Жексенбі, 29 Қаңтар 2023
Ерлік 4153 9 пікір 15 Қаңтар, 2018 сағат 10:04

Атадан жеткен аманат

Қайран Әкем (Жаны Жаннәтта болғай!) өмірінің соңғы жылдарында «Тым көп жасап кеттім, мені жылатпай балаларымның алдында ала гөр» деп Құдайға құлшылық етіп, тілек тілеуден бір танған емес. «Ата-Анаңның қадірін, балалы болғанда білерсің» деп, қазақ мақалында айтылғандай, кезінде әкемнің бұл сөзіне онша мән бермегенімде рас. Бірақ, кейіннен өзімде балалы, немерелі болып, Әке, Ата атанғанымнан кейін осы әңгіменің сырын біршама сезінгендей болғанымды да жасыра алмаймын.

Соғыс. Соғыс. Соғыс... Сонау бала кезімнен барлық оқыған тарихи дүниелерімнің бәрі осы атың өшкір соғыс жайлы жазатын. Мектептегі барлық тарих оқулықтарының да басты тақырыбы тек қана соғыс жайлы болатын. Тарихи кітаптардың бәрі сол қағидаларынан күні бүгінде де бір танған емес. Әлі де сол соғыстар жайлы айтудан да, жазудан да, жырлаудан да, сол соғыс күнін тойлаудан да бір танбай келеміз. Осы кітаптарды оқып отырған адам баласы мынау жарық дүниеге тек қана соғысып өлу үшін келген сияқты болып сезінері хақ. Менде кезінде осыны сезіндім. Бірде тарих жайлы әңгіме болғанда өз балаларым да тура осы ойды айтты. Қолыма қалам алып Ата шежірені зерттей бастағалы бері соғыс жайлы ешқашан сөз қозғамауға өзіме серт бергенмін.

Алайда, сонау бала кезімде өз Ата-Анамнан және ауыл қарияларынан естіген мына бір әңгімені айтпай тұра алмадым.

Көне Маңғыстау. Ежелгі шежіре деректері осы өңірде Маңғыстау, Сынды, Қана, Сүмбе Темір Алан сияқты қалалардың болғанын және осы Манқыстаудың сан мыңдаған жылдар бойы әлем астанасы аталғанын айтады. Осы ұлы елдің тұрғындары өздерін қазақ, қазақ болғанда сол қазақтың қарашаңырағы Ман Адай деп, өзге жұрттар бұл сөзді қысқартып МАД патшалығы деп атапты. Сонау түпкірдегі Адам Ата мен Ауа Анадан басталған адами қасиеттердің бәрі осы астана елде қалыптасып, ол бүкіл әлемге мәдениет деген атаумен таралды. Мәдениеттің сөз түбірі Мәд (МАД) болатыны осыдан.  Әлем халықтары оны «360 әулиелі киелі Манқыстау» деп атады.

Түсініктеме: Біз мұның дәйекті дерегін Алтайлықтар күні бүгінде де ауыздарынан тастамай жырлап жүрген «Ман Адай Қара» дастанынан табамыз. Сол Манның атауын Манқыстаудан, Адай атауын осы өлкені күні бүгінде де мекендеп отырған Адайлардан, Қара атауын Маңғыстаудың үш түбегінің бірі Түпқараған (Қарағантүп, Қаралардың түбі) атауынан табамыз.

Адай батырлары. Адайдың батырлық, ерлік дастандарын жырлаған Абыл, Нұрым, Ақтан, Қашаған, Аралбай, Қалнияз, Сәттіғұл, Түмен, Сүгір, Мұрын т.б. осы соғысты айналып өте алмаған. Бірақ, қарап отырсам сол жырлардың бәрі тек қана ел мен жерді жаудан қорғаған ерлердің ісі жайлы екен.

Бұл оқиға осы Маңғыстау топырағында өте ескі замандарда өтіпті. Адам, Адам болып, шайтанның азғыруымен Абылды Қабыл өлтіргелі бері соғыстар да бір тоқтамай келеді емес пе? Міне сол соғысқұмар бір елдің патшасы қалың әскермен астана қаланы қоршауға алыпты. Жау қарасы қорғанушылардан әлденеше есе көп болыпты.

Қазақ ханы ел мен жерді қалай қорғап қалу мәселесін талқылау үшін қырық уәзірлерімен келелі кеңес құрыпты. Жетпісті желкемдеп, сексеннің сеңгіріне шыққан бас уәзір мынадай жоспар ұсыныпты. Жоспар бойынша әйел, бала-шағаны іште қалдырып еркек кіндіктілердің бәрі қамалдың сыртына шығып үшке бөлінеді. Жаудың қарсы алдындағы бірінші қатарға жастары алпыстан асқан барлық қариялар шығады. Олар найза және жеңіл балтамен қаруланады. Екінші қатарға ең әккі сарбаздар олардың балалары орналасады. Үшінші қатарға алдыңғы шептегі Аталардың немерелері, яғни екінші қатардағы әкелердің балалары орналасады. Жоспар еш талқыға салынбай бір ауыздан қабылданыпты.

Осы жоспар бойынша бас қолбасшы ханда өз жарлығын жариялапты. Алдыңғы шептегі қариялар  өз балалары мен немерелерінің, екінші қатардағы әкелер өз балаларының өлгендерін көрмеуге тиіс деген.

Міне таңда атты. Жау жақындап келеді. Жаудың қарсы алдында шымқай ақ кебінге оранған қариялар тұрғанын көргенде таңданыстарын жасыра алмай, тез жеңіске жететіндеріне еш күмән келтірмеген. Міне шабуылда басталды. Әпсәтте қариялар жерде жатқан ұзын найзалардың сабын жерге тіреп, ұшын жауға қарсы кезегенде жаудың алдынан жан шошырлық қорғаныс шебі пайда болды. Алдыңғы лек түгелімен найзаға шаншылды. Жараланғандарының басы балтамен шабылды. Екінші қатардан Садақ жебелері бұлт болып жауды. Қариялар жанталаса шайқасты. Ең әлсіздерінің өзі жастығын алып өлді. Күні кешегі Х1Х ғасырдың басында 75 жасында Маңғыстаудағы елді шапқан бес қаруы түгел сай жасанған 3000  жаудың  соңынан ер-тоқымсыз, желең көйлекпен жалғыз қуып жетіп соғыс салып, сол жаудың 18-ін жер жастандырған  Ер Қармыс Бекболатұлы, елу рет қол бастап соғысқа кіріп, бірде-бір рет жеңіліс таппаған, сол Қармыс Атамызды опат қылған 3000 қолдың артынан бар-жоғы 100 сарбазымен қуып жетіп сол 3000 қолды талқандап, жесір мен малды айырған Ер Төлеп Әнетұлы (1753-1835) сияқты батыр аталарымыз  бір емес, он, жиырма, отыз «жастықтарын» ала кетті. (Олар жайлы Қалнияз жырау Шопықұлының «Ер Қармыс-Ер Төлеп» дастаны бар).  Әйтсе де жау тым көп еді. Қарияның аты қария емес пе, бұл соғыс ұзаққа созылмады. Соғыс саябырсуға айналды. Ақ кебінге оранған қариялардың барлығы өлгені өліп, өлмегендері жерде қызыл қанға боялып қансырап жатты, айналасында олардан әлденеше есе көп жаудың өліктері де жусап жатты. Артта тұрған әкелер мен балалар ашу-ызадан көкіректері қарс айрылып әрең шыдап тұрды.

Міне, бас қолбасшының әкелерге де соғысқа кіруді бұйырған жарлығы естілді. Қанды қырғын соғыс күнімен бір тынған жоқ. Адай батырлары Атамекен туған жерлері, артта қоршауда қалған бала-шағалары, көз алдарында мерт болған әкелерінің кегін қайтару үшін жанталаса шайқасты. Әйтсе де жау тым көп еді. Кеш түсе қамал сырты жаудың сансыз өлігіне толды. Әкелердің де күші сарқылуға айналды. Жауда бұрынғыдай емес, менменшіл, өпіремдіктері әдәуір басылған, жасқана соғысуға көшкен.

Міне немерелердің көз алдында ұрпағын қорғаймын деп Аталары түгел опат болды. Міне ең соңғы әке де жаудың найзасына ілінді. Осы соңғы әкенің қолынан күні бойы үзіліссіз жүргізілген соғыста жаудың қаншама жасағы жер жастанды десеңізші. Оның санына жету еш мүмкін емес еді. Әйтсе де жау әлі де тым көп еді. Немерелер осылардың бәрінің көз алдарында болып жатқанына әрең шыдап тұрды.

Бас қолбасшының немерелерді соғысқа кіруге бұйырған жарлығы да жетті. Мұндай жанкешті соғысты Адам, Адам болғалы бері жан баласы естіп, көрмеген болар. Жиырма, отыз шамасындағы күш қайраты кемел, кеуделерін ашу-ыза мен кек кернеген жалындаған жас сарбаздар көз алдында өздері үшін жанын қиған Ата мен әкенің кегін алу үшін, артында қалған ел мен жерді қорғау үшін екі күн бойы жауға дамыл бермей тынымсыз шайқасты. Бұл соғыста адам түгілі астарына мінген аттары шыдамай қаншама ат ауыстырылып мінілді. Екі күн бойғы тынымсыз соғысқа жау шыдас бере алмады. Адамдары да, аттары да әлсіреп, өлгені өліп, тірі қалғандары шегінуге мәжбүр болыпты. «Қашқан жауға қатын ер». Сол шайқаста қан аңсап келген жаудың басы қазақ даласында көмусіз қалып, қарға-құзғынға жем болыпты  деседі.

...Тіпті бір Әжеміз (Тұмар ханшайым) «осы жерге қан аңсап келдің ғой, іш енді керегіңше деп,  сондай бір жау патшасының басын ішіне қан толтырылған торсыққа салып, қақпаға іліп қойған» деседі.

Содан бері осы қағиданы бүкіл қазақ баласы қолданатын болыпты деседі. Содан бері қазақ даласына қанша рет жау келсе, соншама рет осы дала да өліктері көмусіз қалыпты деседі. Аталар Атамекен-туған жер мен ұрпақты қалай қорғаудың үлгісін көрсетіпті деседі.  Аталар әкелер мен балалар үшін, әкелер балалар үшін жанын қиятын болыпты деседі. Әкелер Алладан өздерін балаларының алдында алуын сұрайтын болыпты деседі. Міне осы қағидалар сан рет қайталана келе, бұл қағида қазақ баласының Ата салтына айналыпты деседі.

Мен Атадан жеткен Аманатты кешігіңкіреп болса да орындадым. Қалғаны бүгінгі және келер ұрпақ Сіздерге Аманат.

Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім

Маңғыстау

Abai.kz

 

9 пікір

Үздік материалдар

Анық-қанығы

Жақиянов: Маған ашық жала жабуға кірісті...

Ғалымжан Жақиянов 3168
Адасқандар

Мобилизация: Келімсектердің сенері - «дядя Вова!»

Жайберген Болатов 2252
Айқай

Елде ұлттық идеология өте әлсіз...

Бейсенғазы Ұлықбек 1928