Сенбі, 23 Қараша 2024
3837 0 пікір 28 Желтоқсан, 2017 сағат 10:12

Қамаудағы журналист Бобомурод Абдуллаевты адвокатынан бас тартуға мәжбүрлеген

Өзбекстанның Ұлттық қауіпсіздік қызметі тергеушілері қамаудағы журналист Бобомурод Абдуллаевты адвокатынан бас тартуға мәжбүрлеген. Бұл жөнінде Өзбекстандағы Тәуелсіз құқық қорғаушылар бастамашыл тобының төрағасы Сурат Икрамов хабарлады.

Бобомурод Абдуллаевтың адвокаты Сергей Майоров құқық қорғаушыларға 26 желтоқсанда өзін ҰҚК тергеушісі Александр Веселовтің шақырғанын хабарлаған. "Тергеуші Бобомуродтың өтініші бойынша кездесіп жатқанын, оның 16 желтоқсанда адвокат көмегіне зәру еместігін айтып хат жазғанын жеткізді. Мен егер Бобомурод 16 желтоқсанда хат жазса, неге он күн өткеннен кейін мені шақырып жатсыңдар деп сұрадым. Оған Веселов тергеушілердің қолы бос болмады деп жауап берді", – деген Сергей Майоров құқық қорғаушыларға.

Адвокат Майоров қорғаушысымен оңаша қалдыруын сұраған. Бірақ ол қамаудағы журналистпен оңаша қала алмаған.

Адвокат Сергей Майоровтың хабарлауынша, Бобомурод Абдуллаев арызында мемлекеттік адвокат Шахзода Шарипованың қызметін пайдаланғысы келетінін жазған.

"Кейін ауызша Бобомурод өзінің менен неге бас тартқанын түсіндіруге тырысты. Оған Сурат Икрамовтың жазған мақаласын көрсеткен. Онда менің Бобомуродпен бірінші кездесуім жайында ақпаратты дұрыс жеткізбеген. Құқық қорғаушының мақаласында Бобомурод айыбын жартылай мойындайды деген. Шын мәнінде ол барлық баптар бойынша айыбын мойындап отыр. Ол мақаланы Салихтың (Мухаммад Салих – қуғындағы танымал оппозициялық саясаткер, Өзбекстанның Халықтық қозғалысы жетекшісі – Ред.) талап етуімен жазғанын. Бобомурод Салихтың өтініші бойынша емес, талап етуі бойынша жазған, – деп хабарлайды адвокат Сергей Майоров.

44 жастағы ташкенттік тәуелсіз журналист Бобомурод Абдуллаев биыл қыркүйек айында тұтқындалды. 1 қазаннан бері қамауда отыр. Оған "Конституциялық құрылымды бұзып, билікті күшпен тартып алмақ болды" деген бап бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5343