Қостанай облысында қар құрсауынан 60 адам құтқарылды
Астана. 21 желтоқсан. ҚазТАГ – Өткен күндері Қостанай облысының жолдарында жүргізілген құтқару операциялары барысында 60 адам құтқарылды. Оның ішінде 54 адам Тәжікстан азаматы болды, деп Қазақстан ТЖМ хабарлайды.
Ведомствоның мәліметтерінше құтқару операциясы автобустың кенет бұзылып жолда қалып қоюынан басталған.
ТЖМ РДО-ға келіп түсткен оперативтік мәліметтер бойынша, бір арнайы операция 23:30 минутта, Ұзынкөл аудандық оперативтік кезекшіге Ұзынкөлден Петропавлға бара жатқан автобусы бұзылып, далада қалған 54 Тәжікстан азаматы туралы хабар келіп түскенде басталған.
Сейсенбіге қараған түнгі 2:25 сағатта ТЖ бөлім қызметкерлері жолаушыларды Троебратский кентіндегі мектепке апарып орналастырған.

Осындай жағдай Қарабалық ауданында да орын алған. Кеше түнгі 23:40 сағатта Челябинск-Рудный бағытында бұзылып, тоқтап қалған шағын автобуста 6 жолаушы қалғаны туралы хабар алысымен аудандық ТЖ қызметкерлері адамдарды эвакуациялаған.
23:45 сағатта барлық жолаушылар Қарабалық аудандық «Жас Талап» интернатына жеткізіліп орналастырылды.