Тамас Айтмұхамбетов: «Әлихан Бөкейхановты ақтау қағазына Мәскеуде алғашқы болып қол жеткіздім»
Қазақ ұлты өзiн мемлекеттi алға бастауға қабiлеттi екенiн көрсеттi
- Тамас аға, бүгiнгi ұшқыр уақыттың бiтiм-болмысы мен толыққанды тынысын терең түсiнiп, оны замандастарымыздың санасына сiңiру жолындағы атқарып жатқан игi iстерiңiздi жақсы бiлемiз. Тәуелсiздiк атты қасиеттi ұғымға бiр кiсiдей еңбек етiп келесiз. Сiз үшiн Тәуелсiздiк несiмен қымбат?
- Әлемнiң саяси-жағрафиялық картасында ақ таңбамен белгiленген ноқаттай да белгi жоқ. Алайда ол әлем тарихында ақтаңдақтар жоқ дегендi бiлдiрмейдi. Әйтсе де әлем елдерiнде өз тәуелсiздiк күнiн белгiлемеген мемлекет жоқ. Сонда олар өз тәуелсiздiгiн кiмдермен күресiп жүрiп алды? Олар өз тәуелсiздiгiн саяси жүйемен, басқыншылар мен отарлаушыларға қарсы күресте алды десек, мәселенiң мәнi ашылар едi.
Қазақ мемлекетi тарихында Керей мен Жәнiбектiң дербес хандық болып бөлiнiп шыққаннан кейiнгi ең үлкен оқиғалардың бiрi, ол - Қазақстанның тәуелсiздiгiн жариялауы едi.
Қазақ ұлты өзiн мемлекеттi алға бастауға қабiлеттi екенiн көрсеттi
- Тамас аға, бүгiнгi ұшқыр уақыттың бiтiм-болмысы мен толыққанды тынысын терең түсiнiп, оны замандастарымыздың санасына сiңiру жолындағы атқарып жатқан игi iстерiңiздi жақсы бiлемiз. Тәуелсiздiк атты қасиеттi ұғымға бiр кiсiдей еңбек етiп келесiз. Сiз үшiн Тәуелсiздiк несiмен қымбат?
- Әлемнiң саяси-жағрафиялық картасында ақ таңбамен белгiленген ноқаттай да белгi жоқ. Алайда ол әлем тарихында ақтаңдақтар жоқ дегендi бiлдiрмейдi. Әйтсе де әлем елдерiнде өз тәуелсiздiк күнiн белгiлемеген мемлекет жоқ. Сонда олар өз тәуелсiздiгiн кiмдермен күресiп жүрiп алды? Олар өз тәуелсiздiгiн саяси жүйемен, басқыншылар мен отарлаушыларға қарсы күресте алды десек, мәселенiң мәнi ашылар едi.
Қазақ мемлекетi тарихында Керей мен Жәнiбектiң дербес хандық болып бөлiнiп шыққаннан кейiнгi ең үлкен оқиғалардың бiрi, ол - Қазақстанның тәуелсiздiгiн жариялауы едi.
1991 жылғы желтоқсанның 16-сында Кеңес Одағы ыдырағаннан кейiн өмiрдiң өзi алға тосқан жағдайларға сәйкес республика Жоғарғы Кеңесiнiң «Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiгi туралы» тарихи заң қабылдағаны белгiлi. Бұл күн - Қазақстанның Тәуелсiздiгiн жариялаған күн ғана емес, ол - егемендiк алған елiмiздiң экономикалық реформаларды дамыту, құқықтық демократиялық қоғам орнату, рухани бiрлiк пен ұлтаралық татулық ахуалын қалыптастыру сияқты ұлы мақсаттарының да еркiндiк алған күнi болды.
Елiмiздiң ерекше қымбат мерекесi - Тәуелсiздiк күнiнiң - 17-желтоқсандағы Демократиялық жаңару күнiмен қанаттас келуi де тегiн болмады. Тоталитарлық жүйеге қарсы шыққан жастар әрекетi - Желтоқсан көтерiлiсi - ұлттық рухты асқақтатқан тарихи оқиға. Мұның даңқы да, дақпырты да жетерлiк. Дүниенi дүр сiлкiндiрген осы күннен Қазақстанның жаңа дәуiрi бастау алғанын бұл күнi ешкiм де жоққа шығара алмайды.
Тәуелсiздiк күнi - бiр-бiрiмен iштей сабақтасқан, үндескен мерекелер шоғыры. Соңғы жылдардағы оқиғалар бедерiн айтсақ, ғасырға жүк болар iс-шаралар атқарылғанын көруге болар едi. Бүгiнгi Қазақстанның келбетiн бүкiл әлем танып отыр. Бұдан артық не керек!
- Желтоқсан көтерiлiсi туралы айта отырып, Сiзден, сол кездегi Жоғарғы сот төрағасы ретiнде сол күндерi қайда болдыңыз және қандай әрекетте болдыңыз деп сұрауға болатын шығар?
- Адамзат тарихы тәуелсiздiк, азаттық үшiн болған күреске толы. Кез-келген халық өзiнiң мәдениетiн, экономикасын дамытып, ұрпағын тәрбиелеп, биiк көтергiсi келедi. Бұл - ақиқат. Сол тұстағы жүйеге қарсы наразылықтың өзi осыдан туындаған күрделi оқиға едi. Кеңестiк жүйемен тәрбиеленген, бодандықтың қамытымен шырмалған сол кездегi адамдардың көпшiлiгiне бұл бiр үлкен қылмыс, қасiреттi трагедия болып көрiнгенiн жасыра алмаймыз.
Адам болашағын болжап әрекет етпесi анық. Мен оқиға болар алдында, кезектi еңбек демалысымды алып, Кисловодскiде демалып жатқан едiм. Кейiн бұл iстегi ең ауыр шараларға араласуыма тура келдi.
- Бір басып алға жылжымасақ, зіл батпан қара тастың астына су жүрмейді. Төбеден тас құлатқандай жаңалық ашуымыз да бола қоймас. Дәл бүгін шындық дегеніміз тіс батпас қатты жаңғақтың бірі болып отыр. Жасырып жүргеніңіз барма?
- Менен жасырып қалғандар болуы мүмкін. Өз басым қолымнан келгенше әр нәрсеге шындықпен қарадым. Адамнан жасырғанды Құдайдан жасыра алмайсын ғой.
- Орысты орыстың өзiнен бетер сүйетiн жағдайға жеткен кешегi жылдары күш құрылымдарында негiзiнен өзге ұлт өкiлдерi қызмет етiп келдi. Тергеу амалдары да солардың тарапынан жүргiзiлдi. Сол тұстағы сот билiгiнiң ықпалы қалай едi?
- Сот - орган емес, ол - мемлекеттiк билiк. Кейде сол соттың да құқығы шектеулi екенiн естен шығармағанымыз абзал. Желтоқсан мәселесi бойынша кезiнде екi адамның iсiн Пленумға шығарып, бұл жөнiнде Республика Бас прокуроры Ғалым Елемесовке ұсыныспен шығуымның салдары 16 адамға жетiп, нәтижесiнде осыншама адамның үстiнен көтерiлген iстiң қысқартылғаны сол тұстағы көзқараспен қарағанда үлкен ерлiк едi. Одақтық және Республикалық партиялық басшылық тарапынан тәртiп бұзушыларға қарсы жеңiл жаза қолданып, либералдық танытып отыр деген сөзге қалып ескерту де алғаным бар.
Қалыптасқан тәртiп бойынша, мен әр аптаның алғашқы жұмыс күнi жеке қабылдау жасайтын едiм. Сондай күндердiң бiр күнi қабылдауыма екi қыз келдi. Олар бас киiм тiгетiн фабрикада жұмыс iстейдi екен. Сол кезде алаңға шыққан қыздар құқық қорғау органдарының қолына түсiп қалыпты.
Мәселенiң байыбына барсам, қыздар өздерiнiң екеу емес, бесеу екенiн айтып, түсiндiрдi. Не iстеу керек? Бүлдiрiп, қырып тастағаны жоқ, бiрақ алаңға барғаны рас. Ол кезде еңбек ұжымының дауысы үлкен рөл атқаратын. Өзiм бас болып, содан қыздар еңбек ететiн жұмыс орнына барып, жиналыс өткiздiк. Ұжым қыздарды мақтап, кешiрiм жасауымызды айтып, қорғап қалды. Маған да керегi сол едi, сол заматта олардың iсiн жауып, жауапкершiлiктен құтқарып жiбердiм.
Мұны түсiнбеушiлер де бар едi. Оқиғаның алдын-алу үшiн бұл жөнiнде Колбинге кiрiп, жастарды жаппай түрмеге жабудан абырой таппайтынымызды айтып, шама келгенше кешiрiм жасау қажеттiгiн түсiндiрдiм. Колбин азғана ойланып отырып: «тәжiрибеңiз мол, осыны барынша Орталыққа бiлдiрмей жасағаныңыз абзал болар едi» дедi.
Тағы бiрде Жазушылар Одағының бiрiншi хатшысы Олжас Сүлейменов телефон шалып, өзiнiң кездескiсi келетiнiн бiлдiрдi. Бұрын да амандық-саулықтан әрi аспайтынбыз. Бұл жолы сөзi суықтау шықты.
Халықтың маңдайында Олжас бiреу. Жоғарғы сот төрағасы келедi, кетедi. Сiздей адам бiзге келмеуi керек, бiздiң Сiзге баруымыз керек» дедiм.
Ол: «Тәке, менiң кабинетiмде бiр жiгiт отыр. Желтоқсан қаһармандарының бiрi. Ресейдiң бiр түрмесiнде отыр екен, содан амалын тауып қашып шығыпты» дедi. Көмектесу керек, қалай? Олжас мұндай өтiнiштi айта бермейдi. Не керек, Мәскеудегi таныстарымды қосып жүрiп, ол азаматты да соттан босатып жiбердiк.
- Желтоқсан көтерiлiсiнен кейiн жер-жерлерде партия ұйымдарының жиналысы өтiп, онда қазақ ұлтшылдығын айыптаған сөздер айтылып жатты. Вавилондық шоғырлануы басым сот жүйесiнде талқылау қандай деңгейде өттi?
- Желтоқсан оқиғасынан кейiн демократия мен жариялылық деген кезеңi болды. «Қазақ халқы қоғамды бiрiктiре ала ма?» деген мәселеде жергiлiктi ұлттан басқалары жауап бере алмай абдырап қалды. Бiрақ қазақ елiнiң азаматтары дербес ұлт ретiнде мемлекеттi алға бастауға қабiлеттi екенiн танытты. Жер-жерлерде өткен партия жиналыстарында қазақ батылдық танытты. Мұндай жиналыс Жоғарғы соттың аппаратында да өтiп, түрлi пiкiрлер айтылды. Жиналыс өтетiн кезде мен емделiп жатқандықтан оған қатыса алмадым.
Оқиға аяқасты және күтпеген жерден болғандықтан, оған дайын еместiгiмiз сезiлiп қалды. Демократияны мүлде дұрыс түсiнбей оның үстiне авторитарлық қоғамның көптеген дәстүрлерi әлi де бойымызды билеп алғандықтан, ойымызды да ашық бiлдiре алмай жаттық.
Жалпы, оқиғадан кейiнгi өткен барлық жиналыстар мен талқылаулар жоғарыдан түсiрiлген орыстарға қарсы бағытталған «Ұлтшылдық» деген форматта өттi. Партияның ең басты қателiгi де осында жатты. Оны айыптап, ең алғашқы ресми хат жазған адам сол тұстағы Республика Сыртқы iстер министрi Михайл Есенәлиев болатын. Желтоқсанға араша түсiп, алғашқы комиссияны құруға бастама көтерген де сол кiсi едi.
ҚазГУ-дiң 3 курсынан облыстық сот мүшесi болып сайланған
- Адамды адам ететiн үш мамандықты қай заманда да қадiр тұтқан екен. Олар адамның жанын емдейтiндер, тәнiн емдейтiндер және заңгерлер. Көне мұсылман елдерiнде сот қызметiне баруға аса қызығушылық танытпапты. Себебi - мұндай жауапты қызметке барушылар адамның тағдырын шешуде қате жiберiп, Алланың алдында да, адамның алдында да ұятқа қалам ба деп сескенген көрiнедi. Алайда, сұлтан-патшалар сотты күшпен, оның келiсiмiнсiз тағайындаған, себебi, олардың ар-намысына сенiмдiлiк бiлдiрген. Жоғарыдағы үш талап өз бойынан табылған адамға ғана зор мiндеттер жүктелген екен. Бүгiнгi бiзге үлгi болып жеткен сауапты iстердiң бәрi сол заманнан көшкен ғибраты мол құндылықтар көрiнедi. Сiздiң осы мамандықты таңдауыңызға не себептер болды?
- «Бiздiң ең жақсы туындымыз - ақылға сай өмiр сүру. Қалғанының бәрi - билiк ету, байлық жинау, бiрдеңелер салу - ең көп дегенде қосымшалар» дептi философ Монтень. Мен небәрi өз қабiлетiмнiң жеткен жерiне сай өмiр сүрiп келемiн. Ресейдiң Астрахань облысынан Қазақстанға арман қуып оқуға келгенге дейiн мұнда ешбiр туысымыз болған емес. ҚазГУ-дiң 3 курсынан Павлодар облыстық сотының мүшесi болып сайланып, оқу мен еңбектi қатар ұштастыруыма тура келдi. Астраханьның Ақсарай ауылында педагогикалық училищеден кейiн, бастауыш мектепте мұғалiм болып еңбек етуiм өмiрiме үлкен жолдама болды. Бұл өңiр ХV ғасырда Қазтуған жырау дүниеге келген киелi топырақ болатын.
1970 жылы Мәскеудегi КСРО Бас прокуратурасы жанындағы сырттай оқыту институты аспирантурасын бiтiрiп, кандидаттық қорғауым құқық қорғау органдарында еңбек етуге алып келдi. Республика Бас прокуратурасында, Қазақстан Компартиясы Орталық комитетi Әкiмшiлiк органдары бөлiмiнде, Жоғарғы Сот төрағасы қызметтерiнде шыңдалып өстiм дей аламын.
Мен кеңестiк дәуiрде ержетiп, алған бiлiмiм мен бiлiгiмдi бар қабiлеттiммен жұмсадым деп ойлаймын. Мемлекеттiк қызметте жарты ғасырдай еңбек етiп, түрлi деңгейдегi лауазымды қызметтер атқардым. Абырой-атағыма кiр түсiрмедiм.
Әдiлдiк - адамның кiсiлiк келбетi, ар-ожданы. Осы қағиданы өмiрiме серiк еттiм.
- Бiздiң жыл санауымыздан төрт мың жылдай бұрын, ежелгi Мысырда билiк иелерi халық алдында ант беретiн болған. Ант папирус жапырағында жазылып қалдырылған екен. Антта былай делiнiптi:
«Мен жас сәбидiң аузынан сүтiн тартып алмаймын; мен бiреудi өлтiруге бұйрық бермеймiн; мен әлсiздерге қол көтермеймiн; мен таразыдан жемеймiн» делiнген екен.
Қазiр елiмiздегi сот билiгi қоғамды iлгерi бастаушы қуатты интеллектуалды күшке ие. Жалпы, елiмiздегi құқықтық жүйе туралы не айтар едiңiз?
- Қазақ халқы тәуелсiз ұлт ретiнде шын мәнiнде, өзiн басқаларға толықтай мойындатты. Бүгiнгi жағдайымыз Елбасының саясаты дұрыс екенiн көрсетедi. Нағыз тәуелсiз ел өзiнiң материалдық және моральдық мүмкiншiлiктерiн толық және тәуелсiз жүргiзе алады. Оның негiзi - құқықтық-нормативтiк заңдардың бұлжытпай орындалуына да байланысты. Мемлекет басшысы айқындап берген сот жүйесi дамуының өзектi мәселелерi бiздiң құқықтық реформаларды одан әрi дамытуымызға жол ашып отыр. Осы мақсаттағы айшықты мiндеттер қатарына сот iсiн жүргiзудi жетiлдiру және оңайлату, судьялыққа үмiткерлерге қойылар талапты күшейту, ымыралық рәсiмдердi енгiзу жатады.
Қазақстан Тәуелсiздiк алған күннен бастап, адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласында жасалған жұмыс аз емес. Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл институты құрылды, ол адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесiндегi маңызды механизмге айналды. Осыған байланысты жұбайлардың ажырасу iстерi көпшiлiк көзiнше емес, оңаша қаралғаны дұрыс.
Қазiр елiмiзде бас еркiндiгiнен айрылғандар саны көп. Қылмыстық iстердегi императивтiк-жазалау үрдiсiне келсек, оны ерекше ауыр және ауыр қылмыстар жасаған адамдарға ғана қолданған абзал. Асылы жазаның неғұрлым жұмсартылуын қарастырған жөн. Мұның өзi отандық сот жүйесiн еуропалық стандарттарға жақындатуға үлкен септiгiн тигiзерi сөзсiз.
Заңға байланысты, адамдарды сот мекемелерiнiң тәрбиелеудегi орны төңiрегiнде ұлы Мұхаммед Пайғамбарымыз көптеген пiкiрлер айтқан. Хадистерiн қарап отырсаңыз, бүгiнгi заңгерлер үйренер, тәлiм-тәрбие алар ойлы сөздерi көп-ақ. «Мүмкiн болғанша адамдарды қатал жазаламауға тырысыңдар. Бiрақ қатал жазаны мүлде қолданбауға да болмайды» дептi. Жалпы, адамдар үстiнен болатын сотты адамдар жағдайына қарай икемдесек ұтарымыз көп.
- Сондықтан да болса керек, АҚШ Конгресiне кiре-берiс қақпаға: «Заңға деген адалдық Отанға және өз халқыңа деген адалдықтан жоғарырақ» деп жазылыпты. Жалпы, осы тақылеттес сөздi сот кеңселерiнiң маңдайшасына жазып қоюға болмас па екен?
- Ұлы ойшыл Аристотель: «Әлемдi заң билеуi керек» деген екен. Жалпы, заң болған жерде тәртiп болары сөзсiз. Елiмiз заңдары мемлекетiмiздiң кез-келген адамына ортақ. Қай құқықтық, нормативтiк актiнi алмасаңыз да онда адамның заң алдында тең құқықты екенi айтылған. Демек, елiмiздiң әр азаматы өзiнiң құқығын қорғап, прокуратура немесе сот орындарына шағымдана алады.
«Жамандықты жазаламаған адам - оның дем берушiсi» дептi ұлы суретшi Леонардо да Винчи. Осы сөз өте көрегендiкпен айтылған сөз. Әлi күнге күшiн жоймаған, заңның бiр тармағы етiп енгiзiп қоятын-ақ сөз.
- Сiз Пәкiстан Ислам Республикасындағы алғашқы елшiлердiң бiрi ретiнде екi жақты байланысты орнатуда көп еңбек сiңiрдiңiз. Бiзге жеткен мәлiметтер бойынша Ауған соғысында көптеген жауынгерлерiмiз қолға түсiп, Пәкiстан асырылған көрiнедi. Дипломаттық қызметiңiзге байланысты Сiзге сол кезде елге қайтуға көмек сұраған оқиғалар кездеспедi ме?
- Елiмiз егемендiгiн алған кезде жан-жаққа қақпа еркiн ашылып, тарихи отандарын iздегендер туған елдерiне, жерiне қайтып жатты. Шетте жүрген бiздiң де ағайындарымыз үлкен көш тiзгiнiн ағытып, жан-жақтан тарихи отандарына орала бастады. Талай жыл шетте жүрген қазақтың туған табалдырығына табынып тұрып, ендi ешқайда кетпейтiнi, өз елiнде орнығып, босаға бекiтетiнi анық едi. Бұл бағытта Пәкiстан президентi Легари мен премьер-министр Беназир Бхуттомен мәмiлелер жасадым.
Республика Жоғарғы Кеңесi Қазақстанға Пәкiстан президентi Легари келгенде оған бұл жөнiнде ресми хат тапсырды. Осыған байланысты елшiлiк қызметкерлерi жұмыс iстеп, елге қайтуға адам таппағаны бар.
- Айыптау оңай, байыптау қашанда қиын. Жұмыс барысында осыған обал жасадым-ау, деген өкiнiшiңiз болмады ма?
- Горбачевтiк «қайта құрудың» ақыры кеңестiк дәуiрдiң жойылуына ұласқаны тарихтан мәлiм. Сол жылдары уақыттың өзi аумалы-төкпелi болып тұрғаны аян. Алайда, өзiме сенiп тапсырылған ортада кез-келген iске байыппен қарай бiлдiм деп ойлаймын. Өзгелерден де соны талап еттiм. Iс басында көптеген адамның тағдырына араша түсiп, жолының оңға басуына септiгiн тигiзгенiмдi айта аламын.
Бұл туралы белгiлi азамат Хасен Қожахметов те айта жатар. Махмұт Қашқари бабамыз: «қазақта өзiн ұнату, мақтану жоқ. Ол - үлкен ерлiк және жанкештiлiк жасағанның өзiнде, ерекше iс iстемегендей сезiнедi» дептi. Мен осы даналықта тұрамын.
Құқық қорғау жүйесiнде жарты ғасыр қызмет етiп, бiрде бiр орден, медаль алмаған
- «Мен заңында қауқар күшi жоқ және ол бiреудiң билiгiнде болатын мемлекеттi таяуда күйрейдi деп ойлаймын. Мен заң билеушiлерге үстемдiк еткен жерде, олар (билеушiлер) оның құлы болған кезде, мемлекет және оған Құдай сыйлаған қаншама игiлiктер аман қалады деп есептеймiн» дептi Платон. Жоғарғы сот төрағасы кезiнде осы қағиданы қаншалықты ұстай алдыңыз?..
- Қазақстанда Тәуелсiздiкке қол жеткiзiлгелi берi бiрталай жүйелi реформалар жүзеге асырылды. Мемлекет басшысы мемлекеттiк құрылымның бүкiл жүйесi реформаланбай, оңды нәтижеге қол жеткiзе алмайтынымызды түсiндi. Алдымен әкiмшiлiк жүйесiнен бастап, құқықтық салада түбегейлi реформалар жүргiзiлдi. Осы мақсат жолында бiрнеше стратегиялық құжаттар қабылданды. Ендi осыны алға апару бүгiнгi құқық қорғау органдарының абыройлы мiндетi болмақ.
- «Ұлтараздық соғыста батыр болмайды» деп Ресей Батырлығынан бас тартқан генерал Л.Рохлин сияқты Жоғарғы сот қызметкерлерi арасынан жоғары марапаттан бас тартқан адамдар болды ма?
- Өзге құқық қорғау құрылымдарында марапатталғандар болуы мүмкiн. Ал сот жүйесiнде кеудесiне медаль тағып, мақтау қағаздарын алғандар болған емес. Сенесiз бе, осы жүйеде жарты ғасыр қызмет етiп, бiрде-бiр медаль, орден алмаппын. Ғылыми атағымнан өзге, атақ-дәрежем де жоқ.
- Алматыдағы орын алған оқиға тұсында «Метель» операциясына басшылық жасаған Мәскеуден келген эмиссар армия генералы Ф.Бобковпен кездескенімде ол маған «КГБ және билiк» кiтабын оқуымды сұраған едi. Сонда генерал Бобков өзiне Қазақстан Қауiпсiздiк комитетi төрағасының толық мәнiндегi ақпарат бермегенiн айтады. Сiзден де Мәскеу ақпарат сұрап мазаңызды алған шығар?
- Ондай iстер болған емес. Бiрақ оңтүстiктегi «Мақта iсi» бойынша Мәскеу қатаң бақылауға алып, мазалағаны бар. Сол кезде «Мақта iсi» бойынша 64 адам сотталып, кейiн олардың бәрi босатылып жiберiлдi.
- Көптеген елдерде «Ақиқатты анықтаушы» жөнiндегi комиссия бар. Мәселен, АҚШ үкiметi II дүниежүзiлiк соғыс кезiнде жапондарға қарсы жүргiзген экспансиясы үшiн ресми түрде бiрнеше рет кешiрiм сұрады, өтемақы төледi. Күнәдан арылу институты кейбiр мемлекеттерде саяси қозғалыс ретiнде мойындалып отыр. Бiзде де осындай институт ашу iсiн қолға алуға болмас па екен?
- Бұл ойланатын мәселе екен. Тарихымызда болған орны толмас қасiреттердiң ұлттық болмысымызға, салт-санамыз бен дiнiмiзге, дiлiмiз бен тiлiмiзге тигiзген зардаптары аз болмаса керек. Бiр жарым миллионнан аса қазақты қырғынға ұшыратқан «Ақтабан шұбырынды», 1930-32 жылдардағы бүкiл халықты жайлаған «ұлы жұт», жазықсыздан-жазықсыз қуғын-сүргiнге ұшыратып, 1937-38 жылдары аралығында ұлт зиялыларын қырған сталиндiк репрессия - бәрiнiң негiзгi салдары мен себептерiнде Тәуелсiздiкке деген ұмтылыстың рухы жатыр. Мiне, осылардың тарихи мәнiн ашып, жазықсыз жандарды ақтап алу да қияметтiң қияметi болды.
КСРО Жоғарғы Сотының Пленум мүшесi ретiнде Мәскеуде ұлтымыздың ұлы арысы Әлихан Бөкейхановты ақтау үшiн мұрағаттарда сiресiп тұрған құжаттарға алғашқы қол тигiзiп, ақтау шешiмiне қол қоюшылардың бiрi ретiнде айтуыма болатын шығар. 1988 жылы 4-қарашада Ахмет Байтұрсынов бастаған 13 адамның iсiнде құрамында қылмыстық iс болмағандықтан қысқартылып, ақтау үкiмiнiң шығарылуы да менiң тұсымда болды. Кезінде ұлт арысына байланысты қолда бар құжаттардың бәрін ғалым, жазушы Тұрсын Жұртбаевқа беріп, оған өзіне қажетті тұстарын жазып алуына ықпал еткенімді де жария етіп айтқаным жоқ. Ол туралы зиялы азамат Тұрсын інімнің өзі айтып жүрген көрінеді.
Тәуелсiздiгiмiздiң көк байрағының желбiрегенiне мiне, биыл 19 жыл. Өркениеттi елдердiң көшiне iлесiп, дамыған 50 мемлекетпен тереземiздi тең етемiз деп ұмтылып жатқанымыз да негiзсiз емес. Бүгiнгiдей күндерiмiз үшiн талай ғасырлар бойы ата-бабаларымыз қанды жолға тәуекел етiп басын тiктi. Сондықтан да бүгiнгiнi кешегiнiң жалғасы, өткеннiң салдары, болашақтың себепшiсi деп бiлген жөн. Өмiр диалектикасына жүгiнсек, ғайыптан пайда болатын ештеңе жоқ, кешегi мен бүгiнгi, бүгiнгi мен ертеңгi - бәрi де бiр-бiрiмен табиғи да тарихи тұрғыдан байланысты.
- Егер күнәдан арылу институты ашыла қалса, оған ең алдымен кiмдердi шақыртуды қалар едiңiз?
- Ендi бұл жауапты орындардың ақылдаса отырып шешетiн мәселесi ғой...
- Бай болу мен ақшалы болудың екеуi екi түрлi ұғым. Алайда ақшасы көп адамның бәрi бай емес. Нағыз бай адам - өз тағдырына риза адам. Өмiрiңiзге ризасыз ба?
- Ризамын. Қарапайым шаруаның баласы ретiнде республикалық дәрежедегi қызметке қол жеткiздiм. Зайыбым Зара екеумiз үш қыз өсiрiп, оларды құтты орнына қондырдық. Артық дүние жинағанымыз жоқ. Ұйқым тыныш. Үш қызымның мамандығы заңгер болса да, оларға қызмет таңдауда көмектескен емеспiн, өз беттерiнше әрекет жасады.
Жасым 70-тен асты. Осы жасқа қалай келгенiмдi де бiлмей қалдым. Қазiр де Абай атындағы Мемлекеттiк университетте профессор ретiнде жастарға дәрiс берiп келемiн.
- Тамас аға, әңгiмеңiзге рахмет.
Әңгiмелескен - Ермек Жұмахметұлы.
«namys.kz» cайты
Түпнұсқадағы тақырып: "Алаш арысы Әлихан Бөкейхановты ақтау қағазына Мәскеуде алғашқы болып қол жеткіздім "