Журналистер одағының төрағасы Матаев Сахаров жүлдесімен марапатталды
Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев құқық қорғаушы Андрей Сахаров атындағы "Ерлігі үшін" сыйлығымен марапатталды. Бұл жөнінде сыйлықты тағайындаушыларға сілтеме жасап, жергілікті БАҚ хабарлады. Матаевтың өзі орден алу үшін құжат тапсырмаған. Бұл ұйымдастыру комитетінің бастамасы болған.
Андрей Сахаров атындағы сыйлық негізінен ақиқат үшін күрескен журналистерге, құқық қорғаушыларға беріледі. Бұл жолы қазылар алқасының құрамында Нобель сыйлығының лауреаты Светлана Алексиевич болған. Осыған дейін аталған жүлде Анна Политковскаяға, Радио Свобода мен "Новая газетаға" берілген.
Сейітқазы Матаев 2016 жылы мемлекет қаржысын заңсыз пайдаланды деген айыппен алты жылға бас бостандығынан айырылған. Ол 2017 жылдың аяғында мерзімінен бұрын шартты түрде бостандыққа шықты.
Abai.kz