«Ақ жол» партиясы. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2011-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА ҰЛТТЫҚ САЯСАТ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
I. ҚАЗІРГІ АХУАЛ
Қазақстан - байырғы қазақ жерінде мемлекет құраушы қазақ ұлты мен диаспоралардың басын қосқан біртұтас, зайырлы мемлекет.
Ғасырлар бойы қазақтар мен басқа этностық топтар келісім мен ынтымақты жағдайда өмір сүруге ұмтылды, этносаралық қатынастар талай тарихи сыннан өтті.
Ресей империясы мен кеңестік кезеңнің ұлттық саясаты халықтар құқығының бұзылуы, тікелей геноцид, экологиялық апатпен қатар жүргізілді. Билік ұлттық құндылықтарға күдікпен қарап, бір қалыпқа салуға тырысты. Ондаған жылдар бойы халықтар бейбіт пен келісім жағдайында өмір сүріп жатыр деген шындыққа сай келе бермейді. Бейбітшілік пен келісім негізінен күшпен немесе табанды идеологиялық қысыммен орнатылды, ол өз кезегінде ұлтаралық қатынастарға жағымсыз ықпалын тигізді.
Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін Қазақстан халқы күрделі тарихи кезеңді басынан өткізді. Ұлтаралық қатынастар дамуы мемлекеттің саяси институттарының қызметінің түбегейлі өзгеруі, экономикалық реформалар, рухани - идеологиялық жаңалықтармен қатар жүрді. Жұмыссыздық, кедейшiлік, құқықтық немқұрайлылық, бюрократизм көріністері мен кең ауқымды миграциялық үрдістер ұлтаралық қатынастарға кері әсерін тигізді.
I. ҚАЗІРГІ АХУАЛ
Қазақстан - байырғы қазақ жерінде мемлекет құраушы қазақ ұлты мен диаспоралардың басын қосқан біртұтас, зайырлы мемлекет.
Ғасырлар бойы қазақтар мен басқа этностық топтар келісім мен ынтымақты жағдайда өмір сүруге ұмтылды, этносаралық қатынастар талай тарихи сыннан өтті.
Ресей империясы мен кеңестік кезеңнің ұлттық саясаты халықтар құқығының бұзылуы, тікелей геноцид, экологиялық апатпен қатар жүргізілді. Билік ұлттық құндылықтарға күдікпен қарап, бір қалыпқа салуға тырысты. Ондаған жылдар бойы халықтар бейбіт пен келісім жағдайында өмір сүріп жатыр деген шындыққа сай келе бермейді. Бейбітшілік пен келісім негізінен күшпен немесе табанды идеологиялық қысыммен орнатылды, ол өз кезегінде ұлтаралық қатынастарға жағымсыз ықпалын тигізді.
Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін Қазақстан халқы күрделі тарихи кезеңді басынан өткізді. Ұлтаралық қатынастар дамуы мемлекеттің саяси институттарының қызметінің түбегейлі өзгеруі, экономикалық реформалар, рухани - идеологиялық жаңалықтармен қатар жүрді. Жұмыссыздық, кедейшiлік, құқықтық немқұрайлылық, бюрократизм көріністері мен кең ауқымды миграциялық үрдістер ұлтаралық қатынастарға кері әсерін тигізді.
Осы жағдайда ҚР-ның ұлттық саясаты тарихи қордаланған қайшылықтардың және жаңа әлеуметтік-экономикалық проблемалардың зардаптарын азайтуға бағытталды. Басты назар Ресей және бұрынғы ҚР 2011-2020 жылдарға арналған жаңа ұлттық саясат тұжырымдамасы кеңес республикаларынан ажырап қалған диаспораларды жаңа саяси жағдайға бейімдеуге, этномәдени сұраныстарын қанағаттандыруға, мемлекеттік тілде және басқа да тілдерде білім алуға, мәдени-рухани мұраның жаңаруына мән берілді.
Қайшылықтарды шешу бейбіт жолмен реттеуге бейімделді. Мемлекеттік саясат тарихи қалыптасқан дәстүрге, күш көрсетпеу, төзімділік, халықтардың ғасырлар бойы бірге өмір сүрген тәжірибесіне сүйенді. Мемлекеттің іс-әрекеті қазақ халқынының және диаспоралардың да ұлттық сана-сезімінің оянуын кертартпа күштердің өз мақсаттарына пайдалануына жол бермеді. Бұл қоғамдық келісімді сақтауды қамтамасыз етті.
Дегенмен тоталитарлық жүйеден қалған әлеуметтік - экономикалық және мәдени - тілдік қайшылықтар әлі де өз шешімін тапқан жоқ.
II.ЖАҢА ҰЛТ САЯСАТЫНЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ
ХХI ғ. басында Қазақстанда әртүрлі этностық қауымдастықтарға жататын адамдардың қарым-қатынастарына көзқарас өзгерді. Елден көшу саябырсыды, ел халқының басым көпшілігі ұйысып, азаматтық қоғам қалыптаса бастады. Елде ірі этнодемографиялық өзгерістер болды: Қазақстан екі этностық қауымдастық (қазақтар мен орыс диаспорасы) басым болған мемлекеттен, сан жағынан бір этнос, қазақ этносы басым мемлекетке айналды.
Бүкіл әлемдегі сияқты Қазақстанда да адамдардың ақыл-парасаты, қазақтар мен қазақстандықтардың санасына жат өмір үлгілері мен стандарттар енгізу үшін ақпараттық күрес жүруде, ол ұлттық сана-сезімді күйзелтеді.
Шындығында кеңес заманынан кейін қоғам алғашқы рет ұлттық құрылым мәселелерін жаңа ой елегінен өткізудің алдында тұр, қоғамдық санада, БАҚ-да және ғылыми жиындарда бұл мәселелер жиі көрініс алады.
Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» Демократиялық партиясы «Қазақстанның Ел бірлігі доктринасын» жаңа тарихи кезеңде күрделі ұлттық құрылым мен ұлтаралық қатынастар үдерістерін доктриналды негізде талқылауға талпыныс ретінде қарастырады. Сонымен қатар, біз, бір ғана осы құжат арқылы аталмыш күрделі мәселенің барлық қырлары анықталуы мүмкін еместігін де түсінеміз.
«Қазақстан Республикасының жаңа ұлт саясатының Тұжырымдамасын» (онан әрі-«Тұжырымдама») дайындау мен қабылдаудың қажеттілігі қоғам және әлемдегі жаңа этнодемографиялық, әлеуметтік Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы және геосаяси, ұлттық және діни фактордың өсуі жағдайында Қазақстан халқының бірлігін және тұрақтылықты нығайтуға бағытталған 2011-2020 жылдардағы мемлекет саясатының нақты мақсаттары, қағидаттары мен міндеттерін анықтаудан туындайды.
Жаңа ұлт саясаты әртүрлі этностық қауымдастықтардың қарым-қатынастарын, олардың ерекшеліктерін есепке ала отырып жүйелеуге және оған бағыт беруге арналады. Бұл саясат әлеуметтік-экономикалық, саяси тетіктер, рухани құндылықтар, мәдениет пен тіл арқылы этносаралық және конфессияаралық бірлікке жеткізетін жолдар мен шешімдерді анықтайды.
«Тұжырымдама» Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелері және адам құқықтары мен түрлі этникалық қоғамдастықтарға жататын адамдардың ең басты бостандықтары жөніндегі халықаралық құқықтың жалпы талаптарына сүйенеді. Ол экономикалық, саяси, әлеуметтік тетіктер және тіл мен мәдениет негізінде этника және дінаралық келісімге жетудің әдістері мен құралдарын анықтайды.
III. ЖАҢА ҰЛТ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ ИДЕЯЛЫҚ ҚАҒИДАТТАРЫ
Қазақстандықтар қоғамдық келісімді, ел бірлігін жоғары бағалайды. Бірақ бірлікті нұсқаумен қалыптастыруға болмайды. Ол елдің іргесін нығайтатын нақты да айқын және өзара іштей байланысқан маңызды идеяларды негізге алу арқылы жүзеге асады.
МЕМЛЕКЕТТІҢ ЭТНИКАЛЫҚ ҚҰРАМЫН ЕСЕПКЕ АЛУ
Елдің этникалық құрамы өркениеттер тоғысында тарихи қалыптасқан. Бүгін Қазақстан жерінде әртүрлі этникалық қауымдастықтар өмір сүруде.
1)Көне түркі халқының ұрпағы, байырғы жерінде тұратын қазақтар;
2)Әр заманда, әртүрлі жолмен Қазақстан тағдырына араласқан славян және еуропалық тектес этникалық топтар;
3)Мәдениеті мен тілі жағынан қазақтарға жақын шығыс этностық диаспоралар;
4)ХХ ғ. 30-40 жылдары жер аударылған этностардың өкілдері;
5)Бұрынғы Одақтың және алыс шет елдік ұсақ этникалық топтар;
Әлбетте, елдің этникалық құрамы оңай жолмен қалыптаспаған. Кейбір диаспоралар өкілдері Одақ ыдырағаннан кейін тарихи отандарына оралды. Сонымен қатар, Қазақстанда өмір сүретін барлық этникалық кауымдастықтардың өкілдері негізінен бүгін, Қазақстан азаматтары болып табылады.
Этникалық кауымдастықтар санына, әуелеті, географиялық жағдайы, тілі, діні, психологиясы, ассимиляциялануына байланысты ерекшеленеді. Мәдениеттің әртектілігі, әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктер, тарихи жады және басқа да факторлар этникалық қатынастар ахуалына әсер етіп, ұлт саясатының ерекшеліктерін айқындайды
ЖАЛПЫҚАЗАҚСТАНДЫҚ АЗАМАТТЫҚ ЖӘНЕ ЭТНИКАЛЫҚ СӘЙКЕСТІК
Қазақстандықтардың тегі өте күрделі құбылыс, оның астарында жаңа азаматтық пен қатар этникалық, аймақтық-жерлестік, ру-тайпалық, діни, әлеуметтік, кеңестік сағыныш сезім сияқты таңдаулар жатыр.
Адамзаттық және этникалық сәйкестіктер, олардың үйлесімі адамның Қазақстанмен де, өзінің этникалық қауымдастығымен байланысын көрсетеді. Қазақтар үшін қазақстандық азаматтық және этникалық сәйкестілікті үйлестіру қиын болмаса, тарихи отаны бар диаспоралар үшін бұл көкейтесті мәселе. Диаспоралар негізінен өз этностық қауымдастығының өкілі бола тұра, бүгін Қазақстан азаматтығын таңдады.
Қоғамдағы саяси, әлеуметтік-мәдени және экономикалық өзгерістер мемлекеттік және этникалық сәйкелістіктерде көрініс алады. Қазақстандық және этникалық сәйкелістіктердің үйлесіміне қарай қоғамның бірлігі және оның даму бағыты туралы пікір қалыптасады. Сәйкестілік мәселесі мемлекет пен қоғамның әлеуметтік қуаты мен қоғамдық келісімнің барометрі болып табылады
ДИАСПОРАЛАРДЫҢ ЭТНИКАЛЫҚ, ДІНИ ЖӘНЕ ТІЛДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ҚОЛДАУ
Ұлтаралық келісімнің басты шартының бірі -әртүрлі этникалық топтардың хұқын қорғау, сұраныстарын қанағаттандыру.
Диаспоралардың мүдделерін билік институттары да, азаматтық қоғам да қорғауға тиісті. Бұл этноұлттық мүдделерді ескеру және жүзеге асыру жүйесін қалыптастыруды талап етеді.
Бүгін Қазақстанда диаспоралардың саяси-сезімі өсуде. Этномәдени талаптарын қанағаттандырумен қатар, диаспоралар заң шығару органда ғана емес, атқарушы билікте де өкілеттілігінің болғанын қалайды. Бұл мәселелер хұқықтық, сыйластық, ізгілік және өзара тілектестік негізінде шешілуі тиіс. Азаматтықты төмендету арқылы этникалы сәйкестілікті алға тарту, тек азаматтықты ғана қолдау сияқты қауіпті. Барлық жағдайларды назарға ала отырып үйлестіру баянды тәртіп пен тұрақтылыққа жұмылдырады.
ӨТКЕННІҢ ЖАҒЫМДЫ САБАҒЫНА ЖӘНЕ
ЖАҢА ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА СҮЙЕНУ
Басқа елдердің тарихы сияқты Қазақстан тарихы да қатал ұлтаралық қақтығыстарға толы. Сонымен бірге бұл этникалық қауымдастықтардың - тіл, тұрмыс салты, еңбек, көзқарас және мәдениет салаларында өзара ықпалдастықтың да тарихы. Ұлт саясатын жүзеге асыру барысында тарихтың жағымды сабақтарына сүйенудің қажеттігі бар. Өткенді түсіну, бірліктің терең тамырына бойлау жаңа тарихи сана тудырды. Сонымен бірге, қазақтардың, барлық қазақстандықтардың елдің тарихын білуі, бұқаралық сана да қазақ мемлекеттілігінің кешегісі мен бүгінгісінің тарихи байланысын және сабақтастығын ұғыну да маңызды.
Қазақстандықтардың басын тек территориялық-әкімшілік белгі ғана емес, ең бастысы - ортақ тарих, ортақ мемлекет, ел тағдырына азаматтық жауапкершілік, қоршаған ортаны қорғау, тағы басқа өмірлік ұстанымдар біріктіруі тиіс.
ҚАЗАҚТАР МЕМЛЕКЕТҚҰРАУШЫ ҰЛТ РЕТІНДЕ
Қазақстан қоғамын үйыстырушы маңызды фактор - мемлекетқұраушы қазақ ұлты.
Әлемнің өзгеруімен бірге этникалық құбылыстар да өзгеруде. Ешқандай мемлекет ұлтсыз қалыптаспаған. Сонымен бірге - әр кезде кейде үстемдік жүргізген, кейде өзгенің ұлттық ерекшеліктерін жоюға тырысқан, болмаса ұлттардың басын қосуға ұмтылған мемлекетқұраушы этнос та болған. Бұл бірлікке қол жеткізудің жолдарына байланысты. Сондай-ақ, Қазақстанның тұрақты дамуы үшін қазақтардың мемлекетқұраушы ұлт ретінде жаңару мәселесі маңызды. Оған барлық этникалық қауымдастықтар мүдделі болуға тиісті.
Жеке азаматтың хұқы әлеуметтік, этникалық, басқа топтардың хұқықтарынан маңызды болғанымен, мемлекет құраушы ұлт жаһандық әлеуметтік, экономикалық өзгерістер тұсында өзінің тағдырына ғана емес, мемлекетте өмір сүруші барлық этникалық қауымдастықтардың қарым-қатынастарына саналы түрде жауапкершілігін сезінеді. Қазақтардың мемлекетқұраушы ұлт ретінде қабылдамау елімізді ұлттан тыс мемлекет моделіне бағыттар еді, мемелекет қазақтар мәселесін шешуден шеттетіледі, ал ол біздің басты құндылығымыз - Тәуелсіздігімізді мәнсіз етеді.
Қазақстан Тәуелсіздікке Одақ ыдырағандықтан емес, қазақтардың ғасырлар бойы байырғы жерінде өз мемлекетіне ұмтылғандықтан қол жеткізді. Қазақтардың бұл ұмтылысын еліміздегі барлық этностық топтар қолдады.
1991ж. тәуелсіздікке қол жеткізу - қазақ ұлтының екі ғасырдан астам Кенесары Касымов, ХХ ғ. басындағы Алаш қозғалысы, 1917 жылғы Алаш үкіметі сияқты - ұлт - азаттық күрестің маңызды нәтижесі.
Бүгін қазақтар барлық мемлекетқұраушы ұлт талаптарына саяси және этникалық жағынан сай: өзінің байырғы жерінде, сан жағынан елде басым және барлық диаспоралардың хұқын қорғап отыр. Қазақтардың мемлекетқұраушы ұлт мәртебесі Қазақстан халқы бірлігіне көлеңке түсірмейді, керісінше, оның елді біріктіруші қызметін айқындайды. Атап айтқанда, мемлекетқұраушы ұлт елдегі өмір сүретін барлық этникалық қауымдастықтардың тең хұқықтығына жауапты, сондай-ақ, қазақтар да олардың қолдауына мүдделі. Мемлекетқұраушы ұлт ретінде қазақтар Казақстанда қоныстаған диаспоралардың басын қосатын ұйытқы.
ҚАЗАҚ ҰЛТЫН ОТАРСЫЗДАНДЫРУ
ХХ-шы ғасыр қазақтар үшін қайғылы уақиғалар ғасыры болды, қазақтар өз отанында азшылыққа айналып, ана тілі, дәстүрлері мен тарихынан айрыла жаздады. Бүгін сол жарақаттың, ұлттық-мемлекеттік теңсіздіктің орнын толтыру, өз мемлекеттілігін, мәдениетін, тілін, дәстүрін, тарихи мұрасын жаңғыртуға қазақтар лайықты халық.
Жаһандану Қазақстан қоғамына үлкен парыз жүктеп отыр. Мәселе қазақ ұлтының болашақта бәсекелестікке қабілетті ұлт болуында ғана емес. Бүгінгі күні ұлттық құндылықтардан тыс мемлекет құраушы қазақ ұлты өз болашағына сенімді қарай алмайды. Ішкі және сыртқы жағдайлар Қазақстанда қазақ халқының тілі мен мәдени құндылықтарына басымдық беруді талап етіп отыр. Диаспоралардың тілі мен мәдениеті жанжақты тарихи отанында дамиды. Мұндай саралап жіктеу еліміздегі диаспоралар мен этникалық топтарға жататын адамдардың жеке азаматтық хұқын, олардың этникалық тегін сақтауға, қоғамға лайықты орын алуға ұмтылысын шектемейді. Бұл нақтылау, тарихи қалыптасқан жағдайдан туып отыр.
ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР МЕН ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ
Ұлттық және діни құндылықтар рухани мәдениетте бұрын да, бүгін де бір-бірімен ажырамас бірлікте. Дәстүрлі діндер ұлттық мәдениетті сақтаудың нақты тетігі қызметін атқарып келеді. Зайырлы мемлекет ретінде Қазақстанның ұлт саясаты бұл үрдісті ескеруі тиіс. Барлық дәстүрлі конфессияларды мойындай және сыйлай отырып, Қазақстан экстремистік ұйымдардың қызметіне тыйым салады.
БІРЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗІ
Табыс деңгейі мен өмір сүруіне қарай қоғамның жіктелуі жағдайында әлеуметтік-экономикалық факторды бірліктің ең күрделі саласына айналдырады. Қылмыс пен жемқорлық жайлаған тұста біреулердің қолайлы, екінші біреулердің қолайсыз жағдайда болуы халықтың қарсылығын тудырып, ол ұлтаралық қатынастар аясына ауысады. Қоғамда қалыптасқан әлеуметтік қатынастар жүйесі этникалық сана-сезімнің белсенділігіне итермелейді. Әділетсіздікті шетел инвесторларының озбырлығымен де байланыстырады.
Елдің табиғи байлығы толық халықтың игілігіне айнала алмай отыр. Қазақстанмен табиғи ресурстарға бай елдерді салыстырып, қазақстандықтар өздерінің теңсіздігін айқын сезінеді.
Бұрын кемсітушілікке ұшыраған қазақ ұлтының әлеуметтік мәселелерін шешу әдейі назар аударуды талап етеді.
ҰЛТ САЯСАТЫНЫҢ ЕЛ АЙМАҚТАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ, ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІМЕН ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМЫМЕН ӨЗАРА БАЙЛАНЫСТЫҒЫ
Этносаралық шиелінестердің алдын алу және этносаралық келісімге қол жеткізу мақсатында аймақтағы әлеуметтік ортаның ерекшеліктерін назарда ұстау қажет. Елді мекендердің (ауыл, аудан, қала) ұлттық құрамы, этностық топтардың қоныстануы мен тарихы, этностық сипаттағы ірі сауда орталықтары, мейрамханалар, білім мекемелері, мәдени мекемелер мен этномәдени орталықтарының ахуалдары туралы ақпарат негізінде мониторинг жүргізіп отыру маңызды.
IV. ҰЛТ САЯСАТЫНЫҢ БАСЫМ МІНДЕТТЕРІ
Қауіп - қатерлердің алдын алу, ұлтаралық және дінаралық келісімді нығайту мақсатында «Тұжырымдама» мемлекет саясатын алуан түрлі мүдделерді үйлестіруге бағыт беріп, келесі басымдықтарды белгілейді:
Саяси құқықтық сала:
- Біртұтас аумақ, біртұтас азаматтық, біртұтас жоғары билік, біртұтас құқық жүйесі, біртұтас мемлекеттік тіл негізінде мемлекет тәуелсіздігін, тұтастығын нығайту;
- Нәсілі, ұлты, тілі, діни сеніміне, сондай-ақ әлеуметтік топтар мен қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына қарамастан адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының теңдігі;
- Әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, тілдік белгілері немесе діни сенімі бойынша адам құқықтарын шектеудің кез келген түріне тыйым салу;
- Ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіруге, біртұтас Қазақстан халқын жікке бөлуге, ұлттық және діни алауыздықты, өшпенділік пен араздықты өршітуге бағытталған әрекеттерге тыйым салу;
- Қазақстан Республикасының диаспоралары қазақстан қоғамының және біртұтас қазақстандық азаматтық қауымдастықтың бөлігі болып табылады;
- қоғамдағы тұрақтылық - ұлт мәселелерін әділ, демократиялық жолмен шешудің негізі;
- азаматтардың ұлттық намысын, олардың тілін, мәдениетін және діни сенімін құқықтық қорғауды қамтамасыз ету;
- Қазақстанның халықаралық беделін күшейту барлық этникалық қауымдастықтардың міндеті;
- қазақ диаспорасы өмір сүретін мемлекеттермен, сондай-ақ халықаралық құқықтық актілер негізінде Қазақстанда өкілдері тұратын мемлекеттермен қарым қатынасты нығайту;
- елді мекендерде этникалық және діни мәселелерді уақытылы және жедел шешу мақсатында мемлекеттік басқару мен жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру;
- диаспоралардың этномәдени орталықтарының қызметінің хұқықтық негізін айқындайтын заң қабылдау;
- Қазақстан Республикасының азаматтығы адамның мемлекеттік тілді білуіне, біліміне, жасына, мамандығына, қаржылық қаражатының, туыстық байланыстарының болуына қатысты берілуі тиіс;
- түрлі этникалық және діни қауымдастықтар арасында өзара түсіністікке қол жеткізу үшін этносаралық және конфессияаралық пікір алмасу, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның күшін біріктіру;
- этносаралық қатынастардағы ахуалды зерттеу және этносаралық қақтығыстардың алдын алу жөніндегі ғылыми іс-шараларды дайындау;
- мемлекетаралық қарым-қатынастарда шет елдердегі қазақ диаспорасының мәдени-рухани мүдделерін қорғау;
- мемлекеттің атын «Қазақ Республикасы» (Қазақстан) деп өзгерту.
Әлеуметтік-экономикалық салада:
- әлемдік тәжірибеге сәйкес табиғи байлықты игеру барысында қоршаған ортаның бұзылуынан денсаулыққа келтірген зиянның орнын толтыру үшін жергілікті тұрғындарға ұлтына қарамастан компаниялардың акцияларын тегін иеленуге, одан қаржылай пайда табуға және басқа да әлеуметтік жеңілдіктерге қол жеткізуі керек;
- тоқырап қалған, экологиялық жағынан жағымсыз қазақ аудандарын дамытудың нақты бағдарламаларын қабылдау және іске асыру;
- ауылдың әлеуметтік және мәдени дамуын, инфроқұрылымдарды дамыту және жұмыспен қамтамасыз ету жобаларын дайындау және жүзеге асыру;
- ішкі көші-қонды реттеу және қалалар төңірегіндегі елді мекендердің күрделі әлеуметтік мәселелерін шұғыл шешу;
- жер мәселесін жерге деген қазақтар мен диаспоралардың дәстүрі мен мәдениетін есепке ала отырып, мемлекеттік меншікке басымдық бере шешу, шетелдіктерге жерді жалға беруді шектеу;
- байырғы халық ішінен мақсатты түрде жоғары маман жұмысшылар, инженерлер мен менеджерлер дайындау, шет ел мамандарын алмастыру;
- білім беру жүйесі, кадрларды іріктеу және әлеуметтік саясатты жетілдіру арқылы өндіріс пен басқарудың түрлі салаларындағы этникалық топтар мүддесін барынша сәйкестей отырып реттеу;
- шет ел компанияларында жұмыс жасайтын қазақтарды кемсітілушілікті жою;
- білім сапасын көтеру, мемлекеттік органдар мен экономикадағы кадр саясатының таза және әділ жүргізілуі арқылы тиімді «әлеуметтік баспалдақтар» жүйесін құру;
- еңбек нарығындағы ұлтаралық қатынастардың бәсекелестігін реттеу;
- көші-қон саясатын айқындағанда елімізге қоныс аударғысы келетіндердің мүддесімен емес, ұлттың мүддесімен, мемлекеттің ұлттық келбетін сақтау мақсатында көші-қонды реттеу;
- Қазақстан Республикасына оралушы қазақтарды, этномәдени және интелектуалдық даму деңгейлеріне сәйкес саралап, қосымша еңбек ресурстарының маңызды көзі ретінде пайдалану:
- этностық қауымдастықтардың жағдайын анықтау мақсатында этникалық статистиканы жолға қою;
Рухани - мәдени салада:
- қазақ тілі мен мәдениетінің ел ішінде және халықаралық деңгейде бәсекеге қабілеттігін күшейту мақсатында қазақтілді журналистер мен мәдениет қызметкерлерін әлеуметтік қорғау және БАҚ пен қазақ мәдениетін қаржылық жағынан қолдауға басымдық беру;
- басқа мемлекеттер тәжірибесіне сүйеніп, заң негізінде ұлттық мәдениетті қорғау, БАҚ, кинопрокат, театрлар мен концерттер репертуарларының ұлттық мөлшерінің шетелдікке қарағанда басымдығын қадағалау;
- аймақтардың ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттік тілдің барлық салада халыққа қызмет етуінің нақты мерзімдерін анықтау;
- ақпараттық кеңістік даму ерекшеліктерін және ақпарат инфрақұрылымның, интернеттің ұлттық бәсекелестікке қабылеттік деңгейін анықтаудағы үздіксіз артып келе жатқан маңызды ескере отырып, жаңа талаптарға сай қазақ алфавитін қабылдау;
- мемлекеттік тілдік ахуалды айқындайтын аймақтық этнолингвистикалық карталар мен тілдік мониторинг дайындап отыру;
- елдің барлық тұрғындарына мемлекеттік тілді игеруі үшін қажетті әдістемелелік, ғылыми-технологиялық және ақпараттық жағдайлар жасау;
- мемлекетті тілді меңгерген мемлекеттік қызметкерлер мен мамандарды материалдық жағынан жан-жақты ынталандыру;
- географиялық атауларды тарихи әділдік негізінде қалпына келтіру;
- саяси күштер ықпалынан тәуелсіз диаспоралардың мәдени және тілдік қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған этномәдени орталықтарды дамыту;
- мемлекеттік органдар қызметкерлерінің ұлт саясаты туралы біліктілігін жетілдіру, елдің жоғары оқу орындарында этноәлеуметтанушы, этносаясаттанушы, этнопсихологтар дайындауды жүзеге асыру;
- ұлтаралық келісім мен ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін БАҚ арқылы насихаттау;
- БАҚ-тың ұлтына, тіліне қарай бөлінуіне тыю, жалпы мемлекеттік мүдделерге бейімдеу;
- жас ұрпақты еліміздегі ұлттық қауымдастықтардың тарихын, мәдениеті мен тілін, олардың рухани құндылықтарын сыйлау рухында тәрбиелеу.
- дәстүрлі діндерді қолдау, мемлекеттің рухани кеңістігін жат ықпалдардың әсерінен қорғау;
- патриоттық тәрбиеде мемлекеттің рәміздері, ұлттық және мемлекеттік мерекелердің әуелетін толық пайдалану.
V.МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ САЯСАТТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
Мемлекеттің ұлттық саясатын жүзеге асыру ҚР Конституциясы мен заңдары және саяси партиялар мен мемлекеттік емес ұйымдардың ұсыныстары, мемлекеттік органдар және ұлттық қауымдастықтар мен діни бірлестіктер арасындағы пікір алмасуды қолдау негізінде жүзеге асырылады.
Бұл үшін келесі шараларды қабылдау қажет:
- қазақ ұлтының экономикалық, әлеуметтік, демографиялық, рухани жаңаруын, әлемдегі тұтастығын қамтамасыз ететін жалпы мемлекеттік Бағдарлама дайындау және оны іске асыру;
- экономикалық, әлеуметтік және саяси өзгерістерді диаспоралар мен этникалыық топтардың рухани және мәдени қажеттіліктері мен мүдделерін есепке ала отырып үйлестіру;
- Мемлекеттің Конституциясына өзгерістер енгізу;
- «Қазақстан - 2030» даму Стратегиясын болашақ Қазақстанның этникалық келбеті тұрғысынан қайта карау;
Келесі заңдарды әзірлеу және қабылдау:
- «ҚР-дағы мемлекеттік тіл туралы»
- «ҚР-дағы этно-мәдени орталықтар туралы»
- «Ар-ождан бостандығы және діни бірлестіктер туралы»
Мына заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу:
- «Тілдер туралы»,
- «Көші-қон туралы»,
- «Мәдениет туралы»,
- «Білім туралы»,
- «БАҚ туралы».
- Ұлт саясатын айқындау, жағдайды сараптау мен болжау жөнінде бірыңғай мемлекеттік орган құру.
- Ұлттық үдерістердің бүгінгі қарқынды өсуі, күтпеген оқиғалардың да болу мүмкіндігі, сыртқы факторлардың әсері биліктің барлық деңгейлері мен тармақтарынан ұлттық мәселелерді шешуде өз қызметтерін нақтылауды талап етеді.
*****
«Тұжырымдаманы» Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы Орталық Кеңесінің хатшысы, философия ғылымдарының докторы Амангелді Айталының жетекшілігімен партияның мүшелерінің тобы әзірледі және оны Президиум мақұлдады.