Сейсенбі, 13 Мамыр 2025
Жаңалықтар 3598 0 пікір 21 Желтоқсан, 2010 сағат 13:45

Үндістан....

Үндістан.... Варанаси, болмаса Бенарес деп аталатын қаласы. Бізге жай бір қала ғой, әйтпесе мұсылмандар үшін Мекке қандай болса, индуистер үшін де бұл сондай «қасиетті, киелі» қала. Марк Твеннің "Варанаси - тарихтан да, дәстүріңнен де көнерек, екеуің қосып алсаң да, бәрібір екі есе ескі көрінеді" деген сөзі бар екен. Ал, индуистер оны жер бетінде Құдайлар салған алғашқы қала деп әспеттейді. Құрысын, индуистердің нанымын илей бермей, мына көрініске қараңыздар. Варанасидің тұсынан әйгілі Ганг өзені ағады. Ал, өзін құрметтейтін әрбір индуист өлерінің алдында осы өзеннің жағалауындағы мәрмәр тақталарға (гхат) апарып тастауын өтінеді. Себебі, сенім бойынша, осы жерден мүрдем кетсе, келесі өмірге өтпейді, Сансар дөңгелегінен шығып қалып, жаны мәңгілікке рахат табатын көрінеді. Өлгендерін тура өзеннің жанында өртейді. Жағдайы келмегендері отынға да жарымай қалып, мәйіт шала күйіп қалады... Оны енді жерге көмбейді. Ортақ крематорий тағы жоқ. Амал который деп, дұғасын бір оқып, Гангтің суына қоя береді. Одан арғысын ит біліп пе? Тойыс, шынымен мына иттер біледі...

Orken&J

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2358
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4026