Душанбеде 18 жастағы бойжеткенді өзіне қол жұмсамақ жерінен құтқарып қалды
Душанбеде 18 жастағы бойжеткен Душанбинка өзеніне секіріп, бұл өмірмен қоштаспақшы болған. Бірақ куәгерлер оны құтқарып қалған.
Душанбенің Фирдауси ауданындағы милиция бөлімшесі қызметкері оқиғаның 16 қаңтарда күндіз болғанын айтады.
Оның айтуынша, М.Н. деген Душанбе тұрғыны көпірден өзенге секірмекші болған. Бірақ өтіп бара жатқан куәгерлер бойжеткенді құтқарып қалған. Оның не себептен мұндай әрекетке барғаны белгісіз, тергеу жүріп жатыр. Қазір қыз ауруханада жатыр екен.
2016 жылы Тәжікстанда суицидке қатысты 327 оқиға тіркелген. Былтыр ақпан айында аталған өзенге секірген 18 жастағы Шабнами Сухробты тұрғындар құтқарып алған. Оның суицидке не үшін барғаны сол күйі ашық айтылмады.
Abai.kz