағанға дейін құрылып, 2015 жылдың күзіне дейін жұмыс істеп келді. Партия жетекшілерін мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деп айыптап, партияның жұмысына тыйым салған.

Заң жобасына енгізілген өзгерістерге сәйкес, жергілікті билік не кәсіпкерлерге жаңа мешіттерді иеленуге не салуға рұқсат берілмейді. Сонымен бірге мешітке тек ислам әлеміне әйгілі тұлғалардың аттарын ғана беруге болады.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1033
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2582
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 723
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 685