Сейсенбі, 13 Мамыр 2025
3284 0 пікір 17 Қаңтар, 2018 сағат 09:17

Тәжікстанда халық табысы соңғы бір жылда 10 пайызға артқан

Тәжікстан халқының табысы соңғы бір жылда 10 пайызға өскен. Осылай деп әлеуметтік сақтандыру және зейнетақы жөніндегі агенттік директоры Сафарали Наджмиддинов мәлімдеді.

Оның сөздерінше, 2017 жылы жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) алдыңғы екі жылмен салыстырғанда, 12 пайызға артқан.

Алайда Наджмиддинов жоғары көрсеткіштің қалай есептелгенін түсіндірмеді. Оның сөздерінше, экономика өсімі 7 пайыз, ал жалпы ішкі өнім – 60 млрд сомони болған.

Сарапшылар халықтың табысы шетелдегі еңбек мигранттарының ақша аударымы есебінен өскен дейді. Ресми статистикаға қарағанда, 2017 жылдың соңғы 10 айында Тәжікстанға аударылған ақша көлемі 18 пайызға көбейген.

Бірақ халықаралық ұйымдар тәжік тұрғындарының кірісі күрт азайғанын айтады. Атап айтқанда, Дүниежүзілік банк Тәжікстан халқының 13 пайызы кедейшілікте өмір сүріп жатыр деп дабыл қағады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2235
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 3891