Сенбі, 17 Мамыр 2025
Жаңалықтар 2384 0 пікір 22 Желтоқсан, 2010 сағат 05:10

Солтүстік Қазақстанда табиғат қаскөйлері 6 қарағайды заңсыз шапқан

Петропавл. 22 желтоқсан. ҚазТАГ - Солтүстік Қазақстан облысында (СҚО) қарағайларды заңсыз шабудың 6 фактісі тіркелді, деп хабарлайды аумақтық орман және аңшылық шаруашылық инспекциясы.

«Жамбыл және Қызылжар аудандарында екі факт бойынша браконьерлер анықталды, олар айыппұл төлейді. Материалдар сотқа берілді», - деп хабарлайды сәрсенбі күні инспекциядағылар.

Қылқан жапырақты ағашты заңсыз шапқаны үшін айыппұл 10-нан 15-ке дейін АЕК-ті құрайды (1 АЕК=1413). Бұдан басқа, браконьерлер табиғатқа келтірген шығынның орнын толтыруға тиіс. Петропавлдың сауда нүктелерінде шыршаның бағасы орта есеппен Т2,5 мың құрайды.

Инспекцияның бас маманы Иван Кохтың айтуынша, қарағайларды браконьерлерден қорғау үшін мобильді топтар құрылды, олар 1 желтоқсаннан бастап күшейтілген режиммен жұмыс істеп, тәулік бойы кезекшілік етуде.

«Мемлекеттік орман мекемелері облыс аумағында 58 бекет пен 117 мобильді топ ұйымдастырды. Әкімдік жаңа жылдық мәдени-бұқаралық шараларға 1 263 қарағайға тапсырыс берді», - деді ол.

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2679
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4385