Орысқұл, арабқұл, түрікқұл...
Қазақ санасы өзгермей әркімге құл болып жүре береді. Орыстан қашып арабқа құл болады, одан қашып түрікке, керек болса, қытайға да... Оғыз Доғанның жазғаны осыған бір дәлел.
Менен екі сынып төмен оқыған ауылдас інім өте білімді, белсенді болып өсті. Әртүрлі аудандық, облыстық жарыстарға бірге қатысатын едік. Сөзге шешен, ойы да жүйрік-тұғын. Кейін КТЛ-ге түсті де, сол белсенділігін басқа бағытта қолдана бастады. Бірнеше жылдан кейін ол ініммен ауылда кездейсоқ кездесіп қалдым. Қазақтардан түріктерді жоғары қояды, өз ұлтын менсінбейді, ұстазымның еңбегін қазақ тіліне аударуым керек, оны кітап етіп шығаруым қажет деп, соны өзіне ұлы мақсат көріп жүр. Бізде жалпы осындайларға қарсы қазақшыл етіп шығаратын ұлттық мектеп бар ма өзі?
Оғыз Доған:
Орысқұлдар мен арабқұлдарға қосып түркияқұлдарды да жек көремін дегенім үшін, кейбір достарым маған ренжіп қалыпты...
Сіздер, Түркияны жақсы көрсеңіздер, мен қуанамын. "Түркияқұлдар" дегенім, бұл туған жерім Түркиямды жақсы көретіндер емес әлбетте... Мысалыға, мен қазақ халқын өте жақсы көремін деп "қазаққұл" болмаймын ғой...
Онда, "Түркияқұл" дегеніміз не?
Бір күні Ыстамбұлда бір отбасына қонаққа бардық. Күйеуі түрік, әйелі қазақ...
Балалары бір ауыз қазақша білмейді... Жарайды, дедім...
Сол әйел, қазақша білім алғанына қарамастан, қазақша сөйлесем маған түрікше жауап береді... Жарайды, дедім...
Шәй ішіп отырғанда түрік күйеуі "екі-ақ шегі бар" деп күліп, мазақтап, домбыраны кемсіте бастады... Қатыны болса, ол да күліп күйеуіне қосылды... Енді, жарайды дей алмадым!..
Мен қарсылық білдіргенде жаңағы еркек әбден құтырып, қазақ халқын жамандай түсті... Жаңағы қатын болса "дұрыс, дұрыс" деп оны қолдады...
Мен сол күні олармен кәдімгідей ұрысысып, боқтасып дастарханнан тұрып шығып кеткенмін...
Енді, осы түрік күйеуі сатқын ит, қазақсымақ қатын сатқын Түркияқұл емей, немене?!
Арман Әубәкір
Facebook-тегі парақшасынан