Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
6272 0 пікір 26 Желтоқсан, 2017 сағат 09:13

Түркіменстанда тұңғыш президент Сапармұрат Ниязов атындағы мұражай ашылды

Биыл Түркіменстанның тұңғыш президенті Сапармұрат Ниязовты еске алу күні жылдағыдан ерекші аталып өтті. Бұл көпшіліктің таңданысын туғызды.

ТДХ мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бірер күн бұрын Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Сапармұрат Ниязов атындағы мұражайдың ашылу салтанатына қатысқан. Оған елдің айтулы тұлғалары да барған.

11 жыл бұрын қайтыс болған тұңғыш президенттің өлімі ауыр экономикалық дағдарысқа тұспа-тұс келген. Қазіргі уақытта да ел дағдарыстан шыға қоймады.

Мемлекет басшысы сөздерінде тұңғыш президентке арнап құран оқылатынын, еске алу шаралары өткізілетінін айтты. Бірақ оның көзі тірі кезінде берілген "Ұлы Түркіменбашы" деген атағы айтылмады.

Ниязов қайтыс болғаннан кейін, оған арнап салынған барлық ескерткіштер алынып тасталды. Сонымен бірге бейтараптық қақпасында орналасқан 83 метрлік алтын мүсіннің де көзі жойылды. Ниязовтың туыстарының атына берілген қала, аудан аттары да қайта өзгерді.

Сапармұрат Ниязов Түркіменстанды 1985 жылдан 2006 жылға дейін басқарды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 992
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2538
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 697
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 668