Трамп: Ресей БҰҰ санкциясынан айналып, Солтүстік Кореяға көмектесіп отыр
АҚШ президенті Дональд Трамп халықаралық санкцияларға қарамастан, Ресей Солтүстік Кореяға көмектесіп отыр, ал Пхеньян болса, АҚШ-қа дейін жететін алыс қашықтыққа ұшатын зымыран жасап шығаруға жақын қалды дейді.
"Ресей бізге Солтүстік Кореяға қарсы мүлдем көмектеспейді. Керісінше қасақылық жасап отыр", - деді Трамп Ақ үйде Reuters агенттігіне берген сұхбатында.
Қытай мен Ресей БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Солтүстік Кореяға қатысты соңғы санкцияларына келіскен болатын. АҚШ президенті биылғы жылы өзекті болып тұрған ғаламдық проблеманың бірі деп Солтүстік Кореяны атады. Ол Солтүстік Корея лидері Ким Чен Юнмен келіссөздің нәтиже әкелетініне күмән келтіреді.
"Мен онымен келіссөз үстеліне отырамын. Бірақ бұл пробелманы шешеді дегенге күмән келтіремін. Бірақ Пхеньянмен қарсыластықты бейбіт жолмен шешуге үміттенемін. Бұл мүмкін, бірақ мұның мүмкін емес екені де мүмкін", - деді АҚШ президенті.
Abai.kz