Сенбі, 23 Қараша 2024
Анық-қанығы 11820 66 пікір 14 Желтоқсан, 2017 сағат 10:54

Қытайдағы қазақтардың мәселесіне Жарқын жеті кінәлі дегендерге жауап

Естеріңізге сала кетейін, 07.12.2017 ж күні Астана қаласында «Қытайдағы Қандастарымыздың жазықсыз қудалануы» атты баспасөз маслихаты өткен болатын.  Бұл Баспасөзді бірнше теле арналар мен газет-журналдар, сайттар жазды, көрсетті. Ал Азаттқық радиосы сайтында осы мәселеге байланысты Аятжан есімді ініміз пікір білдірген екен, осыған байланысты әлеуметтік желіде Аятжанға қарсы түрлі сын-пікірлер, арыздар қаптап кетті. Соңында бұл ініміздің пікірін Караван газеті басқан екен. Менде осы баспасөзді ұйымдастырушы ретінде бұл ініміздің пікіріне жауап бере кетуді жөн көрдім.

Құрметті Аятжан інім, алдымен сенің Караван газетінде білдірген пікіріңе бір-бірлеп жауап бере кетейін.

Бірінші пікір: «Қытайдағы отты үрлегендер бар» -  жауап: ең алдымен өртті қойған кінәлі ма? өртенген шөп кінәлі ма? Әлде өртенген кезддегі соққан жел кінәлі ма? Осы үшеуінің қайссы маңызды? Егер ол оны өртемесе оны өшіретіндерде одан ары жандыратындарда болмас еді ғой, сондықтан өрт қойғанды ақтап, желді кіналау - саналы адамның ойлайтыны да айтатын да сөзі емес.

Екінші пікір: «Қытайдың ішкі саясатына араласпау» – жауап: БҰҰ-ның «жалпыға бірдей, адам құқықтарын қорғау» декларациясына  200 ге тарта мемлекет қол қойған, соның ішінде Қытай да бар екенін ескерсек, онда Қытайдың «ішкі ісіміз» дейтін сандырағына есі бар адам илана қоймайды. Себебі бұл декларацияда кез-келген мемлекет өз халқының, ұлтына, дініне, нәсіліне, жынысына қарамастан, кез-келген адамның дінге сену, ұлттық дәстүрін, тілін, жазуын сақтауға, білім алуға, шетелге шығуға, дем алуына т.б. құқығына ешқандай қол сұғыуға, кедергі жасауға құқығы жоқ, егер олай болған жағдайда халқаралық сот алдында жауап береді. Бұл өте қарапайым заңдылық.

Үшінші пікір: «Қытайдағы ұйғыр мәселесі мен оған Түркияның араласуы не араласпауы» – жауап: Қытайдағы қазақтардың тарихи отаны Қазақстан бар, ал Ұйғырлардың тарихи отаны Түркия емес, сондықтанда Қытайдағы Қазақтардың құқығын Қазақстан үкіметі немесе азаматтары қорғауы -  Ұйғырлармен еш қатысы жоқ.

Төртінші ең негізгі пікір: «Қытайдағы Қазақтардың сотталуына - Жарқын-7 кінәлі» – жауап: Өзі айтқандай, Қытайдағы қандастарымызға жанашыр болып, араша түсіп белсенділік танытқан топтың немесе тіке туысына араша түскен азаматтардың жасап жатқан қарсылықтарын, жазып жатқан дәлелдерін, түрлі баспасөздер, ондағы Дулат Исабек, Қабдеш Жұмәлі, Собет-Хан Ғабабс, Расұл Жұмәлі, Марат Тоқашбай т.б. қатарлы ел ағалары мен саясаткерлердің дәлелдерін, әлем ақпараты жазып жатқан хабарларын, ҚР сыртқы істер минстрінің бұл іске араласуын, Ақжол партясы төрағасы Азат Первашев пен ақын Қазыбек Иса ағамызыдң Қытай билігіне осы «Қанадастар мәселесі» туралы хат тапсырыуын «шыбын шаққан құрлы көрмейтін, құлағынада қыстырмайтын, тіпті әлемді де тыңдамайтын» алып, зор Қытай үкіметі - жалғыз «Жарқын-7 ден қорқып, бұкіл мемлекет аттанысқа келіп, Тибеттен зұлым басшы әкеліп, Шыңжаңға қыруар әскер кіргізіп, табан астында саясатын өзгертіп, Қазақстанға барғандарды, көшкісі келгендерді, оқығандарды, сөйлескендерді, Қазақстан ақпаратын оқығандарды т.б. Қазақтарды тұтқындай бастады» дегенді айту және солай сену - бұл адамдық сананың ең төмен дәрежесін көрсететін шығар. Әрі бұлай айту, балалар қыялындағы ертекке ұқсайды, тіпті ертек деуде артықтау, себебі, ертекке де сенетін бала қалмай бара жатқан, мынау өркениетті заманда.

Сонау 2000 жылдардан тартып, Қытайдағы Қазақ мекетептерін жауып, «қос тілді» мектеп жасап, онда тек ана тілден басқа пәндерді тек Қытай тілінде оқытып, Қазақтың сорпа бетіне шығар, дарынды балалрын теріп алып, ұлттық тіл, дәстүрден, туған жерден бөлектеп «ішкі қытайда» оқытып, Қытай идеялогиясымен «бітімі Қазақ, болмысы Қытай» етіп тәрбиелеген Қытай саясатын – Қытай үкіметі болашақта келетін Жарқын-7 ні алдын-ала болжап, «ешкіммнен қорықпайтын алып Қытай» Жарқын-7 ден қорқып жасады деу өте күлкілі ғой...

Қытай өзі үрейленетін әр ұлттарға «Өз майын өзіне қуыру» саясатын өте әккілікпен жасап келеді, яғный өз іштерінен жансыз жасап, бір-біріне айдап салып, олардың бірігіп үлкен күш болмауы үшін экономикалық жақтанда, саяси жақтан да барын салып келеді, қазір Қытайдағы Қазақтардың жаппай тұтқындалуы да сол Қытай үшін қызмет еткен «өз қаракөздеріміз» арқылы жасап отыр, тіпті олар Әлемге соның ішінде Қазақстанға да жетті. соның нәтижесінде көріп оытрмыз.  Кезінде Алаш ордашыларды да дәл осылай өз халқына талатып, өз халқының қолымен дүре соқтырып, соттатып еді, соның бірі ұлы ағартушы, ұстаз Ахмет Байтұрсынұлына да өз қазағы арқылы жала жауып, тіпті Қазақтың төл әліпбиін жасаған Ахаңа «бір жақтағы Арабтың тілін халыққа күштеп кіргізді, бұл әдейі халықты сауатсыдандырып жатыр» деп, «Халық жауы» етіп соңында аттырып тынды.. Ал қазір Қазақты жазықсыз қамап, аяусыз қыйнап отырған Қытайды ақатап, «өзін өзі жау етіп көрсеткен » мына сөздер, сол Алаш ордашылардың зұлмат заманын еріксіз еске түсіреді.

Соңында, Құрметті Аятжан інім, кез-келген заңсыздықты тексереру, тек сол іске байланысты талап-арыз жүзінде жүзге асатынын, арызсыз, өтінішсіз еш құзырлы органдардың жұмыс жасамайтынын, әрбір халқаралық немесе мемлекет аралаық мәселе болсын, белгілі дәлел-факт, жеке немесе топтың өтініші, арызы бойынша жүзеге асатынын түсінсең онда өзің кінілаған белсенді топтың және жақыны жазықсыз қан жұтып жатқан арызданушылардың, оны қолдаған қарапайым халықтың немесе халқым деп шырылдаған Жарқын-7 нің істеп жатқан жұмыстарын шу емес, «сауатты да саналы іс-әрекет» екенін түсінетін едің...

Аллаға шүкір Аятжан секілді онмыңдаған жас отанына оралды, оларда пікір білдіре алады, оларда оқыған, түрлі саланың маманы, түрлі салада еңбек етіп жүр. Ал олардың бәрін Қытайдан келгені үшін «пікір білдіргені дұрыс» десек, сол онмыңнан онмың түрлі пікір шығуы мүмкін, қайсысын дұрыс дейміз, әрине тек Қытайдан келіп қоймай, осы іске белсене аралсып, бел шешіп кірісіп жүрген жастардың пікірін алған ақылғада, мәселегеде қонымды пікір болар еді. Өкпеге қыйсақта өлімге қыймайтын Қазақпыз, «біріңді Қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» деген ғой ұлы Абай атамыз, бізді неге жау көрдің інім? Ағалық ақылмен артық айтсам айып етпегейсің.. Жалпы, «шымшық сойсада қасапшы сойсын» дейтін халық сөзіне бойұсынып, әр адам өз саласында еңбек етсе жарасып тұрар еді.

Қыдырәлі Оразұлы

Abai.kz

66 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5443