Ермек Қарабала. «Национализм» пен «нацизмнің» ара-жігін ажырата білейік!
Қазақстан Республикасы Парламентінің делегациясы Мәскеуде өткен «Мир без нацизма - глобальная задача всего человечества» атты халықаралық конференцияға қатысып келіпті. Қазақстан тарапынан аталмыш конференцияға Сенат Төрағасының орынбасары Мұхамбет Көпеев, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Х.Валиев және Мәжіліс депутаты В.Вишниченколар қатысыпты деп хабарлайды жоғарғы палатаның баспасөз қызметі.
Кремльдің айтағымен жүргізіліп жатқан «тарихты бұрмалауға жол бермеу» саясатының аясында өткізілген осы конференцияда Мұхамбет Көпеев көсіле сөйлеп орыс саясаткерлерін әбден тәнті қылыпты. «Қазақстан Екінші дүнижүзілік соғыс қорытындыларын қайта қарауды айыптайды. Оларды тарихи, саяси және адамгершілік тұрғысынан тексеруге талпыныстар жасау, аз дегенде, дұрыс емес және негізінде кешіруге жатпайды», - деп ашыла сайрапты вице-спикер ағамыз.
Қазақстан Республикасы Парламентінің делегациясы Мәскеуде өткен «Мир без нацизма - глобальная задача всего человечества» атты халықаралық конференцияға қатысып келіпті. Қазақстан тарапынан аталмыш конференцияға Сенат Төрағасының орынбасары Мұхамбет Көпеев, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Х.Валиев және Мәжіліс депутаты В.Вишниченколар қатысыпты деп хабарлайды жоғарғы палатаның баспасөз қызметі.
Кремльдің айтағымен жүргізіліп жатқан «тарихты бұрмалауға жол бермеу» саясатының аясында өткізілген осы конференцияда Мұхамбет Көпеев көсіле сөйлеп орыс саясаткерлерін әбден тәнті қылыпты. «Қазақстан Екінші дүнижүзілік соғыс қорытындыларын қайта қарауды айыптайды. Оларды тарихи, саяси және адамгершілік тұрғысынан тексеруге талпыныстар жасау, аз дегенде, дұрыс емес және негізінде кешіруге жатпайды», - деп ашыла сайрапты вице-спикер ағамыз.
Зұлмат соғыста талай аталарымыз құрбан болды. Оны ұмытпау, олардың аруағына тәу ету - бүгінгі қазақтың ұрпақтық міндеті, парызы. Осы тұрғыдан алғанда фашистік, нацистік идеологияны айыптау - заңды құбылыс. Алайда, фашизмді айыптай отырып сол екінші дүниежүзілік соғысты мүмкін еткен, соның себепкерлерінің бірі болған сталиндік режимді ауызға алмауымыз тарихи қиянат! Фашизм идеологиясы мен тәжірбиесі қалай айыпталса, миллиондаған адамның өмірін қиған коммунистік тоталитарлық идеология мен оның тәжірбиесі де солай айыпталуы тиіс! Ерте ме, кеш пе әлем де, оның ішінде Қазақстан да осындай пайымға тоқтайды. Бұл әсіресе қазақ ұлты үшін тарихи санасы мен жадын жаңғырту үшін қажетті саяси меже.
Осы орайда тағы бір нәрсеге назар аудармаса болмайды. Сенаттың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта аталмыш конференцияның атын ««Ұлтшылдықтан тыс әлем - барша адамзаттың жаһандық міндеті» деп аударып беріпті. Бұл не бұрмалау ма, әлде надандық па? Қай кезде де біздер «национализм» мен «нацизмнің» ара-жігін ажырата білгеніміз абзал. Себебі олардың айырмасы жер мен көктей! Ұлтшылдық ұлтты қалыптастыратын саяси идеология. Нацизм - фашизмнің балама аты, Нюрнберг сотында әлем мемлекеттері айыптаған қылмыстық идеология. Бүгінгі күні «тарихты бұрмалауға қарсы» саясатты жүргізіп отырған Путин де, Медведев те өздерін «орыс ұлтшылдарымыз» деп атаудан қорықпайды, тіпті оны мақтан тұтып айтады. Сонда Сенат аппаратының түсінігінде президентіміздің достары Путин мен Медведевтер «фашист» болып шыққаны ма?
Орыстардың өзі бүгін «нацизм» және «национализм» сөздерінің айырмасын түсінді деуге болады. Орыстың барлық сөздіктері мен энциклопедиялары «нацизмді» «герман фашизмінің», «национал-социализмнің» баламасы деп түсіндіреді. Біздің шенеуніктер қазақша түсінбесе оларға орысшалап берейік.
Мысалы, 2000 жылғы «Юридический словарь» былай дейді: «НАЦИЗМ (от назв. Национал-социалистской партии Германии) - название идеологии и практики гитлеровского режима в Германии в 1933-1945 гг. Сутью Н. являются тоталитарные террористические методы власти, а также официальная градация всех наций по степени их "полноценности". Средством реализации идей Н. стали военная агрессия и геноцид».
2007 жылғы «Большой словарь иностранных слов» сөздігінде «нацизм» - «наиболее радикальное политическое течение, стремящееся под лозунгами борьбы за интересы коренной нации любыми средствами вплоть до террористических захватить власть и полностью ликвидировать оппозиционные партии» деп түсіндіріледі.
Енді «национализмге» тоқталайық. Әйгілі «Википедияда» былай делінген: «Национали́зм (фр. nationalisme) - идеология и направление политики, базовым принципом которых является тезис о ценности нации как высшей формы общественного единства и её первичности в государствообразующем процессе. Отличается многообразием течений, некоторые из них противоречат друг другу[1]. Как политическое движение, национализм стремится к защите интересов национальной общности в отношениях с государственной властью. В своей основе национализм проповедует верность и преданность своей нации, политическую независимость и работу на благо собственного народа, объединение национального самосознания для практической защиты условий жизни нации, её территории проживания, экономических ресурсов и духовных ценностей. Он опирается на национальное чувство, которое родственно патриотизму. Эта идеология стремится к объединению различных слоёв общества, невзирая на противоположные классовые интересы. Она оказалась способной обеспечить мобилизацию населения ради общих политических целей в период перехода к капиталистической экономике».
2000 жылғы «Современная энциклопедия» болса «ұлтшылдыққа» мынадай баға береді: «Национализм - идеология и политика в национальном вопросе, основа которых - трактовка нации как высшей ценности и формы общности. В 19 - 20 вв. национализм выступал как мощная объединяющая сила в борьбе за национальное освобождение в Европе, а затем в Африке, Азии и Латинской Америке. Национализм, сопровождаемый идеей национального превосходства и национальной исключительности, часто принимает крайние формы (шовинизм), сближается с расизмом и ведет к острым внутренним или межгосударственным конфликтам».
Айырмасы бар ма екен?
Шынтуайтқа келер болсақ, бүгінгі қазақ ұлты кеңес заманында қалыптасқан жалған түсініктер мен кеңестік идеологияның сарқыншақтарынан бас тартуы тиіс. Бұл өзіміздің тәуелсіз болмысызды, болашағымызды қамтамасыз ететін саяси қажеттілік. Сол жалған түсініктердің бірі «ұлтшылдық» ұғымын құбыжық етіп көрсету. Өз ұлтын, мемлекетін сүйген әрбір адам ұлтшыл болатыны хақ! Олай болса «ұлтшыл» сөзін «ұлтжанды», «ұлт патриоты», «ұлт жанашыры» деген баламалармен ауыстырып, жоқ жерден жаңалық ашуды тоқтатуымыз керек.
Осыны оқып болған соң біздің Сенаттағы әріптестеріміз өз қателіктерін мойындап, таратылған баспасөз релиздерін түзетеді деп сенеміз.
«Абай-ақпарат»