Қазақ Құдайбергенін қайтпас сапарға аттандырды
Қазақ күлкісінің керуен басы, елдің еңсесін қазақы өткір әзілмен тіктеген сөйтіп, бүтін жұртты өмірге құлшынтқан актер, сықақшы Құдайберген Сұлтанбаевты қалың қазағы соңғы сапарға шығарып салды.
Құдайберген Сұлтанбаев өмірінің соңына дейін көрерменінің көз алдында актерлік ойнын көрсетіп өткен Мұхтар Әуезов атындағы қазақтың академиялық драма театрынан Кеңсайға қарай біржола аттанды. Артында аңырап ағайын-туысы, Алашы қалды.
Қазақтың Құдайбергенімен бақұлдасуға келген жұртта есеп болған жоқ. Театрдың үлкен залының іші, сырты лықа толы халық. Сүйікті актеріне деген жұртының ықыласымен қимастығы елдің көзіне тұнған жастан көрініп тұрды.
Қоштасуда сөйлеген адам аз болды. Әріптестерінен Тұңғышбай Әл-Тарази, туыстарынан және туған жерінен келген бір-бір адамнан үш адамға ғана қысқа сөз берілді. Президенттің көңіл айту хаты оқылды.
Қазақ өнерінің қарашаңырағының М.Әуезов театрының алдында иіріле ошарылып, ортасы үңірейіп қалың қазағы қала берді.
Мақпал Жүнісова:

- Бүкіл қазақ жұртшылығы болып, Құдайберген ағаны ақтық сапарға шығарып салып тұрмыз. Өте ауыр қайғы. Орны толмас қаза. Бұ кісіні өмірден ерте кетеді деп мен ойламаппын. Қалжың айтатын адамдардың жас ұзақ болады деуші еді. Құдайберген ағаға ұзақ өмір тілеп жүруші едім. Өйткені, басымызда қайғы, қасірет болған кезде ағаның күлкілі образдарын көріп, өмірге құлшынысымыз оянатын. Жаны жәннәтта болсын! Жатқан жері жайлы болсын! Бұл кісіні әлі талай сағынамыз. Орны бөлек. Ұлы актер десек артық айтпаймыз.
Ұлан Нүсіпәлиев:
- Жалған дүниеден мәңгілік өміріне алдымыздағы ұстаз ағамыз, өнердегі ұлы актер Құдайберген Сұлтанбаев ағамызды шығарып салып жатырмыз. Құдайберген аға еңбек еткен жылдары біз ол кісілерге қарап, өкшесін басып, үйреніп өстік. Енді ағамыздың өзі жоқ болса да, артында қалған өнердегі ізбасарлары жолын жалғаймыз деп ойлаймыз. Неге десеңіз, кенжелеп қалған әзіл өнеріне Құдайберген ағаның сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Артында қалдырған дүниелері мол. Құдайберген, Тоқсын, Мейірбан ағаларымызбен сахнада бірге өнер көрсеткенімізді әрқашан мақтан тұтамыз. Және қазақ өнер одан әрі де осы ағаларымыздың тастап кеткен үлгі, өнегесімен дами берері сөзсіз. Алла қабірін нұрландырсын деп тілейміз.
«Абай-ақпарат»