Есеп Түгелов. Қазақстандағы христиандар хақында
Жақында ғана өткен халық санағының деректеріне сүйенетін болсақ, Қазақстан азаматтарының 4190128-і немесе 26,2 пайызы өздерін «христиандармыз» деп есептейтіндерін мәлімдепті. Өкінішке орай, олардың қайсысы православ, қайсысы католик не протестант екенін ажырату қиынға соғып отыр.
Мысалы, бүгінгі күні еліміздегі орыстардың саны 3793764 адамды немесе халықтың 23,7 пайызын құрайды. Бұлардың қатарына 333031 украиндар (2,1 пайыз) мен 66476 белорустарды (0,7 пайыз) қосуға болады. Осы үш славяндық халықтың санын қоссақ, олар 4193271 адам болады немесе республика халқының 26,5 пайызын құрайды екен.
Бұларға түбі христиан болып саналатын 178409 немістерді (1,1 пайыз), 34057 поляктарды (0,2 пайыз), 100385 кәрістердің (0,6 пайыз) біраз бөлігін қосуға болады. Шамаласақ, еліміздегі христиандардың саны 4506122 адамға дейін немесе 28,4 пайызға дейін жетуі мүмкін.
Яғни тегі христиан ұлыстардың 2,2 пайызы (356 мың адам) ия басқа дінге енген, ия өздерін атеистерміз деп отыр. Санақтың дерегіне сенсек, жалпы басқа діндегілер мен атеситердің саны саны 480616 адамды немесе 3 пайызды құрайды екен!
Қазақстанның аймақтарындағы христиандардың үлесі жағынан олардың ең көп шоғырланған жерлері мыналар: Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Кереку, Қарағанды, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстары.

|
Барлық халық |
Христиандар |
Салмақ үлесі |
|
Қазақстан Республикасы |
16009597 |
4190128 |
26,2 |
|
Ақмола |
737495 |
326864 |
44,3 |
|
Ақтөбе |
757768 |
130138 |
17,2 |
|
Алматы |
1807894 |
313898 |
17,4 |
|
Атырау |
510377 |
36192 |
7,1 |
|
Батыс Қазақстан |
598880 |
148137 |
24,7 |
|
Жамбыл |
1022129 |
137672 |
13,5 |
|
Карағанды |
1341700 |
601315 |
44,8 |
|
Қостанай |
885570 |
473306 |
53,4 |
|
Қызылорда |
678794 |
19007 |
2,8 |
|
Маңғыстау |
485392 |
44122 |
9,1 |
|
Оңтүстік Қазақстан |
2469357 |
150365 |
6,1 |
|
Кереку |
742475 |
337113 |
45,4 |
|
Солтүстік Қазақстан |
596535 |
351339 |
58,9 |
|
Шығыс Қазақстан |
1396593 |
520177 |
37,2 |
|
Астана қ.ә. |
613006 |
142917 |
23,3 |
|
Алматы қ.ә. |
1365632 |
457566 |
33,5 |
|
Алдағы жылдары Қазақстандағы христиандардың болашағы не болмақ? Жоғарыда аталған этникалық топтардың саны жыл сайын кеміп отыр. Мәселен, 1999 жылғы ұлттық санақ деректерімен салыстырғанда он жылдың ішінде еліміздегі орыстардың саны 686911 адамға немесе 15,3 пайызға, украиндар - 214034 немесе 39,1 пайызға, белорустар - 45448 немесе 40,6 пайызға, немістер - 175053 немесе 49,5 пайызға, поляктар - 13245 немесе 28 пайызға кеміген!
Егер осы үрдістер сақталатын болса, алдағы он жылда христиандардың саны былай болып өзгереді:
Этностар |
2009 жылғы саны |
Кему болжамы пайыз |
2019 жылғы болжамдық саны |
2029 жылғы болжамдық саны |
Орыстар |
3793764 |
15 |
3223764 |
2740199 |
Украиндар |
333031 |
39 |
203148 |
123920 |
Белорустар |
66476 |
40 |
39885 |
23950 |
Немістер |
178409 |
49 |
90098 |
45000 |
Поляктар |
34057 |
28 |
24521 |
16000 |
Барлығы |
4405737 |
|
3581416 |
2949069 |
Егер дәл бүгінгі этнодемографиялық үрдістер (халықтардың орта жасының ұлғаюы, бала туудың азаюы, басқа елдерге көшу т.б.) он жыл бойы сақталып отырса, Қазақстандағы христиантекті халықтардың саны 2019 жылы 3,5 миллион адамға дейін кемиді. Бұны «табиғи-эволюциялық болжам» деуге болады. Ал егер елдегі экономикалық жағдай қиындаса, оған этносаралық қақтығыстар сияқты құбылыстар қосылса, олардың саны күрт кемуі де ықтимал. Бұны «дағдарысты-шиеленістік болжам» деуге болар. Ондайдан құдайдың өзі сақтасын дейік...
«Табиғи-эволюциялық болжамға» салсақ, он жылдан кейін Қазақстан халқының саны 7-8 пайызға артып шамамен 17 миллион 500 мың адамды құрауы мүмкін. Ал 2029 жылы Қазақстан азаматтарының саны 19 миллионға жетеді деген үміт бар. Егер осы болжамымыз дұрыс болып шығатын болса, Қазақстандағы этнодемографиялық және конфессиялық жағдай төмендегідей болмақ:
Этностар |
2019 жылғы болжамдық саны |
2019 жылғы Қазақстандағы үлес салмағы |
2029 жылғы болжамдық саны |
2029 жылғы Қазақстандағы үлес салмағы |
Орыстар |
3223764 |
18,4 |
2740199 |
14,1 |
Украиндар |
203148 |
1,2 |
123920 |
0,6 |
Белорустар |
39885 |
0,2 |
23950 |
0,1 |
Немістер |
90098 |
0,5 |
45000 |
0,2 |
Поляктар |
24521 |
0,1 |
16000 |
0,08 |
Барлығы |
3581416 |
20,4 |
2949069 |
15,5 |
Қанша дегенмен бұл болжамдардың барлығы да бүгінгі этнодемографиялық тенденцияларға негізделіп отыр. Кейбір сарапшылардың пайымдауынша, Қазақстандағы орыстардың саны алдағы он жылда 10-12 пайызға, ал келесі онжылдықта 13-14 пайызға дейін кемиді деген болжамдар да жоқ емес. Олардың пайымдары дұрыс болатын болса, онда 2019 жылы христиандардың саны 3 миллион, ал 2029 жылы небары 2,3-2,4 миллионнан аспайды екен.
Еліміздегі конфессиялық, этнодемографиялық жағдайдың қалай өзгеретінін алдағы уақыт көрсетеді деп ойлаймыз. Не болса да аман болайық, абай болайық!
«Абай-ақпарат»