Сәрсенбі, 30 Сәуір 2025
Жаңалықтар 3094 0 пікір 20 Желтоқсан, 2010 сағат 07:08

Талдықорғанда «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынған жаңа балабақша ашылды

Талдықорған. 20 желтоқсан. ҚазТАГ -Талдықорғанда «Балапан» бағдарламасы бойынша салынған 280 орындық жаңа балабақша ашылды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Балабақша 14 топқа, 75 жұмыс орнына есептелген, оның ішінде 39 адам педагогтар құрамын құрайды. Құрылыстың құны Т 532 млн-нан асты.

«Талдықорғанда 1995 жылға дейін 7 мың баланы қамтыған 53 балабақша жұмыс істеген»,- деді облыс әкімі Серік Үмбетов балабақшаның ашылу салтанатында.

Оңтайландыру кезеңінде бірқатар балабақшалардың ғимараттары жекешелендірілсе, кейбір ғимараттар қараусыз қалып, қирауға ұшырады. Қазіргі уақытта қалада небәрі 8 мемлекеттік және 7 жеке меншік балабақша жұмыс істеп жатыр. Мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған балалардың жалпы саны 2662 адам немесе мектеп жасына дейінгі балалардың 34,6 % құрайды.

Әкімнің айтуынша, «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жыл соңына дейін «Мүшелтой» ықшам ауданында 320 орындық тағы бір балабақша пайдалануға беріледі.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2584
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 5490
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4816