Азиада-2011 ұйымдастыру комитетінің отырысында медициналық қызмет көрсету және допинг-бақылауды жүргізу мәселелері талқыланды
Астана. 20 желтоқсан. ҚазТАГ - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен 2011 жылғы VII қысқы Азия ойындарына дайындық шаралары және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды баспасөз қызметінен.
«Азиада нысандарын пайдалануға беру, жарысқа қатысушылар мен қонақтарға медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, допинг-бақылауды іске асыру, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері, сондай - ақ Азия ойындарын өткізуге жалпы дайындықтың барысы талқыланды», - делінген таратылған хабарда.
Ұйымдастыру комитеті отырысының қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды. Баспасөз қызметі ол қандай шешімдер екенін нақтыламайды.
Еске салсақ, VII қысқы Азия ойындары Астана мен Алматыда 2011-ші жылғы қаңтардың 30-ы мен ақпанның 6-сы аралығында өтеді. Ойындардың ашылу рәсімі 30-шы қаңтарда Астанада, жабылуы - 6-шы ақпанда Алматыда өтеді. Жарыстар спорттың 11 түрінен болып, оған 45 елден мыңнан астам спортшы қатысады деп күтілуде.